Валюта бағамы
  • USD -

    541.1
  • EUR -

    627
  • RUB -

    6.65
Павлодар облысында бір отбасы улы газдан уланды
Фото: depositphotos.com 03 қазан 2024
Павлодар облысында бір отбасы улы газдан уланды

Павлодар облысында пешпен жылыту жүйесінің дұрыс істемеуінен ерлі-зайыптыларға иіс тиіп, 34 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, Павлодар ауданы Черноярка ауылында пешпен жылытылатын жер үйде бір отбасы улы газдан уланып қалды. 34 жастағы әйел сол жерде көз жұмған. Ал күйеуі, 1984 жылғы ер адам ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды.

«Ерлі-зайыптылар көмір жағылатын пештің дұрыс істейтініне көз жеткізбеген сыңайлы. 1990 жылғы туған марқұм әйел екінші топ мүгедегі болған. Оларды иіс тиіп жатқан жерінен туыстары тауып алған», - делінген хабарламада.

RELATED NEWS
Кореяда жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы мерт болды
27 наурыз 2025
Кореяда жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы мерт болды

Оңтүстік Кореяның Сохэан автомагистралінде Қазақстанның 4 азаматы мінген көлік жардан құлап, салонда болған барлығы мерт болды. Бұл жайында Korea JoongAng Daily басылымы хабарлайды.

Оңтүстіккорейлік басылымның жазуынша, 4 адам отырған Mercedes-Benz көлігі жергілікті уақыт бойынша шамамен 00:30-да Кенгидо өлкесінің Хвасон қаласында жолдың оң жақ бетіндегі қоршауға соғылған. Содан кейін көлік бірнеше метр төмен құлап, өртенген.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алысымен өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл аттанған. Олар апаттан кейінгі 30 минуттың ішінде өртті сөндірген. Қираған көліктен 4 адамның мәйіті табылған.

Мерт болғандардың аты-жөні әзірге белгісіз. Полиция апаттың нақты неден болғанын анықтап жатыр.

 

Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген
30 шілде 2025
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген

 

 

Павлодар қаласында адам шошырлық оқиға болды. Екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен әйел адам медициналық есепте тұратыны анықталды, деп хабарлайды Ulys.

Полиция әйел мен екі жас баланы жарақаттаған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне пікір білдірді.

«30 шілдеде Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесіндегі үйдің 4 және 5-қабаттары арасында орналасқан кіреберіс терезесінен екі жас бала мен әйел құлағаны анықталды. Зардап шеккендер кіреберіс есіктің үстіне құлаған, барлығы ауруханаға жеткізілді.

Кісі өлтіру мен суицидке оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұрады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді», – делінген департамент хабарламасында.

Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
28 мамыр 2025
Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
 
Астанада жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам сотталып кетті, деп хабарлайды Ulys.

2025 жылғы 29 қаңтарда Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалып, ол жабық бас-ми жарақатын алған. Оқиға шақыртуға келген жедел жәрдем бригадасы мен науқастың туыстарының бірі арасында болған.

Фельдшер сотқа арыз жазып, денсаулығына келтірілген залал үшін материалдық өтемақы талап етті. Прокурор шабуыл жасаған ер адамға 1 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Ал жәбірленуші бұл жазаны 3 жылға дейін ұзартуды өтінді.

Айыпталушы кінәсін толық мойындады, әрекетіне өкініш білдірді, сондай-ақ оның кішкентай баласы барекені ескерілді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл қылмысты орта дәрежелі денсаулыққа қасақана зиян келтіру ретінде бағалап, мынадай шешім шығарды:

  • 1 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру (шартты жаза),
  • материалдық өтемақыны жәбірленушіге өтеу міндеттелді.
Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.