Нысана көздеуден Париж Олимпиадасында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында қазақстандыық спортшылар Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Ulys Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.