Валюта бағамы
  • USD -

    517.1
  • EUR -

    605
  • RUB -

    6.35
«МҰНАРА» АТТЫ ГАЗЕТ ЖАРЫҚҚА ШЫҒА БАСТАДЫ
31 қазан 2019
«МҰНАРА» АТТЫ ГАЗЕТ ЖАРЫҚҚА ШЫҒА БАСТАДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарайтын «Мұнара» атты  газеттің тұсаукесері өтті. Шараға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев пен мүфтият қызметкерлері қатысты.  

«Рас, бүгінде адамның ой-пікірін бір арнаға бұруда бұқаралық ақпарат құралының маңызы артып келеді. Өйткені, болған оқиғаға әркім әр ракурстан қарайды. Оны өз деңгейінде қорытып, сараптайды. «Мұнара» объективті ақпарат таратумен қатар, салт-дәстүр, тарих, білім, медицина, т.б. салалар бойынша ғалымдардың ізденістерін, зерттеу мақалаларын тұрақты түрде жариялайды. Өйткені, Ислам құлшылық пен тіршілікті үйлестіре отырып өмір сүруге үндейді. Біз иман ұғымын «ұят болады, обал болады, сауап болады» деген бірауыз сөзге сыйдыра білген халықпыз. Ислам құндылықтарын қазақы таным-түсінік аясында насихаттау, бірлік пен ізгілікті ту ететін, елдің ертеңіне елеңдейтін ер-азаматтардың патриоттық сезімін ояту – «Мұнараның» басты мұраты», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

«Мұнара» – ҚМДБ-ның ресми рухани-танымдық газеті. Меншік иесі – «Мүфтият баспасы» ЖШС. Директоры – Мұрат Манапұлы. Бас редакторы – Серікбол Хасан, шеф редакторы – Ағабек Қонарбайұлы, ал шариғи редакторы – Хасан Аманқұл.

Айына екі рет шығатын газет 25 мың данамен тарайды.

Суреттер muftyat.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
 Рамазан айы 1 наурызда басталады
30 қаңтар 2025
Рамазан айы 1 наурызда басталады

Биыл Рамазан айы 1 наурыз күні басталып, 29 наурыз күні аяқталады. 30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталады, деп хабарлайды Ulys muftyat.kz сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурыз басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді. Егер 6-маусым жұмыс күніне тұспа-тұс келсе, онда қазақстандықтар бір күн демалады.

Димаш  Діндер съезінің  елшісі болды
08 қазан 2024
Димаш Діндер съезінің елшісі болды

Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulys.

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар. 

Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда  күші жоқ - министрлік
31 қазан 2024
Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда күші жоқ - министрлік

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли діни неке мен заңды некенің айырмашылығын айтты, деп хабарлайды Ulys.

Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. «Сожительство», яғни ері мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс», - дейді ол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.