Валюта бағамы
  • USD -

    532.5
  • EUR -

    549.5
  • RUB -

    5.23
Netflix Қарлаг  туралы фильм түсіріп жатыр
Фото: Қарағанды обл әкімдігі 02 желтоқсан 2024
Netflix Қарлаг туралы фильм түсіріп жатыр

Қазақстан мен Испанияның бірлескен жобасы – «Бітім» (La Tregua) фильмінің түсірілімдері басталды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі мәлімдеді. 

1930–1950 жылдар аралығындағы Карлагтағы адамдардың ауыр тағдырларын суреттейтін туынды Netflix платформасына арнайы әзірленуде. 

Фильмнің режиссері – танымал «Бумажный дом» сериалы арқылы көрерменге белгілі Мигель Анхель Вивас. Ол түсірілім барысында актерлердің кәсібилігі мен шынайы эмоцияларын ерекше назарға алған. 

«Басты рөлдерді испандық актерлер Мигель Эрран («Бумажный дом» сериалындағы Рио) мен Арон Пипер («Элита» драмасындағы Андер) сомдайды. Оларға қазақстандық актерлер Дина Тасбулатова, Алтынай Нөгербек, Сергей Уфимцев және Фараби Аққозов серіктес болмақ», - делінген хабарламада. 

Фильм тарихи шындыққа негізделіп, көрерменге Карлагта өткен ауыр жылдардың бейнесін жеткізуге бағытталған. 

RELATED NEWS
Netflix Қарлаг  туралы фильм түсіріп жатыр
02 желтоқсан 2024

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.