Валюта бағамы
  • USD -

    479.5
  • EUR -

    525
  • RUB -

    5.45
Оралда мал соятын базарда газ баллоны жарылып, 10 адам зардап шекті
ҚР ТЖМ 16 маусым 2024
Оралда мал соятын базарда газ баллоны жарылып, 10 адам зардап шекті

Орал қаласында мал союға арналған орында газ баллоны жарылды. Оқиға жергілікті базарлардың бірінде болды. Бұл туралы Ulys ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нақтыланған ақпарат бойынша, газ баллонының жарылуы салдарынан 10 адам, оның ішінде екі жасөспірім зардап шекті. Дәрігерлердің қарауынан кейін екі азамат үйлеріне жіберілді. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

«Газ баллондарының дұрыс жұмыс істемеуі жазатайым оқиғалардың себебі болып саналады. Сақ болыңыздар!» - делінген хабарламада.

RELATED NEWS
Қазақстанның бір бөлігінде қар жауып, жол жабылды
25 мамыр 2024
Қазақстанның бір бөлігінде қар жауып, жол жабылды

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, кей жерінде қар жауды, деп хабарлайды Ulys ТЖМ сілтеме жасап.

«Таңертеңнен бастап ауа райының нашарлауына, яғни қардың жаууына, температураның -3 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Республикалық маңызы бар жол учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабабылды. «Екатеринбург - Алматы» 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы)», - делінген хабарламада.

Бұған қоса Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыстар уақытша жабылды. 
Автожолдардың жабылуы Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы учаскелерде белгіленді:

«Екатеринбург-Алматы» 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы)
«Егіндікөл-Жолан» 0-61,3 км
«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 43-119 км, 2
«Жалтыр-Макинск» 0-38 км,
«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 0-43 км,
«Новочеркасское-Егіндікөл» -Қайнар 0-52 км.

Ақтауда инкассатор өзін атып тастады
02 шілде 2024
Ақтауда инкассатор өзін атып тастады

Ақтаудағы  бірінің ғимаратында инкассатор өзін атып тастады, деп хабарлайды Ulys lada.kz сілтеме жасап.

Аталған сайт WhatsApp қолданушылары оқиғаның 14-шағынауданда болғанын айтып хабарлама жолдап жатқанын жазады. Инкассатор 10 миллион теңгені ұрлап кетіп, артынан ғимараттың жертөлесіне жасырынған. Кейін қызметтік қарудан басына оқ атқан.

ШҚО-да әйелге найзағай түсіп көз жұмды
03 шілде 2024
ШҚО-да әйелге найзағай түсіп көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында найзағай әйелді өлтірді, деп хабарлайды Ulys.

YK.kz хабарлауынша, әйел бақташы болып жұмыс істеген. Оның қасында болған екі жылқы да тіл тартпай кеткен. 

Қайғылы оқиға Глубокое ауданы Черемшанка ауылынан 5 шақырым жерде болған.

Әзірге мемлекеттік органдардан ресми түсініктеме жоқ.

Айта кетерлігі, ШҚО бойынша 2 шілдеде найзағайға байланысты дауылды ескерту жарияланған. Құтқарушылар үйде қалуды ескерткен.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.