Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай арзандады, деп хабарлайды Ulys.
ICE Лондон биржасында бүгін Астана уақытымен сағат 08:26 жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 74,40 долларға дейін түсіп кетті.
WTI маркалы мұнай бағасы 70,76 долларға түсіп, 4,15 пайызға арзандады.
Сарапшылар мұнай бағасының айтарлықтай құлдырауын Таяу Шығыстағы ушыққан жағдаймен байланыстырып отыр.