Валюта бағамы
  • USD -

    543.1
  • EUR -

    641.5
  • RUB -

    6.53
ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН ҰЗАРТУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
28 мамыр 2019
ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН ҰЗАРТУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Отандастар қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «оралман» мәртебесін ұзартудың жеңілдетілген тәртібі бойынша өткен куәліктер бойынша игі шараға барып отыр. Отандастар қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдың 16 наурызында тарихи отанына келген, бірақ азаматтық алуға үлгермеген «оралман» мәртебесін ұзарту акциясы басталды.

Оралмандарға қазақстандық азаматтықты оңайлатылған тәртіппен алу құқығы берілген. Оралман мәртебесі оны алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін тоқтатылады. Бұл ретте этникалық қазақтарға азаматтық алуды үлгермеген акция шеңберінде "оралман" мәртебесі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Демек, акция уақыты шектеулі, мүмкіндікті тиімді пайдалануға үлгеру керек.

 

Мәртебе мерзімі өтіп кеткен оралмандар өз облысының немесе Республикалық маңызы бар қаланың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына оны ұзарту және қазақстандық азаматтығын алу үшін ішкі істер органдарына құжаттарды оңайлатылған тәртіппен беру үшін жүгіне алады.

Сапалы қызмет көрсету мақсатында Сізден өтініштің көшірмесін кейіннен бақылау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы филиалдарына жіберуіңіз сұралады.

 

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша байланыс орталығынан алуға болады:

  • 1404 (Барлық қазақстандық мобильді операторларға қоңырау шалу тегін жүзеге асырылады)
  • 8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін жүзеге асырылады)
  • +7 7172 98 14 04 (қоңыраулар қалалық нөмірлерден Қазақстан бойынша тегін жүзеге асырылады, шетелден шетелдік байланыс операторының тарифі бойынша)
  • +7 701 000 14 04 (WhatsApp пен Telegram хабарламалары үшін)
  • E-mail: [email protected]
  • Skype: [email protected]

 

Сондай-ақ аймақтардағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының филиалдарына хабарласу арқылы жүзеге асырылады. Басшылардың байланыс деректері бар филиалдардың тізімі хабарламада қоса беріледі.

 

 

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ОБЛЫСТАРДАҒЫ ФИЛИАЛ БАСШЫЛАРЫ

Аты-жөні

Облыс

Байланыстары

1.

 

ХОЖАМҰРАТ

Қарлығаш Бекпатшақызы

 

Астана қаласы аймақтық филиалының басшысы

Астана қаласы,

Д.Қонаев көшесі, 12/1, 711, [email protected]

тел.: 8 701 752 11 83

2.

МАҚҰЛБЕКОВА

Айбөпе

Алматы облыстық филиалдың

басшысы

 

Алматы қаласы,

Ш.Уәлиханов көшесі, 43А,

[email protected]

тел.: 8 701 710 07 11

жұм.тел.:8 (7272) 73 99 97

3.

ИМАНОВ

Базарбай Нұрғалиұлы

 

Ақтөбе  облыстық филиалының басшысы

Ақтөбе қаласы, Карғалы ауылы, Қарғалы көшесі, 14/3,

[email protected]

тел.: 8 701 292 37 25

4.

ТӨЛЕБАЕВ

Арқабек

Жамбыл облыстық филиалының басшысы

Тараз қаласы,

Пірімқұлов көшесі, 1Г,

[email protected]

тел.: 8 702 846 17 35

жұм.тел.:8 (7262) 45 53 33

5.

ЖАРИМБЕТОВА

Назира

Қостанай облыстық филиалының басшысы

Қостанай қаласы, Арстанбеков көшесі, 3/10, 28, [email protected]

тел.: 8 701 150 94 43

жұм.тел.: 8 (7142) 21 01 42

6.

ЗАУТ

Болат

 

 

Павлодар облыстық филиалының басшысы

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32,[email protected]

тел.: 8 702 602 88 88

жұм.тел.:8 (7182) 32 77 53

7.

ӘБІШЕВ

Дулат Назарбекұлы

 

Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық филиалының басшысы

Шымкент қаласы, [email protected]

тел.: 8 701 718 07 07

жұм.тел.: 8 (7252) 21 36 11

8.

СУЮНДИКОВ

Арман Масугутович

 

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы

Петропавл қаласы,

Қазақстан Конституциясы көшесі, 27,[email protected]

тел.: 8 701 2061588

жұм.тел.: 8 (7152) 51 25 40

9.

ӘЛІМГЕРЕЙҰЛЫ Өтепберген

Атырау облыстық филиалының басшысы

Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29А,

[email protected]

тел.: 8 701 577 82 06

10.

БАТЫРХАНОВ

Айдар Тапашұлы

 

Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы

Орал қаласы, Достық даңғылы, 184/1,[email protected]

тел.: 8 701 346 61 97,

         8 777 649 11 90

жұм.тел.: 8 (7112) 51 52 38

11.

МЕРУЕШ

Бошайқызы

Қарағанды облыстық филиалының басшысы

Қарағанды қаласы,

С.Мұканов 3

Тел: 8 702 585 86 67

12.

САХИМОВ

Әли Өтепұлы

Манғыстау облысы филиалының басшысы

Ақтау қаласы,

3Б микрорайон, 48

Тел: 8 701 721 14 41

[email protected]

13.

ӘСКЕРХАН

Хуантай

Шығыс Қазақстан облысы филилының басшысы

ШҚО Өскемен қаласы,

Сатпаев 90

Тел: 8 701 183 00 84

[email protected]

 

 

RELATED NEWS
ЕЛОРДАДА 20 ЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ БАС ҚОСАДЫ
26 қараша 2019
ЕЛОРДАДА 20 ЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ БАС ҚОСАДЫ

28-қараша күні «Отандастар қоры» және «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» шет елдердегі қазақ диаспорасының тарихи Отанымен мәдени-гуманитарлық және іскерлік ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жағдай жасау мақсатындағы мемлекеттік тапсырма аясында отандастардың қатысуымен «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты Халықаралық дөнгелек үстел өткізеді.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Б. Сапарбаев мен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев қатысады. Ең басысы — халықаралық шараға 20 елдегі қазақ диаспораларынан 150 делегат келеді. «Отандастар Қоры» КЕАҚ Президенті Н. Әбіқаев Қордың іске қосқан және жүзеге асырған жобалары,  олардың нәтижелері, отандастармен жұмыстың 2020 жылға арналған жоспары жайлы сөз сөйлейді. Сонымен қатар, шет елдердегі қазақ қауымдастықтарының жетекшілері де өз ұйымдары жайлы айтады. Шара аясында дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен Қор өкілдері қызметтерінің негізгі бағыттары, оның ішінде шет елдердегі қандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланысты кеңейту әрі нығайтуды көздеген «Отандастар» қорының негізгі жобаларының бірі «Қазақ үйі» Қазақ мәдени-іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтарының  әлем бойынша желісін құру жоспары талқыланады. Бірлескен жұмыстың нақты ұсыныстары әзірленеді. Қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен өңірлерде бизнесті дамыту үшін жасалған жағдайлар жайында ақпарат беріледі.  «Атамекен» іскерлік үйінің панельдік сессиясында Іскерлік үйінің мақсаты мен міндеті, отандастарды консультациялық қолдау орталығының жұмысы жайлы айтылады. Шет елдерде өткізілген бизнес форумдар қорытындыланады. Түркия, Швеция, Еуропа елдерінен келген қандас кәсіпкерлер сөз сөйлейді. «ҚазАгро», «Бәйтерек» холдингтері мен «ҚазақИнвест» ҰАҚ өз тараптарынан қандас кәсіпкерлерді қолдау мүмкіндіктерімен бөліседі. Шет елдердегі қазақтілді БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін панельдік сессияда шет елдердегі қазақтілді БАҚ пен журналистердің өзара ынтымақтастық мәселесі талқыланады. «Абай» мәдени орталығының панельдік сессиясында мәдени орталықтың  мақсаты мен міндеті, шет елдерде қазақ мәдениеті мен өнерін дамыту, білім беру жобаларын іске асыру, елімізде туристік кластерді дамыту және еліміздің туристік тартымдылығын арттыру, барлық елде қазақ әдебиеті орталығының желісін құру мәселелері талқыланады. «Отандастар» Қорының жобасы – «Әлемдегі танымал қазақтар туралы» кітабы мен «Мұзбалақ» анимациалық фильмі таныстырылады. «Жас Қазақ» жастар клубының панельдік сессиясында шет елдердегі қазақ жастарын тарихи Отанын айналасына шоғырландыру және оларға жан-жақты қолдау көрсету,  диаспоралық және жастар саясаты саласындағы өзара әрекеттестік және серіктестік аясын кеңейту, жас белсенділерді таныстыру, достығын нығайту,  олардың бойында тарихи Отанына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының барлық жастар ұйымдарының іс-шараларына диаспора өкілдерін қатыстыру, өзара біріккен жұмыс жоспарын құрып, бірлесе жұмыс істеу мәселесі талқыланады. «Қазақ елі» жастар клубы жұмысының жоспары бекітіледі. 

 

«АТАМЕКЕН» ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ТҰРАТЫН ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
24 қараша 2019
«АТАМЕКЕН» ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ТҰРАТЫН ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Атамекен» ҰКП және «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қордың баспасөз қызметінің хабаралуынша, келісімге «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаев пен палатаның Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов қол қойды.

Атап өтейік, «Отандастар» қоры - шет елдерде тұратын этникалық қазақтар мен отандастарды қолдау жұмысы бойынша мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен нақты бағыттарды айқындап, серіктестік танытып қызмет етіп келе жатқан ұйым.

Меморандум «Атамекен» ҰКП мен Қордың көптеген бағытта тығыз байланыста жұмыс атқаруы үшін құқықтық негіз бекітті. Мәселен, құрылымында call-орталық пен өңірлік қоғамдық қабылдауы бар ұйымның отандастарды ақпараттық қолдау орталығына «Атамекенде» жинақталған кәсіпкерлік туралы білім банкін пайдалану, бизнесті құру және дамыту, палата жүзеге асыратын бағдарламалар бойынша оқу, инвесторлар мен стартаптарды іздеу мүмкіндігі туды.

Сонымен қатар ынтымақтастық аясында «Менің Атамекенім» және бизнес саласындағы шетелдік қазақтардың ұйымдарын әлем бойынша бір желіге біріктіретін «Атамекен» Іскерлік үйі» жобасын іске асыру мәселелері де қамтылды. Этникалық қазақтардың тарихи отанына жаппай көшуін ынталандыруды қарастыратын «Темір қазық» бағдарламасына дербес басымдық берілді.

«Отандастар» қоры мен «Атамекен» ҰКП бірлескен жұмысының алдағы бағыттары «ОТАНДАСТАР. БОЛАШАҚҚА БАҒДАР» халықаралық дөңгелек үстел аясында өтетін «Атамекен» Іскерлік үйінің» панельдік сессиясында кезінде нақтыланады.  Аталған шара биыл 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, жиынға 20 елдегі қазақ диаспорасынан 150 делегат қатысады.

РЕСЕЙДІҢ ЕКІ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТАТЫН КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ
19 қараша 2019
РЕСЕЙДІҢ ЕКІ АУДАНЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТАТЫН КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

«Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ағарту көкжиегін кеңейтуде. Атап айтқана, Ресей Федерациясы Астрахань облысына қарасты екі ауданда қазақ тілін оқытатын кабинеттер ашты.

 

«Отандастар» қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Никита Ысқақов атындағы Семибугорен орта мектебі» муниципалды қазыналық жалпы білім беру мекемесі қазақ тіліне арнап жеке кабинет бөлді. Ол кабинетте қазақтың ұлттық мәдениеті, өнері, әдебиеті, тұрмыстық бұйымдарымен танысуға болады. Қор өкілі Сәби Түйтебеков аталған кабинетке Қазақстаннан арнайы әкелінген сыйлық-Қастерлі қалам кітабын сыйлады. Кабинет Отандастар Қорынан телевизор, бейнекамера, ноутбуктар тәрізді құнды сыйлықтар жеткізілгеннен кейін ашылады. Мектеп директоры Римма Ибрагимова Қазақстаннан арнайы келген қонақты ыстық ықыласпен қарсы алып, қандастарға қамқорлығы үшін Қор мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына алғыс айтты.

Екінші кабинет Володар ауданы Калинин ауылында ашылады. Академик Ережеп Мәмбетқазиев атындағы Калинин орта мектебінің директоры Арман Нұрлиевтың айтуынша, қазақ тілі кабинеті Қор сыйлаған ең заманауи жабдықтармен жабдықталады.

Ресми дерек бойынша, Астрахань облысында өмір сүретін 160 мың этникалық қазақтың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Мәселен, Калинин ауылы тұрғындарының 99,9 пайызы қазақ. Олар ұлттық салт-дәстүрді сақтау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануда. Қордың аталған ауыл мектебінде қазақ тілі кабинетін ашуы шет елдегі қандастарымызды тарихи Отанымен бұрынғыдан да жақындастыратынына сенім мол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.