Валюта бағамы
  • USD -

    488.3
  • EUR -

    530
  • RUB -

    5.11
Медициналық сақтандыру жүйесінен  млрд-таған заң бұзушылықтар анықталды
Фото: ашық көзден 22 шілде 2024
Медициналық сақтандыру жүйесінен млрд-таған заң бұзушылықтар анықталды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ және оның өңірлік филиалдарының 2022-2023 жылдардағы тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды. Бұл туралы Ulys Палатаға сілтеме жасап хабарлайды.

Осы салаға жүргізілген екінші аудит 3,8 трлн теңге болатын қаражат пен активтерді қамтыды. Тексеру шаралары 13 ұйымға қатысты жүргізілді.

 Фото: ҚР Жоғары аудиторлық палатасы

Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) 16,2 млн адам кіреді. Бұл ретте 12 млн адам жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдікті санаттарға жатады. Оған қоса 2 млн жуық мемлекеттік қызметші, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері бар. Нәтижесінде жеке шығыстарды (ақылы медицинаны) есептемегенде мемлекетке түсетін қаржылық жүктеме кем дегенде 76%-ды құрайды. Осыған байланысты аудиттің негізгі қорытындыларының бірі – МӘМС енгізілгеніне қарамастан, азаматтардың ортақ жауапкершілігі есебінен мемлекетке түсетін жүктеме әлі де айтарлықтай төмендеген жоқ.

Ұлттық қор қаражатының созылмалы игерілмеуі орын алып отыр. Аудит жүргізілетін кезеңде кепілдендірілген және нысаналы трансферттер шеңберінде 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда 13 млрд теңге немесе 26%-ы игерілмеген. 

Қор медициналық қызметтердің сапасын бақылауға тиісті назар аудармайды. Мәселен, Астана бойынша МӘМС шеңберінде екі ірі қызмет көрсетушіге бақылау тексерісі жүргізілді, оларға жиынтығында 179 мың адам бекітілген. Нәтижесінде олардың жеке орындары мен медициналық жабдықтардың жоқтығы, оларды сағатына жалға алатыны анықталды. Бұл қызмет көрсетуші ЖШС-лардың бірқатар клиникасында жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялары және өздігінен қозғала алмайтын азаматтарды қабылдауға арналған пандустары жоқ.

Сонымен қатар аудит барысында бірлесіп қызмет көрсетушілер тарапынан ӘМСҚ есебінен және азаматтардың өз есебінен медициналық қызметтерге қосарланған ақы төлеу фактілері анықталды. Негізінде қолданыстағы ережелер бойынша медициналық мекемелер ТМККК және МӘМС желісі бойынша қаржыландырылатын медициналық көмек түрлері үшін ақы алмауға міндеттеме алады. Сонымен стационарлық көмек бойынша кем дегенде 1,7 млрд теңгеге, амбулаториялық көмек бойынша 27,6 млрд теңгеге қосарланған төлем фактілері анықталды. Қор тарапынан бұл бағытта мониторинг жүргізілмейді. 

Стоматологиялық клиникалардың қызметтеріне ӘМСҚ-дан қосарланған төлем жасалуы жеке бұзушылық ретінде анықталды. Медициналық сақтандыру тарифіне анестезияның құны енгізіліп қойған, бірақ стоматологиялар ол үшін қордан жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге қосымша ақы алған.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелерінің деректерін салыстыру нәтижесінде шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға дәрі-дәрмектерді ресімдеу фактілері анықталды.

Отырыс барысында Әлихан Смайылов ӘМСҚ бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына сапалы бақылауды қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті.
«Мұны қолмен емес, автоматтандырылған түрде жасау керек. Қордың тәуекелдерді басқарудың өзіндік жүйесі болуы тиіс, оның негізінде көрсетілетін қызметтердің сапасына, өндірістік базаның, жабдықтардың, тиісті медициналық лицензиялар мен рұқсаттардың болуына мониторинг жүргізу қажет», — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша:

32 млрд теңгеден астам рәсімдік бұзушылықтар;

31,1 млрд теңгеге қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды.

Қаржылық шығындар мен жіберіп алған пайда сомасы 11,8 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ 65 рәсімдік бұзушылық, 154 өзге де бұзушылық және жүйелік кемшілік анықталды.

Медициналық қызметтер мен тіркеулерге қосарланған ақы төлеу фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.

 

RELATED NEWS
Кредит алу қиындайды – Сенат құжатты кері қайтарды
23 мамыр 2024
Кредит алу қиындайды – Сенат құжатты кері қайтарды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды. Бұл туралы Ulys Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мәліметінше, банк беретін қарыздар мен микрокредиттер беру кезінде талаптарды қатаңдату арқылы азаматтардың шамадан тыс кредит алуын төмендету ескерілген. Ол үшін Заңда кредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі болған кезде азаматтарға кредит беруге тыйым салу қарастырылған, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге тыйым салу шарасы енгізіледі. Өтелмеген тұтынушылық кредиттер бойынша мерзімі өткен соң 90 күннен кейін сыйақыны есептеуге тыйым салынады, ал мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде қарыз алушыға кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарастырылған.

Сонымен қатар, «Тұтынушылық кредит» ұғымын заңнамалық енгізу ұсынылып, оның мөлшері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен айқындалады. 45 күнге дейінгі және 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомадағы онлайн микрокредиттерді берудің ерекше шарттарының күшін жою, бұл ретте оларға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін белгілеуді қолдану ұсынылды.

«Кредиторларды байыпты кредит саясатын жүргізуге және азаматтардың проблемалық берешегін реттеу бойынша шаралар қабылдауға ынталандыратын талаптар көзделген. Мәселен, 2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың берешегін реттеу бойынша сапалы жұмысты дербес жүргізуі үшін қарыздарды коллекторларға беруге мораторий енгізіледі. Сондай-ақ қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін жағдайлар жасалуда. Осы мақсатта банктер мен микроқаржы ұйымдарына клиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық қарыз беруге тыйым салынады», - делінген Сенат ақпаратында.

Жалпы, бұл құжат азаматтардың артық кредит алу деңгейін төмендетуге, алаяқтық тәсілмен қарыздар мен микрокредиттер ресімдеу тәуекелдерін және клиенттердің банктік шоттарынан ақшаның заңсыз алынуын қысқартуға ықпал етеді, сондай-ақ резидент емес банктерді отандық экономиканы кредиттеуге тартуға бағытталған. Мұнымен қоса, істердің жекелеген санаттары бойынша жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін оңайлатады.

Сонымен қатар Заңды екінші оқылымда талқылау барысында Бас комитеттің, басқа комитеттер мен Сенат Аппараты бөлімдерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс қабылдаған Заңға мынадай бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- «электрондық банктік қарыз» ұғымы қолданыстағы заңнаманың тиісті нормаларында көзделгендіктен, жаңа ұғымды енгізу алып тасталады;

- запасқа жаңадан босатылған әскери қызметшіге жұмысқа орналасу және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін уақыт беру үшін Заңмен ұсынылатын мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңіне қарызды өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыруды 60 күнге ұзарту. Бұдан басқа, осы түзетуге байланысты ипотекалық шарттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша қосымша келісімдер жасасу бойынша жекелеген талаптарды қолданбау ұсынылды;

- заңды тұлғаларды биометриялық сәйкестендіруді жүргізу мүмкін еместігіне байланысты жеке тұлғаларға ғана биометриялық сәйкестендірусіз электрондық банктік қарыз беруге тыйым салуды қолдану;

- банк және микроқаржы омбудсманын сайлау кезінде қосымша талаптар белгілеу;

- мемлекет қатысатын кредиттік бюролардың қызметін регламенттейтін нормаларды нақтылау, сондай-ақ коллекторлар кредиттік бюроға ұсынатын қосымша мәліметтерді көздеу;

- ломбардтармен шарт жасасу кезінде олардың қызметінің ерекшелігіне байланысты кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуға байланысты нормаларды сәйкес келтіру;

- Қазақстан экономикасына инвестициялауға қосымша мүмкіндік беру мақсатында синдикатталған қаржыландыруға қатысуға рұқсат етілген тұлғалар тізбесінің синдикатталған кредит беруге қатысушылар құрамын резидент емес банктер филиалдарымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктерімен толықтыру. Сонымен қатар, синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша талаптар нақтыланады;

- Заңның кейбір ережелерін қолданыстағы заңнаманың ережелерімен сәйкес келтіру;

- осы Заңды қолданысқа енгізуді көздейтін Заңның 2-бабын пысықтау.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, заң аясында жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге тыйым салу нормасы сақталды. Енді несие сомасы 1 мың АЕК-тен артық болса, оны алу үшін ерлі-зайыптылардың өзара келісімі керек болады.

 

Доллар бір күнде 2 теңгеге қымбаттады
18 шілде 2024
Доллар бір күнде 2 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың бағасы бір күнде 2 теңгеге қымбаттап кетті, деп хабарлайды Ulys.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 477, 03 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 476,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңге, сатып алу құны – 479 теңге.

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай доллар сатып ала бастаған
21 маусым 2024
Ресейліктер Қазақстаннан жаппай доллар сатып ала бастаған

Қазақстандағы долларды ресейліктердің жаппай сатып алып жатыр. Бұған Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер сауалына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді, деп хабарлайды Ulys.

Айта кетейік, «Мәскеу биржасына» салынған санкциядан кейін ресейліктер Қазақстаннан жаппай доллар сатып ала бастаған еді. Тимур Сүлейменов мұның біз үшін еш қорқынышты емес екенін және қандай да бір шектеулердің енгізілмейтінін айтты. 

«Жоқ, қазіргі таңда шектеудің ешқандай қажеті жоқ. Өйткені біз көріп отырған құбылыс тек 1-2 процент көлемінде. Меніңше 1-2 процент үшін шектеу жасаудың ешқандай қажеті жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы теңгенің әлсіреуі қазақстандық экспорттаушыларға қолайлы деп есептейтінін жеткізді.

«Өздеріңіз көріп отырсыздар, қазіргі таңда 1 рубльдің бағамы 5,2 теңге болып тұр. Сондықтан иә, теңгеміз аздап әлсіреді. Бұл деген - біздің экспорттаушыларымыз үшін өте бір тиімді құбылыс. Өйткені олардың тауарлары ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттірек болады», - деді Ұлттық банк басшысы.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.