Валюта бағамы
  • USD -

    519.7
  • EUR -

    542
  • RUB -

    5.31
Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды
gov.kz 02 шілде 2024
Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары Экономика және құқық академиясында Қаржы және несие факультетінде оқыды. 2012-2015 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Бұған дейін ол ҚР Президенті Телерадиокешенінің креативті директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысты.

2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.

RELATED NEWS
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды
09 қазан 2024
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

 Ұлытау облысын Берік Әбдіғалиұлы басқарған еді. Ол бүгін Президент жарлығымен қызметінен босатылды. 

Дастан Рыспеков 1984 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматының Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды. Содан кейін МСМ Туризм индустриясы комитетін басқарды.

Ал 2023 жылғы тамыздан күні бүгінге дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болды.

Қазақстанның Палестинадағы елшісі тағайындалды
05 қаңтар 2025
Қазақстанның Палестинадағы елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар елдегі Қазақстанның елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Түркістанның әкімі Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды
06 қаңтар 2025
Түркістанның әкімі Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны Түркістан облысының әкімі қызметінен босатып, жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Түркістан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1996 жылы Түркістан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.

2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.

2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған.

2022 жылдан бері Түркістан облысының әкімі болды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.