Валюта бағамы
  • USD -

    515.3
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.31
Париж Олимпиадасының чемпиондары Алматыға келді
Фото: Zakon 05 тамыз 2024
Париж Олимпиадасының чемпиондары Алматыға келді

Бүгін мыңдаған жанкүйер Париж Олимпиадасының чемпионы Елдо Сметов пен Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевты Алматы қаласының әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Ulys.

 

Әуежайдың ішінде ине шаншар орын болған жоқ. Дзюдошыларды қарсы алуға олардың ата-аналары, отбасы, осындағы әріптестері мен спорт сүйер қауым жиналған. 

Айта кетейік, Сметов 60 келі салмақта жеңімпаз атанды. Финалда ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, франциялық Лука Мхеидзені жеңді. Елдос белдесу соңына қарай маңызды ұпай жинап, сол басымдықты сақтап қалды. Нәтижесінде, ол дзюдодан Қазақстан тарихында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы ретінде тарихқа енді.  Айта кетелік, Елдос өз мансабында үшінші рет Олимпиада жүлдесін алып отыр. 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс алған ол Токиода қола жүлдегер атанған еді. 

.

RELATED NEWS
Париж Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті
08 тамыз 2024
Париж Олимпиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді, деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер арасында 80 келі салмақта финалда жұдырықтасқан Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында үздіктер қатарына еніп отыр. 

 

Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдегері болды
07 тамыз 2024
Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдегері болды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай ел қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды Olympic.kz.

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді. 

Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр. 

Демеу Жадыраев Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
07 тамыз 2024
Демеу Жадыраев Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді.

Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды. 

Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.

Демеу Жадыраевты алтынға пара-пар күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.