Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада 09:37-де Естай көшесіндегі үй ауласында адамға ағаш құлады деген деген хабарлама келіп түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті.
– 67 жастағы зардап шеккен әйел өмірімен сәйкес келмейтін жарақаттардан мерт болды: екі жіліншіктің, кеуде қуысының, жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның жабық сынуы, ішкі органдардың жарақаттары, 3-4 дәрежелі травматикалық шок,– деді станцияда.
Еске сала кетейік, синоптиктер бейсенбі күні желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28, кейде 30 және одан да көп жетеді деп болжаған. Қатты желден Павлодар қаласының мектептерінде 1-ауысымдағы мектепалды, 1-11-сынып оқушыларының, колледждерде 1-2 курс студенттердің сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.