Валюта бағамы
  • USD -

    482.7
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.37
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді
09 наурыз 2020
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді

 Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы мамыр айындағы жеткізілімдер бойынша 33,4 пайызға құлдырап, барреліне 33,94 доллар болды.

 

Соңғы рет мұнай бағасы 2016 жылғы ақпанда баррелі 34 доллардан төмен болған еді.

Сәуір айында фьючерстер бойынша WTI маркілі мұнай бағасы 27,1 пайызға кеміп, баррелі 32,48 доллар болды.

Мұнай ОПЕК+ елдерінің Венадағы келіссөздер қорытындысында короавирус салдарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісе алмағандығы белгілі болғаннан кейін күрт төмендеп жатыр.

RELATED NEWS
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді
09 наурыз 2020
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді

 Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы мамыр айындағы жеткізілімдер бойынша 33,4 пайызға құлдырап, барреліне 33,94 доллар болды.

 

Соңғы рет мұнай бағасы 2016 жылғы ақпанда баррелі 34 доллардан төмен болған еді.

Сәуір айында фьючерстер бойынша WTI маркілі мұнай бағасы 27,1 пайызға кеміп, баррелі 32,48 доллар болды.

Мұнай ОПЕК+ елдерінің Венадағы келіссөздер қорытындысында короавирус салдарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісе алмағандығы белгілі болғаннан кейін күрт төмендеп жатыр.

Мобильді аударымдар қандай жағдайда тексеріледі
09 қаңтар 2024
Мобильді аударымдар қандай жағдайда тексеріледі

Астананың Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқарма басшысының міндетін атқарушы Әнуар Бекжұманов мобильді аударымдар қандай жағдайда тексеруге алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазіргі уақытта 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетіне үш ай қатарынан жеке банктік шоттарына әр түрлі 100 тұлғадан түскен аударымдар туралы ақпарат келіп түсті. Бұдан былай банктер тек белгіленген критерийлерге сәйкес келетін тұлғалардың деректерін әр жыл бойынша беріп отырады. Ал мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталып отыр. Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі», - деп түсіндірді Әнуар Бекжұманов Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. 

Оның айтуынша, жеке тұлғалар өздерінің туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек және басқа да өмірлік жағдайлар үшін мобильді аударымдарды жасап, қабылдай алады. Алайда, мұндай аударымдар бір реттік болғандықтан, оны декларациялаудың қажеті жоқ.

«Осы ретте кәсіпкерлерге төлемдерді арнайы бизнес шоттарына қабылдау ұсынылады. Кәсіпкерлер төлем карточкаларымен төлем қабылдаудан бас тартқан жағдайда алғашында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады. Ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) айыппұл салынады (ӘҚБтК 194-бабы).

Анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратпен хабарламалар жіберіледі. Салық төлеуші бұзушылықтармен келісетін болса, ол жеке кәсіпкерді тіркеуге немесе табыстың декларацияланбаған сомасын көрсететін қосымша декларация ұсынуға тиіс. Ал егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ол бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме және оны растайтын құжаттарды беруге құқылы», - дейді спикер.

Жеке кәсіпкерді тіркеусіз қызмет жасағаны үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кірістерді жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде, ал қайталанған жағдайда – 300% айыппұл салынады. Чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Әнуар Бекжұманов бұл бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтінін жеткізді.

Еске сала кетейік, Салық кодексіне сәйкес, Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді және төрт кезеңде өткізіледі. 

2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары декларация тапсыра бастады, онда 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша деректер көрсетіледі. 

2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, 2025 жылдан бастап – азаматтардың қалған санаттары, яғни, елдің барлық ересек тұрғындары декларация тапсырады. 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда 10 мың АЕК-тен аспайтын қолма-қол ақша көрсетіледі. Қазақстан аумағынан тыс мүлік, бұл жер учаскелері, үйлер, кеңселер, шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша, Қазақстан аумағынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, бағалы қағаздардың болуы туралы мәліметтер, дебиторлық, кредиторлық берешек, мұнда банктерге және банктерге берешекті қоспағанда, құжат нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

Қазақстанда тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, банк шоттары сияқты мәліметтер уәкілетті органдарда бар болғандықтан декларацияда көрсетілмейді. 

CҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ӨНДІРЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР ШЫҒЫНҒА БАТЫП ОТЫР
13 ақпан 2024
CҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ӨНДІРЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР ШЫҒЫНҒА БАТЫП ОТЫР

Қазақстандық сұйытылған газ өндірушілер жанармайдың бұл түрінің арзандығынан шығынға батып отыр. Жанармай құю станцияларындағы сұйытылған газдың ағымдағы құны компаниялардың оны өндіруге және жабдықты жаңартуға жұмсайтын шығындарын өтемейді.

Белгіленген шекті көтерме баға тоннасына ҚҚС-сыз 40 320 теңге болғанда, сұйытылған газды өндіру құны зауытқа байланысты тоннасына 50 000-72 000 теңгені құрайды. Бұл елдегі жанармай құю бекеттеріндегі төмен бөлшек сауда бағасын ұстауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Қазақстанда сұйытылған газды тұтыну негізінен автокөлік жүргізушілерінің есебінен өсіп, ал өндіріс көлемі төмендеуде.

Бұл туралы сұйытылған газ өндірушілердің өздері де айтуда. Мәселен, «Қазгермұнай» БК» ЖШС сұйытылған газдың бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігі белгілеген бағасы өнімнің өзіндік құнынан төмен екендігін, шығындарды өтемейтінін атап өтті. Кәсіпорын Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарындағы ілеспе мұнай газын және Оңтүстік Ақсай кенішінен шығатын табиғи газды өңдеп, Қызылорда облысының тұрғындарын сұйытылған газбен қамтамасыз етеді. «Қазгермұнай» жылына 60 мың тоннаға жуық сұйытылған газ өндіреді.

"Бүгінде сұйытылған мұнай газын өндіру құны Министрлік бекіткен сұйытылған мұнай газының бағасынан асып түседі. Бұл ретте қондырғының пайдалану мерзімін ескере отырып және үздіксіз өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін үнемі жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жабдықты жаңарту, тозған бөлшектерді ауыстыру және т.б. қажет" – деп атап өтті бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Махамбет Елеусінов.

Сұйытылған газ өндіруге инвестиция салуға мүмкіндігі бар  жер қойнауын пайдаланушылар бұған қызығушылық танытпайды. Сұйытылған газды өндіруді жалғастырып жатқан жер қойнауын пайдаланушылар мұны шикізатты өндіретін өңірлер алдындағы әлеуметтік міндеттеме ретінде орындап отыр.

Қазіргі уақытта сұйытылған газ өндіретін кәсіпорындар Энергетика министрлігімен бірге сұйытылған газдың өндіріс құнын өтей алатындай баға белгілеу мәселесін талқылап жатыр.

«Нақты айтқанда, бүгінде нарықта компаниялардың сұйытылған газды өндіруге кеткен шығындары өтелмейтін жағдай қалыптасты. Сұйытылған мұнай газын өндіру рентабельсіз болғандықтан сала шығынға ұшырауда, жүйелі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді және жаңғыртуға қаражат салу қиынға соғуда. Жаңғырту мен жоспарлы жөндеуге қаражаты жеткіліксіз өндіріс орындарының апатты тоқтаулары жиілеп, елді сұйытылған газбен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету қиынға соғуда», - деп атап өтті ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібі департаментінің директоры Бақытжан Таубаев.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.