Валюта бағамы
  • USD -

    462.5
  • EUR -

    495.5
  • RUB -

    5.31
Мемлекет басшысы Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады
22 мамыр 2024
Мемлекет басшысы Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлаййды Ақорда.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысады деп жоспарланып отыр. 

RELATED NEWS
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ЕНГЕН 300 КІМДЕР?!
25 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ЕНГЕН 300 КІМДЕР?!

Бүгін Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жобасы жеңімпаздарының есім жарияланды. Олардың орташа жасы — 31. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің биік баспалдақтарынан көрініп, ел дамуына жаңаша серпін береріне сенім мол. Жеңімпаздардың алды бүгін жаңа қызметке тағайындалды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Сонымен 7300-ден астам бақ сынаушы арасынан суырылып шығып, 5 кезеңнен сүрінбей өткен 300 мықтының тізімі төменде.

 

 

 

   

ІРІКТЕУДЕН ӨТКЕНДЕР:

1 Бектуров Ренат Нурмолдаевич

2 Рысмагамбетов Ернур Буркитбаевич

3 Шаяхметов Сакен Беймбетович

4 Суентаев Дамир Серкбаевич

5 Теренченко Илья Сергеевич

6 Нуртазин Ануар Абаевич

7 Zhanadil Yernar Beisenuly

8 Киманов Улыбек Булатович

9 Сағынаев Айбек Ролланұлы

10 Мақсатов Нұржан Сұлтанғалиұлы

11 Дюсембаев Медет Шарипханович

12 Абдибеков Азат Нурмухамбетович

13 Жумагулов Жусуп Рахатович

14 Ажгалиев Тимур Рапхатович

15 Оңласов Әсет Жақсыбекұлы

16 Споткай Максим Александрович

17 Оразбеков Саятбек Каирбекович

18 Данилов Александр Сергеевич

19 Шаменов Абдильда Атамуратович

20 Ахметов Серик Жетписпаевич

21 Чиналиев Марат Газизович

22 Нуриденулы Максат .

23 Бейсекин Аян Уахитович

24 Раимкулов Кайрат Мирбулатович

25 Абсаметов Нариман Малисулы

26 Ахматолла Алмат Маулетханұлы

27 Уапов Багдат Берикович

28 Тлеумуратов Нурхан Жасуланович

29 Хусаинов Алибек Жумабекович

30 Клышбеков Аскар Жаркеевич

31 Парсегова Анжелика Борисовна

32 Утюбаев Ержан Габдулрахимович

33 Адамбеков Тилектес Серикбаевич

34 Баялиев Алим Дауренович

35 Уразаков Султан Куанович

36 Оралов Асхат Раздыкович

37 Букейханов Нуралы Алимович

38 Альмухаметов Айбек Мейрамбекович

39 Омарбеков Бауыржан Бақытұлы

40 Батпенов Саят Нурланович

41 Алимкулов Бекжан Мухидинұлы

42 Коняшкин Ростислав Анатольевич

43 Нурпеисов Асат Булатович

44 Еликбаев Куаныш Нурланович

45 Акышов Алмат Талгатович

46 Альжанов Дастан Куандыкович

47 Жанахметов Алибек Жанахметович

48 Балыкбаев Руслан Алибекулы

49 Макажанова Жансулу Ермухановна

50 Оспанов Ильяс Есетович

51 Ерназар Шынасыл Женисулы

52 Кенжеханұлы Ермек -

53 Давлетов Олжас Булатович

54 Жолманов Азамат Сагатович

55 Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы

56 Жангозин Ануар Канатович

57 Бакшилов Бауыржан Бахытжанович

58 Абылханов Ержан Довулбаевич

59 Тюлюбаев Зекаил Маратович

60 Нуржанова Жанар Нуржановна

61 Махамбетов Асет Кенесбекович

62 Аксубаев Арман Серикович

63 Куантыров Алибек Сакенович

64 Утепов Ардак Тултаевич

65 Баймуканов Аскар Каиржанович

66 Каримов Станислав Александрович

67 Айтжанов Жантөре Жарылкасынұлы

68 Анисимов Алексей Сергеевич

69 Мусин Дамир Маратович

70 Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы

71 Медетов Расул Махмудович

72 Нурахметов Ануар Ержанович

73 Оразбай Мұрат Асқарұлы

74 Сулейменов Марат Кавылвекович

75 Абдешов Олжас Жапарбекович

76 Тоганбаев Нурлан Бахытжанович

77 Смагамбетов Даулет Серикович

78 Сулейменов Ернар Нурканович

79 Шаймарданов Жандос Нурланович

80 Токтагулов Ержан Даулетович

81 Даданбаев Ерболат Серикович

82 Қармыс Ғазиза Сағындыққызы

83 Сакенов Олжас Берлесович

84 Абуов Болат Нурланович

85 Казжанов Арыстан Жасуланович

86 Куантыров Ермек Сакенович

87 Даниярова Дина Едилевна

88 Султанов Назар Орынбасарович

89 Ибрайкулов Олжас Аскарович

90 Калдыбеков Азамат Бескемпирович

91 Аманбаев Талгат Жолдымуратович

92 Ямалтдинов Рамиль Рашадович

93 Торегельдин Мурат Маратович

94 Асафов Михаил Викторович

95 Закиев Адилет Болатулы

96 Жумагулов Ануар Маратович

97 Игликова Назым Маргулановна

98 Утенов Аркен Хамитович

99 Аринова Айжан Бейбытовна

100 Бирназарова Асель Ниязовна

101 Джанзакова Гульжанат Жамшитовна

102 Алибаев Нариман Серикович

103 Жаксимбетов Нурлан Ибрагимович

104 Компаниец Сергей Евгеньевич

105 Куаншалиев Бауыржан Сейтжанович

106 Толешов Меирхан Бурханбекович

107 Кунанбаева Жулдуз Жусуповна

108 Ниеткалиев Анвар Берикович

109 Рахымхан Диас Ерланович

110 Шуженов Даниар Жумагулович

111 Токсеитова Галия Ерлановна

112 Елекеев Ержан Иракович

113 Искаков Азиз Ержанович

114 Тайганов Нурлан Болатович

115 Саттыбаев Айбек Берикович

116 Саенко Александр Игоревич

117 Тұрғаналы Рустам Мухтарұлы

118 Туякбаев Куат Ерсингазыулы

119 Баймаханов Миржан Рустемдостанович

120 Жакенов Мади Арланович

121 Ахметкалиев Махсат Бейсембекович

122 Алекпаров Арман Юсупович

123 Ерболганов Абзал Турысбекович

124 Күлжан Мұхтар Төлегенұлы

125 Сулейменова Зульфия Булатовна

126 Әділова Ләззат Әділқызы

127 Мусилимов Ерлик Ергалиевич

128 Сарсенбаева Асель Ерболовна

129 Сагындыков Нурсултан Ермекович

130 Сапанов Дархан Бакытжанович

131 Смаилов Нурсултан Сагындыкович

132 Сейдемет Камила Рүстемқызы

133 Демесинова Лаура Баглановна

134 Какишев Жанболат Жандарбекович

135 Елибаев Марат Талгатович

136 Ахмедьяров Алибек Газизович

137 Ибагаров Марат Канатбаевич

138 Молдабаев Жарас Умурбаевич

139 Абишева Айдана Максутовна

140 Габдулкалиев Маулен Сакенович

141 Байедилов Айдын Конысбекович

142 Мендебаев Тимур Алматович

143 Мурзатаев Ильяс Кемильханович

144 Тукибаев Сакен Галымович

145 Сакенов Алмас Берлесович

146 Акжаров Бахытжан Кожанбердыулы

147 Агабеков Олжас Пернеханович

148 Ахметов Данияр Бахтиярови

149 Бейсенбай Дархан Бауржанұлы

150 Алпысов Мейир Серикович

151 Байтленов Серик Абдыханович

152 Райымбеков Дінмұхамбет Бахытұлы

153 Корабаев Елжас Кайратович

154 Шаймарданов Абылайхан Нурланович

155 Туракбаев Куаныш Ергазыулы

156 Мухамадиев Ернат Архатович

157 Шыныбеков Куатжан Канатович

158 ОВЕЧКИНА ЮЛИЯ РУСЛАНОВНА

159 Тундукпаев Султан Саидович

160 Гусев Кирилл Игоревич

161 Каипов Ермек Талгатович

162 Досмухамбетов Болат Махамбетович

163 Избасканов Уалихан Батырович

164 Рахимжанов Даурен Галымович

165 Платов Владимир Анатольевич

166 Сейлханов Махмуд Буркитович

167 Омарбеков Талант Кенжебекович

168 Мутали Абуталип -

169 Нагым Салим Жанабайулы

170 Шералиев Мейіржан Нұртай ұлы

171 Хамбаров Руслан Геннадьевич

172 Пирметов Мақсутбек Сыздықұлы

173 Курманбаев Сакен Сарыбаевич

174 Манасов Берик Жамбулович

175 Атажан Ерлан Кайратұлы

176 Байтилесов Нурсултан Толенович

177 Абдухалиұлы Дидар -

178 Мухаметкалиев Бахтияр Абаевич

179 Уралов Болатбек Умербекович

180 Казантаев Даурен Ганибекович

181 Нургалиев Жанат Серикович

182 Аукешев Бекасыл Капбасович

183 Поддубный Дмитрий Владимирович

184 Акжалов Касымбек Бесембекович

185 Тажекенов Миржан Амангельдиевич

186 Бейсенбекұлы Абзал .

187 Нуриев Олжас Бердібайұлы

188 Уәли Бауыржан Құдайбергенұлы

189 Асанұлы Ғанижан -

190 Раева Аянай Мұхитқызы

191 Адахаев Асет Садыкулы

192 Нуртазаев Сакен Рустемович

193 Сагиев Еркебулан Газизович

194 Бекинов Нурсултан Берикович

195 Досхожаев Ильяс Алмасханович

196 Дюсенбинов Арман Есильбаевич

197 Кабдрашитов Азат Рашитович

198 Рамазанов Самат Маратович

199 Аслялиев Тахир Жастлекович

200 Есенбекова Гульнур Боранбаевна

201 Курмалаев Нурлан Саиынович

202 Абдикаримов Абзал Алиевич

203 Ахметов Маркен Кентаевич

204 Аманбаева Айгерим Акдапрбековна

205 Сальменбаев Эльдар Чингизханович

206 Қаскеев Сырымбет Ерденұлы

207 Бейспеков Азамат Омирзакович

208 Картов Алишер Ерланович

209 Әбдімәулен Диас Ғаниұлы

210 Жахин Арман Серикпаевич

211 Карабалаев Акылбек Жамалбекович

212 Ускенбаев Азамат Алшериевич

213 Ашимов Аскат Бейсенбаевич

214 Рыстина Индира Садыбековна

215 Белгибердин Тлеубек Белгибердыулы

216 Медетбеков Мейржан Муратбекович

217 Тургамбаев Арсен Ануарбекович

218 Сериков Нурбек Нуржанович

219 Муканов Сабит Сейткалиевич

220 Буранбаев Еркебулан Сагатович

221 Дубирова Жаннат Балгабаевна

222 Жазыкбаев Дияр Серикович

223 Рыспеков Дастан Адаевич

224 Кабаев Дидар Дауырович

225 Шинтаев Олжас Маратович

226 Жумагалиев Ардак Кайсарулы

227 Карибай Асия Сергеевна

228 Сарсенгалиев Асет Айтбаевич

229 Тезекбаев Арсен Буранбаевич

230 Жанадил Дина Жайлаубаевна

231 Кульметов Спандиярхан Маратович

232 Ыдырыс Әлібек -

233 Жумагулов Мейрам Темирболатович

234 Нуралиев Айдар Аллабергенович

235 Какпенов Данияр Сакенович

236 Конкаков Алибек Туленулы

237 Шанбаев Ильяс Сагындыкович

238 Имажанов Бахытжан Гылымбекович

239 Джангозин Казбек Мухитович

240 Абсаликов Жанибек Куттыбекович

241 Утешов Данияр Сандыбаевич

242 Асанов Азамат Канатович

243 Қадыр Әділқайыр Оразқайырұлы

244 Байсултанов Ринат Маратович

245 Сейтказинов Санжар Дюсембаевич

246 Кожахметов Мурат Маратович

247 Серікбай Нұрсұлтан Бейбітұлы

248 Көшкінов Бахтияр Ержанұлы

249 Бижан Ануар Димашұлы

250 Ахмедиев Дархан Мейрамович

251 Ширанов Акзан Рашидович

252 Мынжанов Ернар Сеитович

253 Уранхаев Нуржан Нурланович

254 Манаев Олжас Абуталипович

255 Мукажанова Асем Нурлановна

256 Турлубаев Максат Кайратович

257 Жанабеков Нурбол Мейрамович

258 Елеусинов Сабыржан Бауржанович

259 Шаяхметов Алишер Калантаевич

260 Ибраимов Руслан Камбарулы

261 Николаева Арина Николаевна

262 Қанашаев Даулет Есенбайұлы

263 Кузембаева Айнур Муташевна

264 Сыздыков Ерлан Амангельдыевич

265 Кашиев Азамат Совхозбаевич

266 Оспанов Айдаржан Мухамедкалиевич

267 Ниязов Ернар Дулатович

268 Турганбаев Адилет Ерболатович

269 Абдрахманова Айнагуль Жайнагановна

270 Мырзахметов Кайрат Жаксыкулович

271 Токжанов Дамир Жакенович

272 Шарипов Нурлан Сакенович

273 Манатбаев Асхат Койшыбекович

274 Нахбаева Гулисхан Сайфулинқызы

275 Уразова Арай Асылбековна

276 Уакбаев Бектур Маратович

277 Ауганов Гибрат Кайратович

278 Ахметова Роза Муратовна

279 Нығметов Еркін Талғатұлы

280 Курманова Бибигуль Бисенгалиевна

281 Черияздан Алибек -

282 Нурмуканов Елдар Айткалиевич

283 Абдуалиев Азамат Сагандыкович

284 Жазитов Тимур Айдарович

285 Калдыгужин Даулет Куатович

286 Нургалиев Нурым Нуржанович

287 Габбасов Руслан Оринбаевич

288 Алмахова Аяужан Ералыевна

289 Джатабаев Максат Муратович

290 Карабатыров Алтынбек Амырбекович

291 Балгабаев Бауржан Еркинович

292 Нуркимбаев Сагыныш Маратович

293 Есенаманов Адайбек Шакирович

294 Тынымкулова Дана Болатбаевна

295 Кайдарова Жанара Газизовна

296 Балыкбаев Нурлыбек Женисбекович

297 Мукитанов Данияр Ерланулы

298 Айдарбеков Алибек Габитович

299 Қосымбаев Тимур Ернатұлы

300 Кабдушев Даулен Данатович

 

Орта державалар, икемді, негізгі ойыншылар: Euronews ҚР Президентінің мақаласын жариялады
29 мамыр 2024
Орта державалар, икемді, негізгі ойыншылар: Euronews ҚР Президентінің мақаласын жариялады

Euronews-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта державалардың рөлі туралы мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Ulys.

«Қазақстан сияқты елдер жаңа күшпен алға шығып, қатысушы ретінде ғана емес, сонымен қатар жаһандық аренадағы жауапты ойыншы ретіндегі өз рөлін көрсете білуі керек. Төтенше геосаяси турбуленттілік пен тұрақты қақтығыстарға толы бүгінгі әлемде көпжақты шешімдер өте маңызды. Еуропа, Таяу Шығыс және Африкадағы соғыстар жүздеген мың адамның өмірін қиып, климаттың өзгеруі миллиондаған адамды аш, жалаңаш және баспанасыз қалдырып жатыр. Бұл қақтығыстар шешілмейтіндей болып көрінеді.

Осы жаһандық алауыздық аясында дәстүрлі державалар – әлемнің экономикалық және саяси алпауыттарының бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігі азайып барады.

Украинадағы қақтығыс дипломатиялық тығырыққа әкелді, Газадағы жалғасып жатқан жағдай үлкен гуманитарлық апатқа айналды. Ал Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы шиеленіс конструктивті өзара әрекеттесу есебінен қауіпті әрекеттерге итермелейді.

Сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық консенсусты ілгерілету үшін құрылған құрылымдар да тығырыққа тіреліп жатыр.

Орта державалар, икемді, негізгі ойыншылар

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің вето құқығы үнемі тығырыққа тірейтін жағдайларға әкеледі. Жаһандық дағдарыс бойынша шешуші әрекеттер қабылдауға кедергі келтіре отырып, унилатерализм (біржақты әрекет) ұжымдық әрекет ету керек кезде сценарийлер қайталана береді.

Бұл мультилатерализм (көпжақты тәсіл) рухын одан әрі бұзады және халықаралық институттарға деген сенімді төмендетеді. Осыған орай, Қазақстан сияқты орта державалар өз өңірлерінде және одан тыс жерлерде тұрақтылықты, бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз ету үшін өсіп келе жатқан мүмкіндіктерге ие негізгі ойыншы ретінде әрекет етеді. Алып державалар саясатының күрделілігіне қарамастан, біздің икемділігіміз күрделі дипломатиялық ландшафттарда сәтті бағыт тауып, ымыраға келу мен бітімге келуге жол ашуға мүмкіндік береді.

Әлемдік алпауыт державалар сияқты жаһандық ықпалға ие болмаса да, біз сияқты елдер азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ жеткізу тізбегінің тұрақтылығы бойынша жаһандық аренада айтарлықтай әсер ету үшін қажетті экономикалық күшке, әскери мүмкіндіктерге және саяси ерік пен дипломатиялық шеберлікке ие болуы мүмкін.

Сонымен қатар орта державалар көпжақты көзқарас идеясына берік. Өзін осы институттармен шектеулі сезінетін алпауыт державалардан айырмашылығы, біздің елдеріміз дауларды шешудің, аумақтық тұтастықты қорғаудың және климаттың өзгеруі мен пандемия сияқты жалпы мәселелерді шешудің осы маңызды жаһандық тетіктеріне тәуелді.

Қазақстан халықаралық диалог пен бірлескен іс-қимыл үшін үнемі жаңа платформалар іздей отырып, көпжақтылықты әрқашан жақтап келеді. Ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы тұрақты жұмысымыздан басқа, біз жаһандық ауқымда жасанды пандемия мен биотерроризмнің жойқын салдарын болдырмау мақсатында биоқауіпсіздікке бағытталған жаңа көпжақты ведомство құруды белсенді түрде ілгерілетіп келеміз. Біз сондай-ақ биыл Франциямен бірге су тапшылығы мен шөлейттену проблемаларына тап болған әлем елдері мен қауымдастықтарын біріктіруге бағытталған бірінші «бір су» саммитінің тең төрағасы болғанымызды мақтан тұтамыз. Сонымен қатар біз климат өзгеруінің салдарымен күресу жөніндегі өңірлік күш-жігерді үйлестіру үшін Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша тұрақты даму мақсаты (ТДМ) бойынша БҰҰ-ның жаңа Өңірлік орталығын өзімізге орналастыруды ұсындық.

Біз сондай-ақ ұзаққа созылған қақтығыстардың шешімін табуда өз көмегімізді ұсынудан қорықпаймыз. Мұны Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөздер жүргізу жөніндегі біздің жақындағы міндеттемеміз қуаттайды, бұл біздің диалогты ілгерілету және бейбітшілікті ілгерілету үшін орта державалардың күшіне деген сенімімізді айғақтайды.

Келесі жылы Хельсинки қорытынды актісіне 50 жыл толады. Ол қырғи-қабақ соғыстан кейінгі әлемдегі ұлы державалар арасындағы алауыздықтардың қайта оралуы мен қайта жандануы туралы ойлануға құнды мүмкіндік береді. Алайда одан да маңыздысы – жаһандық бірлікке апаратын жол жеңілмейді. Олар бұған дейін де сәтті өткен. Әлем келіспеушіліктерді жеңіп үлгерді және оны дипломатия мен диалог арқылы қайтадан жасай алады. Барлығымыз өз әлемімізге жаңа тыныс алу үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Дегенмен ірі державалардың бұл үдеріске сенім артуға дайындығы барған сайын азайғанын және шағын елдердің жеткілікті ықпалының жоқтығын ескерсек, бұл қозғалысты басқару – орта державалардың міндеті.

Қазақстан сияқты елдер жаңа күшпен алға шығып, өзін қатысушы ретінде ғана емес, жаһандық аренадағы жауапты ойыншы ретінде де өз рөлін көрсетуі керек. Осы сын сағатта біз барлық халықаралық серіктестерімізді көпжақтылықты нығайтуға – көптеген жетістіктерге жеткен жаһандық жүйені жандандыруға және инвестициялауға бізге қосылуға шақырамыз.

Біздің ұжымдық іс-әрекеттеріміз бүгінгі бейбіт күнге ғана емес, сонымен бірге гүлденген және үйлесімді болашаққа деген ұмтылысымызды көрсетсін. Міндет қиын, бірақ табандылық, көшбасшылық және диалогқа деген берік ниетпен біз бүгінгі қиындықтарды ертеңгі жетістіктерге айналдыра аламыз. Көпжақты жаңару дәуіріне жол көрсетейік».

Бұрынғы министр Бағдат Мусин АҚШ-та жүр
30 мамыр 2024
Бұрынғы министр Бағдат Мусин АҚШ-та жүр

Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин АҚШ-та жүр, деп хабарлайды Ulys.

«АҚШ-та жүргеніме бірнеше күн болды. Бұнда келуіме бірнеше себеп бар. Әрине, кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын)). Бұл жолы шағын топ боп келдік, сүйіктім Дина, кенже қызым Бірғаным және мен. Біріншіден, кез келген кәсіпті маман ретінде технологиялық дамудың алдыңғы қатарында болу маған да қызық. Сол себепті осы күндері Bay Area-да өтетін іс-шараларға қатысамын», - деп жазды Бағдат Мусин Facebook парақшасында. 

Сондай-ақ, экс-шенеунік кенже қызының робототехника жарыстарына қатысатынын айтты. 

«Дәстүр бойынша Digital Nomads-пен (біздің аймақтың Bay area-да орналасқан IT мамандарымен) кездесіп, түрлі әлеуметтік бастамаларды талқылаймыз. Кездесу біз құрған Silkroad инновациялық хабының қабырғасында өтеді. Мен еліміздің Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы болғандықтан, осы жылдың қыркүйегінде Астанада зияткерлік спортымыздан (спорттық бағдарламалау) әлем чемпионатының финалын өткізуге қатысты бірнеше ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге барамын. Ол үшін мен ICPC басшысы Билл Поучермен және оның командасымен кездесемін», - дейді ол. 

Одан бөлек, Б. Мусин АҚШ-тың бірнеше оқу орнын аралап көрмек. 

«Сондай-ақ басқа елдерде цифрландырудың негізін қалыптастыру мәселесін талқылау үшін әртүрлі университеттердің профессорларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмын. Өйткені Қазақстанның тәжірибесін одан әрі тарату қажет. АҚШ университеттері бұған қызығушылық танытады деп ойлаймын, сол сияқты түрлі қорлармен, компаниялармен кездесулер өтеді. Жалпы бұл сапарға жоспар көп. Барлығын орындауға мүмкіндігінше тырысамын», - дейді бұрынғы министр. 

Еске сала кетейік, бір ай бұрын Бағдат Мусин Мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылған еді. 

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.