Валюта бағамы
  • USD -

    477.7
  • EUR -

    521
  • RUB -

    5.41
Өзбекстанда күн 47 градусқа дейін ысиды
15 тамыз 2022
Өзбекстанда күн 47 градусқа дейін ысиды

Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызмет орталығы ауа температурасының 47 градусқа дейін көтерілетіні туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды ӨзА.

Ведомствоның мәліметінше, 17-22 шілде аралығында Өзбекстан аумағына Түрікменстан арқылы Иран аймақтарынан ыстық ауа әсер етеді.

«Осыған байланысты күндізгі ауа температурасы:

- Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхар, Навои, Қашқадария, Сурхандария облыстарында 44-47 градусқа дейін;

- Ташкент, Самарқан, Жизақ, Сырдария облыстарында 42-45 градусқа дейін;

- Ферғана алқабының облыстары бойынша 41-43 градусқа дейін көтеріледі», - деп хабарлады Өзгидромет.

Ведомствоның хабарлауынша, республика бойынша кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда екпіні 22-25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

RELATED NEWS
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА БАС ҚОСАДЫ
19 қараша 2019
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА БАС ҚОСАДЫ

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуі 29-қараша күні Ташкентте өтеді. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов айтты. 

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері қатысқан. Олар Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне дайындық барысын талқылады. Министрлер Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары консультативтік кездесуінің күн тәртібін, бірлескен мәлімдемесі мен регламентінің жобаларын нақты қарады. Сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Орталық Азия бағытындағы маңызды ортақ жетістігі ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2018 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ОА мемлекеттері басшыларының Жұмыс (консультативтік) кездесуі болды. Бұл – көп жылдар ішіндегі мұндай форматтағы алғашқы кездесу болып, оның барысында өңір елдерінің көшбасшылары бесжақты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын анықтап, болашаққа жоспарлар белгіледі.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия елдерімен жан-жақты кооперациялық байланыстарды дамыту және өңірдің маңыздылығын нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. 

Кездесу қатысушылары өзбек тарапына іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны және Өзбекстанның аймақтық интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдірді.

 

 

Суреттер mfa.gov.kz сайтынан алынды. 

 

Өзбекстан президентінің Орталық Азия бойынша арнайы өкілі болады
09 қаңтар 2019
Өзбекстан президентінің Орталық Азия бойынша арнайы өкілі болады

Мұндай мәселе Өзбекстанның «белсенді инвестиция және әлеуметтік даму жылы» мемелекеттік бағдарламасында көрініс тапқан.

kun.kz сайтының мәліметінше, бұның сыртында бағдарламаға сәйкес, 20-шілдеге дейін Орталық Азия елдерімен байланысты күшейтетін құқықтық-нормативтік құжат әзірленбек. Сонымен қатар, Өзбек елі биыл алғаш рет Ауғанстан бойынша экономикалық ынтымақтастық (RECCA, Regional Economic Cooperation Conference on Afghanistan) бойынша өңірлік конференци өткізеді. Аталған жиын (RECCA VII) соңғы рет 2017 жылдың қараша айында Түрікменстанның астанасы Ашғабадта өткен болатын.

 

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

АҚТАУДА ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ
30 тамыз 2019
АҚТАУДА ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Ақтау қаласында бауырлас Өзбекстанның Бас консулдығы ашылды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі  Серікбай Тұрымов пен Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл Маңғыстау жерінде ашылып отырған бесінші консулдық. Бұған дейін Түркия, Иран, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінің консулдығы ашылған еді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.