Валюта бағамы
  • USD -

    538.9
  • EUR -

    628
  • RUB -

    6.77
Қарағанды облысында  332 есірткі қылмысы ашылды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі 12 қараша 2024
Қарағанды облысында 332 есірткі қылмысы ашылды

Қарағанды облысында жыл басынан бері 332 есірткі қылмысы анықталып, 445 кг есірткі тәркіленді. Екі жерасты фотолабораториясы жойылды. Есірткі бизнесімен айналысқандардың қызметі тоқтатылды: жылдық қаржы көлемі 2,5 млрд теңгеден асқан 16 күдікті ұсталды.

Аймақ аралық штабтың отырысында есірткіге қарсы саясат қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Кеңесте мемлекеттік органдардың өкілдері облысты есірткіден таза аймаққа айналдыру үшін тағы қандай шаралар қабылдау керектігі талқыланды.

Полицейлер наркограффити-мен күрес жүргізуде.

– Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Балқаш қалаларында еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен «СТОП-граффити» ұранымен ауқымды акциялар өткізілді. 2024 жылдың 16 қазанына дейін 410 рейд жүргізіліп, 11 902 наркограффити бояп тастады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Заманауи технологиялар дәуірінде қылмыскерлер есірткіні тарату үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді көбірек пайдаланады. Облыстық полиция департамент өкілдері есірткіні жарнамалайтын 177 сайт пен парақшаны бұғаттады.

Отырыста есірткіден емдеу мен оның алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жақын арада облыстық психикалық денсаулық орталығында газды хроматограф жұмыс істей бастайды. 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова бұл құралдың көмегімен адамның ағзасында 100-ден астам есірткі түрін анықтауға болатынын айтады.

Аймақ басшысы есірткіге қарсы профилактика жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде қолжетімді формада жүргізілуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екендігін ескертті.

– Полиция қызметкерлері қала және аудан әкімдерімен бірге үнемі аулаларды аралап, есірткіні жарнамалайтын орындарды алдын ала анықтауы қажет. Денсаулық сақтау басқармасы мектеп оқушылары мен студенттер арасында үнемі скрининг ұйымдастыруы тиіс. Облыстық диспансер жанынан анонимді кеңес беретін консультациялық орталық ашу қажет. Аймақта есірткіге қарсы күрестің негізгі мақсаты – қоғамды есірткіге тәуелділікпен күресуге шақыратын қоғамдық қозғалыс құру керек. Қарағанды облысы есірткіден таза аймаққа айналуы тиіс, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

RELATED NEWS
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
26 наурыз 2025
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
 

Былтыр жазда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде туысқан ағасы зорлап, артынан жүкті болған қыз босанған еді. Бүгін Павлодар облысында осы іске қатысты сот өтті, деп хабарлайды Ulys.

Күдікті болған 17 жастағы бала кәмелет жасына толмағандықтан, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың бүгінгі шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жазда оқушы қыздың босанғаны белгілі болған соң Павлодао облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасар қыздың ауылына барған. Қыз бала отбасымен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында өмір сүріп жатыр. Атажұртқа көшіп келген қандастарды Қазақстанға ерте көшіп келген туыстары осы ауылға қоныстандырған көрінеді.

Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген
04 наурыз 2025
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген

Ақмола облысының Щучинск қаласында асырап алынған баланың өліміне байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulys.

HALYQSTAN хабарлауынша, бес жылға жуық уақыт бойы жан түршігерлік қылмыстың іздері жасырулы болып келген. Бұл атышулы іс бойынша бала асырап алған анасы мен әжесі сот алдында жауап берді.

Бес жасар баланың денесі үйдің бақшасына жерленген, ал бұл сұмдық оқиға тек өткен көктемде ғана анықталды. Қылмыстың беті күтпеген қателіктің арқасында ашылған.

Асырап алған анасы басқа баласын денесі  көгеріп жүргендіктен ауруханаға алып келген, алайда құжаттарды шатастырып алған. Кейінірек оның төрт жыл бойы қайтыс болған балаға тиесілі туу туралы куәлікті қолданып жүргені анықталды.

Басты күдікті 65 жастағы әжесі бірден қамауға алынса, 29 жастағы асырап алған анасы да уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Сот жабық есік жағдайында өтіп, үкім шықты. Баланың әжесі – 21 жылға, өгей анасы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
20 тамыз 2025
Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
 

Астана халықаралық әуежайында Камрань – Астана рейсімен келген 30 жастағы елорда тұрғыны мас күйінде ұшақта жанжал шығарғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulys.

Мәліметке сүйенсек, ер адам рейс кезінде айғайлап, бейәдеп сөздер айтқан және экипаждың заңды талаптарына бағынбаған. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция қызметкерлері оны ұшақтан түсіріп, әкімшілік хаттама толтырды.

Сот қаулысымен тәртіп бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар ол қоғамдық орында мас күйде жүру, спирттік ішімдік ішу және әуе кемесіндегі тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда, әсіресе әуе рейстерінде тәртіп сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.