Қарағанды облысында «Саяқ-3» шахтасында екі қызметкер көз жұмды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulys.
«Саяқ-3» шахтасында болған оқиғаға байланысты абайсызда адам өлiмi бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», — делінген Қарағанды облысы ПД хабарламасында
Сонымен қатар оқиғаның мән-жайын зерттейтін комиссия құрылды.