Валюта бағамы
  • USD -

    491.3
  • EUR -

    533.5
  • RUB -

    5.09
Мереке күні ҚХА мүшелері сенбілікке шықты
01 мамыр 2024
Мереке күні ҚХА мүшелері сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күніне орайластырылған сенбілік осылай аталды.

Бұл күні сенбілікке шыққан облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» және «Рухани жаңғыру» мекемелерінің қызметкерлері «Достық» саябағын тазалады.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің төрағасы Дариға Есмағамбетованың айтуынша, сенбілік барысында ұжым қызметкерлерінің бір тобы Ақтөбеде тұратын тыл ардагері Любовь Савельеваның үйін, ауласын тазалады.

Қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің мүшелері 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнін қала тазалығына арнады.
«Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Анастасия Бошкованың айтуынша, сенбілік тұрғындарды тазалыққа үйретіп, еңбекке баулып қана қоймай, татулық пен бірлікті насихаттайды.

Сондай-ақ ол отандастарын мемлекеттік тілде Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтап, «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қаламыз көркейе берсін!» – деді.

— Мен «Вайнах» шешен этно-мәдени бірлестігінің жастар қанатының мүшесімін. Сенбілікке үнемі қатысамын. Еңбек етуден қашпаймын. Әрі қаламыздың таза, әдемі болғанын қалаймын. Соған үлес қосқаныма қуанамын. Өткен аптада әкем екеуміз осы аумақты тазаладық. Бүгін өзім келдім, – дейді 3-орта мектептің 8-сынып оқушысы Ахмед Межидов.

— Тазалықты бәрі жақсы көреді. Ендеше ақтөбеліктерді жүрген жерімізді ластамай, керісінше қала тазалығына жұмыла атсалысуға шақырамын, – дейді Қазақстандағы кәрістер ассоциациясының облыстық филиалының төрағасы Юрий Шек.

RELATED NEWS
Ассамблея институты  қоғамның барлық салаларында белсенді -сарапшы
25 сәуір 2024
Ассамблея институты қоғамның барлық салаларында белсенді -сарапшы

Қазіргі кезде Ассамблея институты қазақстандық қоғамның барлық салаларында белсенді жұмыс атқаратынын байқауға болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Дулат Өтеғали айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда айтылған гуманитарлық-идеологиялық доктринасының толықтай жүзеге асуы азаматтық қоғамның негізгі институттары тарапынан болатын қолдауға тікелей байланысты екенін атап өтті. Осыған орай, Ассамблеяның жұмысын осы бағытта үйлестірудің маңыздылығына да ерекше назар аударылды. Қазіргі кезде Ассамблея институты қазақстандық қоғамның барлық салаларында белсенді жұмыс атқаратынын байқауға болады.  Мәселен, отбасы институтын сақтауға және ұрпақаралық, мәдениетаралық байланысты нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытында Ассамблея жанында «Ақсақалдар кеңесі» мен Аналар кеңесінің рөлін ерекше атап өтуге болады», - дейді Дулат Өтеғали.

Оның айтуынша бүгінгі күнде елімізде ҚХА жанынан 1119 Ақсақалдар кеңесі құрылып, оның құрамына белгілі тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени, ардагерлер бірлестіктері және басқа да қоғамдық ұйымдар қатарынан 7 мыңнан астам адам мүше болған.

«Былтырғы жылғы деректер бойынша Аналар кеңесі 252,5 мыңнан астам адамның қатысуымен 6 мыңнан астам іс-шара өткізген. Сонымен бірге, Қазақстанның барлық өңірлерінде мыңнан астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді және ҚХА жұмысын үйлестіретін және қамтамасыз ететін 34 Достық үйі бар. Бұл қазіргі кезде Ассамблея құрылтай барысында айқындалған жалпыға ортақ құндылықтарды, негізгі идеологемаларды қазақстандық қоғамда кеңінен насихаттау және тарату әлеуетіне ие екенін көрсетеді», - деді сарапшы.

Назипа Шанаи: Мақсатымыз – жалпыұлттық бірлікті нығайту
28 наурыз 2024
Назипа Шанаи: Мақсатымыз – жалпыұлттық бірлікті нығайту

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың денсаулығына, жалпы өміріне қауіп төндіретін вейп, насыбай, есірткіге құмарлық, құмарпаздық секілді кеселдермен ымырасыз күрес жүргізу қажеттігін айтқан болатын. Қазіргі қоғамның өзекті проблемасына айналған осынау жат әдеттерден ұрпақты қорғау қажеттігін еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар да көтеріп келеді. Солардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар» кеңесі.

Осыдан 10 жыл бұрын, нақтырақ айтқанда 2014 жылы құрылған кеңестің бүгінде облыстық, аудандық, жергілікті деңгейдегі, сонымен қатар этномәдени бірлестіктер жанындағы 1 713 бөлімшесі бар. Белсенді мүшелері 13 мың адамнан асады. Кеңес өткені жылы 250 мыңнан астам адам қатысқан 6 мың іс-шара өткізді.

«Мақсатымыз – отбасылық құндылықтарды, қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті сақтап, нығайту, адал азамат тәрбиелеу. Осы бағытта қазақстандық бірегейлікті нығайту үшін мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына жәрдемдесу, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік мұндылықтарына төңірегіне топтастыруды міндетіміз ретінде белгілеп алдық. Республикалық және жергілікті деңгейдегі мәселелерді талқылау әрі шешім қабылдау барысында қоғамдық пікірді ескеру, азаматтық қоғам мүддесін білдіру де міндеттеріміздің бірі саналады. Мұнан бөлек, қоғамдық келісімді сақтау, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру жолындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы міндеттерінің танымалдығын арттыру және ілгерілету үшін де еңбек етіп жатырмыз», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА «Аналар» кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи.

Бүгінде кеңес бірқатар жобаны қолға алған. Олардың қатарында «Темекісіз» қоғамдық қорымен вейптер мен электронды темекі айналымына толықтай тыйым салуға бағытталған жұмысын атауға болады. Кеңес ұйытқы болған «Вейпке тыйым салу» петициясы әлеуметтік желіге салынғаннан кейін қолдаушылардың 20 мыңнан астам қолын жинаған. Қазіргі уақытта осы бағыттағы заң жобасы Сенат қарауында.

«Есірткісіз болашақ» қоғамдық қорымен жасалған меморандум аясында «Жасыл сертификат» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба республикалық барлық дәріханаларында есірткі заттарын төмендетуге бағытталған. Мұнан бөлек, Маңғыстау облыстық сотымен «Отбасылық сот» жобасы қолға алынған. Жоба аясында «Аналар кеңесімен бірге қолайлы құқықтық орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Осы жобаның нәтижесінде ажырасуға бел буға 20 обасының 11-і бастапқы ниеттерін қайтты және балалары толыққанды отбасында тәлім-тәрбие алып жатыр. Астана, Алматы, Шымкент облыстарының білім басқармаларымен «Қауіпсіздік сағаты» жобасын да жүзеге асырып жатырмыз. Оның аясында ата-аналармен кездесіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың, денсаулығына, мінез-құлқына, тәлім-тәрбиесіне кері әсерін тигізетін буллинг, лудомания, есірткі мен вейптерге тәуелділік сияқты қоғамдық өзекті мәселелерін талқылап, шешу жолдарын бірге қарастырамыз», - деді Назипа Ыдырысқызы.

Сенатор «Ассамблея не істеп жатыр» дегендерге жауап берді
09 сәуір 2024
Сенатор «Ассамблея не істеп жатыр» дегендерге жауап берді

Фото: ҚХА

Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері судан зардап шеккен облыстарға «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 227 тонна гуманитарлық көмек жіберді, 277 миллион теңге жинап, қаржылай көмек көрсетуде. Бұл туралы Сенат депутаты Геннадий Шиповских  өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulys.

«Соңғы кезде түрлі бейне және жазба материалдарды көріп аң-таң болып жүрмін! Мысалы Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны кезінде қайда? Ассамблея не істеп жатыр? Ассамблея керек емес, Ассамблея қандай көмек беріпті? Деген пікірлер көбейіпті! Ол дұрыс емес ағайын! Қазақтың жақсы сөзі бар “ Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын” деген! Елімізде қайғылы жағдай орын алған сәттен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек беру үшін, арнайы Республикалық штаб құрып, одан әрі қарай өңірлерде штабтарды құрып гуманитарлық көмек беру бойынша жұмысты үйлестіре бастады. Қазір біздің Ассамблея жанындағы “Ассамблея жастары” ұйымының еріктілері барлық су басқан облыстарда көмектерін көрсетіп жатыр! Егерде жалпылама айтатын болсақ бүгінгі күнге дейін Ассамблея мүшелері судан зардап шеккен облыстарға “Жүректен жүрекке” акциясы аясында 227 тонна гуманитарлық көмек жіберді, 277 миллион теңге жинап, қаржылай көмек көрсетуде», - деді сенатор.

Сонымен қатар ол өңірлерде 10 мыңға жуық еріктілер зардап шеккен азаматтарға,құтқарушыларға, әскери қызметкерлерге,құрылысшыларға өз көмектерін беріп жатқаны туралы айтты.

«Қадірлі ағайын Ассамблея үнсіз отыр, Ассамблея ештеме жасап жатқан жоқ деп айту дұрыс емес деген ойдамын. Айтпақшы әлеуметтік желіде жалған ақпарат өте көп, мысалы Ассамблеяға қырып ақша бөлінеді, Ассамблея бюджетке қарап отыр деп. Достар бұл таза миф! Барлық көрсетіліп жатқан, жоғарыда аталып өткен Ассамблея тарапынан берілген көмек жайында айтатын болсақ, бұл Ассамблея жанындағы түрлі кәсіпкерлер, меценаттар және этномәдени бірлестіктердің көмегі! Аман болайық достар! Күшіміз бірлікте!», - деп толықтырды Геннадий Шиповских өз сөзін.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.