Валюта бағамы
  • USD -

    514.5
  • EUR -

    605
  • RUB -

    6.37
МОРОЗОВ: ФЕЙК ПЕТИЦИЯЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ
28 шілде 2023
МОРОЗОВ: ФЕЙК ПЕТИЦИЯЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ

Саясаттанушы, БАҚ саласындағы сарапшы Антон МОРОЗОВТЫҢ Zakon.kz порталына шыққан «57 мың: саптағы онлайн-боттар немесе, Арандатушылардың айла-тәсілі» атты онлайн-петиция туралы мақаласы. 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап еткен онлайн-петицияның арандату мен желіктіруге жетелегісі келетіндер табылды. Шаһар басшысының қызметіне қатысты ретсіз әңгімені өзін белсенді санайтындар тағы қозғады. 

Жасыратыны жоқ, қала әкімі Досаев Алматыдағы аудандардың барлық азаматтарымен тұрақты түрде кездесу өткізіп келеді. Кез-келген тұрғын қолына микрофонды алып, жанайқайын кедергісіз жеткізе алады. Жұртшылықпен жүздесу  алаңы қысқа уақытта нақты проблемалар айтылатын алаңқайға айналғанын білеміз, десек те, әкімнің Алматы тұрғындарымен кездесуі алғаш рет жөн-жосықсыздыққа пайдаланылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер төңірегіндегі хайпқа негізделген арандатушылығымен мәлім болған әрі Жанболат Мамайдың тіркелмеген Демпартиясының  белсендісі Аружан Дүйсебаева деген біреу әкімге петиция туралы сауал жолдауға мүмкіндік алды. Ерболат Досаев белсендінің  петицияға қол қойған 57 мың туралы әңгімесін асықпай тыңдап алып, көптеген дүниеге көз жеткізетін толымды жауап қайтарды.

Біріншіден, бұл 57 мың қол қоюшы – аты-жөні беймәлім анонимді қолданушылар, олар боттар болуы әбден мүмкін. Айтпақшы, дәл осы бот-қол қоюшылармен жанжал да болды, ол мәселені қозғап Ерболат Досаевты айыптап, шабуылдаған да әлгі белсендінің «әріптестері» болатын. Ашығын айтқанда, бұл жасанды құжатқа онлайн қойылған қолдардың біреуінің болсын шынайлығына күмән туады. Себебі, мұндай петицияға  Қазақстандағы танымал әлеуметтік желілерге аккаунттарын тіркеген кез-келген адам кемі, алты рет дауыс бере алады. 

Ал оның нақты географиялық орналасу жағдайы мүлдем маңызды болмай тұр, бұл мәселеде негізі дауыс берушілер тек алматылықтар ғана болуы тиіс еді ғой. Шындығына келгенде, сөз солардың әкімі туралы болып отыр ғой.

Бір қызығы, қол қоюшылардың алматылықтар екені рас болса,  олардың өмір сүру кестесі бұзылған ба, қалай өзі? Мәселен, петицияның астына қол қойғандардың статистикасына қарасаңыз, түгелге жуығының қол қойған мезгілі түнгі 3 пен 5-тің арасына сәйкес келеді екен.

Оның үстіне, сол уақытта үш минуттың ішінде жүздеген адамның қолы қойылып үлгеріпті. Қол қоюшылардың сағаттық өлшемі Қазақстанға қарағанда басқалау деп ойлауға болады, мәселен, Мәскеу дерсіз, себебі арада үш сағат айырмашылық бар. Белгілі бір уақытта алгоритмнен өздері жаңылысқан, бұл ресейлік боттардың Ерболат Досаевты қолдауына әкелді. Олқылық орнына келтірілген соң петицияны ұйымдастырушылар мұны әкімнің өзіне күйе жағуға пайдаланды.

Екіншіден, Қазақстанда мұндай нәзік алаңда таза ойынды ұйымдастыратын онлайн-петицияның легитимді институты әлі жоқ. Қажетті заңнамалық құжат қазір Парламенттің қарауында жатыр. Ол қабылданбайынша, онлайн-петицияға арналған легитимді алаң болмайды да. Ал қазіргі пайдаланылып жүргендері туралы айтуға да тұрмайды, онда айналдырған екі адам ондаған мың белсендінің рөлінде ойнай алады. Талқыланып отырған жағдай да дәл солай болды.

Үшіншіден, Досаевтың отставкасын қалайтындардың саны шынайы түрде 57 мың адам болды деген күннің өзінде, олар  екі миллионнан астам тұрғыны бар Алматы халқының үлесінің болмашы бір бөлігін құрайтыны күлкілі. Аружан Дүйсебаеваның проблемасы да сол, оның сөз еткен мыңдаған адамы нақты өмірде жоқ. Айтпақшы, Досаевқа қарсы Демпартия ұйымдастырған митингі де есімізде. Олар мыңдаған адамды айтпағанның өзінде, кем дегенде 500 адам жинар деп ойлағанбыз. Шындығында, жүздің айналасында ғана қара көрінді, оның да бір бөлігі штаттық агенттер болды.

Шындығына келгенде, қалада жұмыс қызу жүріп жатқанын, сан жылдардан бері қордаланған проблемалардың біртіндеп шешіле бастағанын алматылықтар көріп отыр. Бірнеше жыл бұрын қала орталығы құрылыс алаңдарына айналған болатын. Сол уақытта да бәрі қыжыртқан еді. Алайда соңынан Панфилов көшесіндегі керемет көрініс, жаңарған Арбат тура еуропалық қалалардың бейнесін көзге әкелгендей болды.

Қазір қала әкімі Досаевтың командасы алдында «ескі» Алматының қордаланған проблемаларымен қатар одан да маңызды міндеттер тұр. Оған Алматыға жаңадан қосылған аймақтарды қосыңыз. Тау етегі мен жоғары аймақтардағы, буырқанған тау өзендері жағасындағы жерлерді  ойланбастан таратып беру аз проблема тудырып отырған жоқ. Біз мұның бәрін тәуелсіздік алған жылдардан бері көріп келеміз. Сол кездері Алматылықтардың әлсіз наразылық дауыстарын  еститінбіз.

 Ал енді, қала құрылысы саласында көптен күткен тәртіп орнатыла бастағанда, наразы алматылықтар өздерін көрсетіп қалғысы келгендей. Бірақ шындығында, бұл наразылықтың астарында қала әкімдігінің белсенділігі ұнамайтындар бар сияқты. Құрылысты жүргізетіндердің лоббиі қолдары таза емес қала белсенділерін ынтықтыратын би алаңына айналып кеткендей. Ол жұртшылықтың да шыдамын тауысып отыр. Қала әкімі Досаевқа қарсы петицияны ұйымдастырушыларды құрылысшы-олигархтардың арасынан іздеу керек сияқты. Оларға әкім оңай шағылатын жаңғақ емес, керісінше тістерін сындыратынын көрсетті.

Онлайн-петиция тақырыбына оралсақ, негізгі нәрсені айта кеткен дұрыс. Провакациялық қоқыстарды орналастыратын қазіргі алаңдар – ескі анонимді интернеттің соңғы қалдықтары болып тұр. Хейт пен буллинг жасау, қаптаған тролльдердің ластығы баршаға аян. Мұнда тіркелудің қажеті де жоқ, кез келген адамның біреудің атын пайдаланып ойна келгенді жасауға мүмкіндігі бар. Біреудің бетпердесін жамылып, саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкердің беделіне нұқсан келтіріп, шабуыл жасай алады. 

Естеріңізде болса, kompromat.kz деген сайт болған. Аталған ресурс арқылы жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттарға, белгілі бизнесмендерге инсайдерлік ақпараттар түрімен ашық шабуыл жасалып отырды. Өкінішке қарай, бүгінде осындай қоқыс жәшігінің орнын толық көлемде онлайн-петицияға арналған алаңдар алмастырып отыр.

2020 жылдан бастап бірнеше жылда Қазақстан бойынша осындай 213 петиция пайда болды. Соның  ішіндегі ең хайпқа айналғандары – шындықтан тым алшақ кетіп, жұрттың көңіл-күйімен ойнағандарының көбі Алматы белсенділерінің қолынан шықты. Енді міне, Алматыны экологиялық апатты аймақ деп тану туралы (бұл жарияланымның авторлары өмірінде бір рет, мәселен, Үндістанның ірі қалаларында болып көрді ме екен?), және Алматы облысының тұрғын үй кешенін оңтүстік астанаға қосу, Назарбаев даңғылын басқаша атауға шақыру туралы петиция бар. 

Көріп тұрғанымыздай, алматылықтар, немесе алматылық белсенділер жасаған петиция қаладағы проблемалық ахуалдың шешімін айтуға емес, тек жанжал тудыруға, провакация жасауға бағытталғаны байқалады. Әкімді отставкаға кетіру туралы петиция шығар-шықпастан қалалық полиция департаменті оның авторы Сергей Егоров деген адамның жоқ екенін анықтады. Бұған не дейсіз? Ондай аты-жөні бар, құжаты рәсімделген адам Алматыда жоқ, тіпті тұрмайды да. Сөйтіп, провакациялық дүниені фейк персонаж ғана жасағаны, оған тек фейк алматылықтар ғана қол қойғаны анықталып отыр.  

Ерболат Досаевқа келсек, менің міндетім оны «наразы алматылықтардан» қорғау емес. Оған қарсы жасалған петиция негізсіздіктің қайда кетіп бара жатқанын көрсететін нағыз демонстрация болды. Ол жердегі провокаторлар мемлекетке өзінің дегенін істетіп отырғандай көрінеді. Досаев – өз жұмысын істеп жатқан шенеунік. Ондаған жылдардан бері жиналып қалған Алматы секілді алып мегаполистің мәселелерін арандатумен шешем деу жаңсақтық. Қарабайыр болсын, ащы болсын, шындық осы. Өйткен Алматыдағы проблемалар аспаннан түскен жоқ, оны бізге өзге планеталықтар әкеп тастаған жоқ – оны біз бұрынғы қала басшыларының қылмыстық әрекеттеріне жол беру арқылы өзімізге өзіміз жасадық.

57 мың фейк қол жиған петицияға қатысты Аружан Дүйсебаева сияқты белгісіз біреудің Досаевты отставкаға кетіруді талап етуінің қиялилығын түсіну өте оңай. Әзіл үшін болсын айталық, көз алдыңызға бүкіл Алматыны Марсқа көшіру туралы петиция жасалды деп елестетіп көріңізші. Оған қол қоятындар бұдан аз болмас еді, әрі нақты адамдар болар ма еді? Сонда не, осыдан кейін біз шынымен оңтүстік астананы космосқа ұшырудың техникалық мүмкіндіктерін талқылаумыз керек пе?

Сондықтан, мен фейк петицияларды негізге алушылар біздің қоғамды бөліп-жарушылар, түрлі жолдармен жағдайды ушықтырушылар, мемлекеттік органдардың жұмысына нұқсан келтірушілер ғана деп білемін. Қоғамдық пікірді жинайтын легитимді институт құру туралы ресми заңға қол қойылмайынша, мұндай онлайн-петициялардың ешқайсысына сенбеу керектігін айтар едім. Баршаға, шындығында ақысы төленген біреулердің провакациясына еріп кетпеуге кеңес беремін. 

RELATED NEWS
ЖЕТІСУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ: ЛОГИСТИКА ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҰТЫП, ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҰТЫЛЫП ТҰР?
14 желтоқсан 2025
ЖЕТІСУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ: ЛОГИСТИКА ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҰТЫП, ҚАЙ ЖАҒЫНАН ҰТЫЛЫП ТҰР?

Жетісу дегенде көз алдымызға жүгірген бұлттай көшкен қара жол, тауға өрлеген теміржол, ерте тұрған кәсіпкер мен кеш қайтқан жүк көлігі елестейді. Өйткені бұл өңірдің тынысы – жолда. Жол – тек асфальт емес, экономиканың тамыры, халықтың тіршілігі, мемлекеттің жүрісі. Осы тамырдың соғысы жиілесе – өңірдің дамуы үдейді, баяуласа – тағы бір мәселенің басталғаны.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Жетісуда 3988 шақырым автомобиль жолы бар, оның 1034 шақырымы – республикалық маңызы бар күре арна. Бұл дегеніңіз – облыс картасын кесіп өтетін бірнеше күре жолдың талай мың тағдырға әсер етіп тұрғаны. Ал теміржол желісінің ұзындығы 891 шақырымнан асады, оған қоса 17 вокзал үзбей жұмыс істеп тұр. Мұндай желі бар өлкеде логистика тек қызмет саласы емес, тұрақты қозғалыстағы тіршілік.

ЖҮК КӨБЕЙДІ – ЖҮКТІ КӨТЕРЕТІН ЖҮЙЕ ҚАЛАЙ?

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Жетісу 11,8 млрд тонна-километр жүк айналымын тіркеді. Былтырғыдан 42 пайыз артық. Бұл – өңір экономикасының «ауыр салмақта» жұмыс істеп жатқанын көрсететін басты белгі. Дәл осы кезеңде жолаушы тасымалы да 5,4 пайыз өсіп, 467,9 млн пкм көрсеткішіне жетті.

Жетісу жай ғана жолы бар аймақ емес, жолы жүріп тұрған өңір. Осы жүк пен жолаушы ағыны – өңірдің қоймасы бос емесін, саудасы тоқтамайтынын, ауылдың да, қаланың да тауар айналымы жүріп тұрғанын білдіреді.

Бірақ жүк көбейген сайын жүктің салмағын көтеретін жүйе де мықты болу керек. Осы жерде сұрақ туады: жол – бар, теміржол – бар, ал логистикалық инфрақұрылым осы ағынды көтеруге жеткілікті ме?

ЛОГИСТИКАНЫҢ ЖҮРЕГІ – ҚОЙМА МА, ҚҰЖАТ ПА?

Облыста жеке сектор бей-жай қарап отырған жоқ. «Жетісу Логистикс» сияқты компаниялар автотасымалдан бастап мультимодальды бағыттарға дейін жолға қойған. «Zhetysu Warehouse Logistics» жүк сақтау, қайта тиеу, консолидация қызметін ұсынып отыр. Бұл – нарықта сұраныс бар деген сөз.

Бірақ мәселенің екінші беті бар. Жетісудағы қоймалардың басым бөлігі Алматының ықпал аймағында қалып отыр. Яғни, тауар Жетісуда жүрсе де, логистикалық құн Алматыда қалып отырған жағдайлар аз емес. Инфрақұрылым бір жақта дамып, екінші жақта баяу жүрсе – логистика толыққанды пайда әкелмейді. Бұл – өңірдің басты әлсіз тұсы.

Қағаз жағы тіпті қызық: құжаттандыру, тариф саясаты, стандарттардың әлсіздігі кейде жүктің жолын бөгейтін түнерген бұлт секілді. Жол ашық, тауар дайын, көлік күтіп тұр, бірақ бір құжаттың кешігуі – бүкіл тізбектің жылдамдығын баяулатып жібереді.

ЖЕТІСУ НЕЛІКТЕН ЛОГИСТИКАЛЫҚ ХАБ БОЛА АЛАДЫ?

Облыстың географиялық орналасуы – ұтқан жері. Жетісу – Алматыға да, Қытай бағытына да, ішкі нарыққа да жақын. Дәл осы артықшылықты тиімді пайдалану үшін үш нәрсе қажет:

1. Заманауи қоймалар салу

Қойма – логистиканың жүрегі. Жүрек әлсіз болса, қан айналымы баяулайды. Жетісу толыққанды хаб болу үшін тауарды күттірмей қабылдайтын, өңдейтін, жіберетін жаңа орталықтар керек.

2. Жолдың сапасын арттыру

Асфальт тегіс болған сайын экономиканың қадамы да нық. Шалғай ауылдарға баратын жолдар – бизнес үшін «шектеулі аймақ» емес, жаңа нарыққа апаратын көпір болуы тиіс.

3. Мультимодальдық логистиканы дамыту

Автокөлік + теміржол + қойма + терминал = тиімді тізбек. Бұл жүйе жұмыс істесе, өңір тауарларының өту уақыты қысқарады, бағасы арзандайды, бәсекеге қабілеттілігі артады.

ҚИЫНДЫҚТАР ҚАЙ ЖЕРДЕ?

– Жолдардың тозуы – жүкті баяулатады, шығынды өсіреді.
– Қоймалардың жетіспеуі – логистиканың құнын арттырады.
– Тасымал инфрақұрылымының біркелкі дамымауы – өңіраралық теңсіздікке әкеледі.
– Сыртқы хабтарға тәуелділік – өңірдің экономикалық «пайда үлесін» азайтады.

Бұл кемшіліктерді түзету – бүгінгі күннің талабы. Өйткені логистика – тек тауар қозғалысы емес, ол өңір экономикасының ырғағын ұстап тұрған күретамыр.

ЖЕТІСУДЫҢ БҮГІНІ – ЖАРТЫ ЖОЛ. ЕРТЕҢІ – ЖҮЙЕЛІ ЖОЛ БОЛМАҚ

Қарап отырсаңыз, Жетісуда потенциал көп. Біз тек жол жүрген жүк көлігін көреміз, ал сол жолдың артында тұтас экономика тұр. Өңірдің ендігі бағыты – бар мүмкіндікті нақты жоспарға айналдыру.

Жетісу дұрыс стратегия таңдаса:
– 5 жылда өңіраралық хабқа,
– 7 жылда халықаралық тізбектің басты буынына айнала алады.

Бірақ бұл – жолдың өзімен емес, жолды жөндейтін, қойма салатын, логистикасын жүйелейтін саясатпен жүзеге асады.

ҚОРЫТЫНДЫ: ЛОГИСТИКАДАҒЫ ЖЕҢІС – ЖАЙ ТЕХНИКАНЫҢ ЖЕҢІСІ ЕМЕС

Жетісудың жолы ашық болса – экономикасы да ашылады. Логистикасы түзелсе – бизнесі де түзу жүреді. Бұл өңір дәл қазір дамудың шешуші кезеңінде тұр.

Жолға қарамайтын ел болмайды. Логистикасына қарамайтын өңір дамымайды. Жетісу осы шындықтың алдында тұр:
«Қай жолды таңдаймыз?»

Жолды дұрыс таңдаса – Жетісудың жүгі де, жүруі де жеңіл болмақ.

 

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды
30 сәуір 2024
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Фото: tengrinews

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасы растады.  Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

«Биылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты басқа деректер жарияланбайды»,-делінген хабарламада.

 

Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобы тергеуге қысым жасауда
25 ақпан 2024
Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобы тергеуге қысым жасауда

Бүгін (26.02.2024) Данияр Әлпиевке алданған бір топ саудагер Алматы облыстық полиция департаментінде шу шығарды, деп хабарлайды “Адырна” сайты.

Қонаев қаласына келген кәсіпкерлер әлеуметтік желіде Данияр Әлпиевті, Эрмек Марқабаевты ақтап алуды көздейтін адвокаттардың әрекеттеріне, көрші мемлекетке нота жолдатқан астыртын ойындарға алаңдаулы екендерін жеткізді.
Қылмыстық әрекетті жұмсарту үшін жасалатын ақпараттық науқан тергеуге қысым көрсетудің бір түрі. Соңғы уақытта бұл үрдіс қалыпты жайтқа айналып, Бишімбаевты да ақтап алу әрекеттері әшкере болуда. Сондықтан, жапа шегуші тарап Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Қасенұлы Шалқаровқа бірнеше сұрақты жүзбе-жүз қойды:

“Саудагерлерді сергелдеңге салған, 2 млрд-қа жуық қаржы жымқырған Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобына қандай шара қолданылды? Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды ма (№3 павильон құрылысы)? Жәбірленушілер саны қаншаға жетті? Павильон құрылысына қаржы жинауға тікелей қатысы бар Эрмек Марқабаев, кассир Маржан Есжанова, Бекет Әбілов және басқаларға неге шара қолданылмай жатыр?” - деді.

Бүгінгі жиынға Данияр Әлпиевтің туған-туыстары да қатысқан. Бұған дейін Данияр Әлпиевтің басшылығындағы компания үшінші павильонды салу үшін 300-ден астам үлескерден заңсыз қаражат жинаған.

Атап айтқанда, базардың атқарушы директоры болып қызмет атқарған қырғыз азаматы Эрмек Марқабаев, кассада жұмыс істеген Маржан Есжанова және базардың бақылаушысы Бекет Әбілов сынды тұлғалардың қатысуымен болған заңсыз қаржы жинау әрекеті әлі күнге дейін өз шешімін таппаған.

Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы  үлескерлердің көкейтесті мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын және үлескерлерді жәбірленуші ретінде танитындығын айтты.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.