Валюта бағамы
  • USD -

    517.1
  • EUR -

    605
  • RUB -

    6.35
Наразылықты тоқтатқысы келмеген Westoil-дың 50 қызметкері жұмыстан босатылды
29 ақпан 2024
Наразылықты тоқтатқысы келмеген Westoil-дың 50 қызметкері жұмыстан босатылды

«Westoil Software» компаниясы тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulys.

«Наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адам қызметтен босатылды.Бүгін, 29 ақпанда" Westoil Software " компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады. Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан, біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік береміз. Пайда болған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарттары бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады», - делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай аталған компания бірнеше рет мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірген болатын.

Өткен жылдың 11 желтоқсанынан бастап, Маңғыстау облысындағы West Oil Software қызметкерлерінің ереуілі жалғасуда. Кейін West Oil Software –дың наразы жұмыскерлерін жұмыссыз жүрген жетібайлықтар басуға дайын екені хабарланды.

RELATED NEWS
ЖЕТІСУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ: ЛОГИСТИКА ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҰТЫП, ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҰТЫЛЫП ТҰР?
14 желтоқсан 2025
ЖЕТІСУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ: ЛОГИСТИКА ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҰТЫП, ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҰТЫЛЫП ТҰР?

Жетісу дегенде көз алдымызға жүгірген бұлттай көшкен қара жол, тауға өрлеген теміржол, ерте тұрған кәсіпкер мен кеш қайтқан жүк көлігі елестейді. Өйткені бұл өңірдің тынысы – жолда. Жол – тек асфальт емес, экономиканың тамыры, халықтың тіршілігі, мемлекеттің жүрісі. Осы тамырдың соғысы жиілесе – өңірдің дамуы үдейді, баяуласа – тағы бір мәселенің басталғаны.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Жетісуда 3988 шақырым автомобиль жолы бар, оның 1034 шақырымы – республикалық маңызы бар күре арна. Бұл дегеніңіз – облыс картасын кесіп өтетін бірнеше күре жолдың талай мың тағдырға әсер етіп тұрғаны. Ал теміржол желісінің ұзындығы 891 шақырымнан асады, оған қоса 17 вокзал үзбей жұмыс істеп тұр. Мұндай желі бар өлкеде логистика тек қызмет саласы емес, тұрақты қозғалыстағы тіршілік.

ЖҮК КӨБЕЙДІ – ЖҮКТІ КӨТЕРЕТІН ЖҮЙЕ ҚАЛАЙ?

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Жетісу 11,8 млрд тонна-километр жүк айналымын тіркеді. Былтырғыдан 42 пайыз артық. Бұл – өңір экономикасының «ауыр салмақта» жұмыс істеп жатқанын көрсететін басты белгі. Дәл осы кезеңде жолаушы тасымалы да 5,4 пайыз өсіп, 467,9 млн пкм көрсеткішіне жетті.

Жетісу жай ғана жолы бар аймақ емес, жолы жүріп тұрған өңір. Осы жүк пен жолаушы ағыны – өңірдің қоймасы бос емесін, саудасы тоқтамайтынын, ауылдың да, қаланың да тауар айналымы жүріп тұрғанын білдіреді.

Бірақ жүк көбейген сайын жүктің салмағын көтеретін жүйе де мықты болу керек. Осы жерде сұрақ туады: жол – бар, теміржол – бар, ал логистикалық инфрақұрылым осы ағынды көтеруге жеткілікті ме?

ЛОГИСТИКАНЫҢ ЖҮРЕГІ – ҚОЙМА МА, ҚҰЖАТ ПА?

Облыста жеке сектор бей-жай қарап отырған жоқ. «Жетісу Логистикс» сияқты компаниялар автотасымалдан бастап мультимодальды бағыттарға дейін жолға қойған. «Zhetysu Warehouse Logistics» жүк сақтау, қайта тиеу, консолидация қызметін ұсынып отыр. Бұл – нарықта сұраныс бар деген сөз.

Бірақ мәселенің екінші беті бар. Жетісудағы қоймалардың басым бөлігі Алматының ықпал аймағында қалып отыр. Яғни, тауар Жетісуда жүрсе де, логистикалық құн Алматыда қалып отырған жағдайлар аз емес. Инфрақұрылым бір жақта дамып, екінші жақта баяу жүрсе – логистика толыққанды пайда әкелмейді. Бұл – өңірдің басты әлсіз тұсы.

Қағаз жағы тіпті қызық: құжаттандыру, тариф саясаты, стандарттардың әлсіздігі кейде жүктің жолын бөгейтін түнерген бұлт секілді. Жол ашық, тауар дайын, көлік күтіп тұр, бірақ бір құжаттың кешігуі – бүкіл тізбектің жылдамдығын баяулатып жібереді.

ЖЕТІСУ НЕЛІКТЕН ЛОГИСТИКАЛЫҚ ХАБ БОЛА АЛАДЫ?

Облыстың географиялық орналасуы – ұтқан жері. Жетісу – Алматыға да, Қытай бағытына да, ішкі нарыққа да жақын. Дәл осы артықшылықты тиімді пайдалану үшін үш нәрсе қажет:

1. Заманауи қоймалар салу

Қойма – логистиканың жүрегі. Жүрек әлсіз болса, қан айналымы баяулайды. Жетісу толыққанды хаб болу үшін тауарды күттірмей қабылдайтын, өңдейтін, жіберетін жаңа орталықтар керек.

2. Жолдың сапасын арттыру

Асфальт тегіс болған сайын экономиканың қадамы да нық. Шалғай ауылдарға баратын жолдар – бизнес үшін «шектеулі аймақ» емес, жаңа нарыққа апаратын көпір болуы тиіс.

3. Мультимодальдық логистиканы дамыту

Автокөлік + теміржол + қойма + терминал = тиімді тізбек. Бұл жүйе жұмыс істесе, өңір тауарларының өту уақыты қысқарады, бағасы арзандайды, бәсекеге қабілеттілігі артады.

ҚИЫНДЫҚТАР ҚАЙ ЖЕРДЕ?

– Жолдардың тозуы – жүкті баяулатады, шығынды өсіреді.
– Қоймалардың жетіспеуі – логистиканың құнын арттырады.
– Тасымал инфрақұрылымының біркелкі дамымауы – өңіраралық теңсіздікке әкеледі.
– Сыртқы хабтарға тәуелділік – өңірдің экономикалық «пайда үлесін» азайтады.

Бұл кемшіліктерді түзету – бүгінгі күннің талабы. Өйткені логистика – тек тауар қозғалысы емес, ол өңір экономикасының ырғағын ұстап тұрған күретамыр.

ЖЕТІСУДЫҢ БҮГІНІ – ЖАРТЫ ЖОЛ. ЕРТЕҢІ – ЖҮЙЕЛІ ЖОЛ БОЛМАҚ

Қарап отырсаңыз, Жетісуда потенциал көп. Біз тек жол жүрген жүк көлігін көреміз, ал сол жолдың артында тұтас экономика тұр. Өңірдің ендігі бағыты – бар мүмкіндікті нақты жоспарға айналдыру.

Жетісу дұрыс стратегия таңдаса:
– 5 жылда өңіраралық хабқа,
– 7 жылда халықаралық тізбектің басты буынына айнала алады.

Бірақ бұл – жолдың өзімен емес, жолды жөндейтін, қойма салатын, логистикасын жүйелейтін саясатпен жүзеге асады.

ҚОРЫТЫНДЫ: ЛОГИСТИКАДАҒЫ ЖЕҢІС – ЖАЙ ТЕХНИКАНЫҢ ЖЕҢІСІ ЕМЕС

Жетісудың жолы ашық болса – экономикасы да ашылады. Логистикасы түзелсе – бизнесі де түзу жүреді. Бұл өңір дәл қазір дамудың шешуші кезеңінде тұр.

Жолға қарамайтын ел болмайды. Логистикасына қарамайтын өңір дамымайды. Жетісу осы шындықтың алдында тұр:
«Қай жолды таңдаймыз?»

Жолды дұрыс таңдаса – Жетісудың жүгі де, жүруі де жеңіл болмақ.

 

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды
30 сәуір 2024
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Фото: tengrinews

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасы растады.  Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

«Биылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты басқа деректер жарияланбайды»,-делінген хабарламада.

 

Наразылықты тоқтатқысы келмеген Westoil-дың 50 қызметкері жұмыстан босатылды
29 ақпан 2024
Наразылықты тоқтатқысы келмеген Westoil-дың 50 қызметкері жұмыстан босатылды

«Westoil Software» компаниясы тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulys.

«Наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адам қызметтен босатылды.Бүгін, 29 ақпанда" Westoil Software " компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады. Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан, біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік береміз. Пайда болған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарттары бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады», - делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай аталған компания бірнеше рет мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірген болатын.

Өткен жылдың 11 желтоқсанынан бастап, Маңғыстау облысындағы West Oil Software қызметкерлерінің ереуілі жалғасуда. Кейін West Oil Software –дың наразы жұмыскерлерін жұмыссыз жүрген жетібайлықтар басуға дайын екені хабарланды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.