Валюта бағамы
  • USD -

    515.1
  • EUR -

    602.5
  • RUB -

    6.33
Мәулен Әшімбаев жалған ақпаратпен белсенді күресуге шақырды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 09 қазан 2024
Мәулен Әшімбаев жалған ақпаратпен белсенді күресуге шақырды

Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Жас діни көшбасшылар форумына әлемнің 30-дан астам елінен келген жас діни көшбасшылар жиналғанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Біз бүгін осы алаңда қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселелерді талқылаймыз. Бұл бастама жас лидерлер арасында жан-жақты диалог қалыптастыратын және қазіргі сын-қатерлерді бірлесіп еңсеретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бірегей платформаға айналады деп үміттенеміз. Бүгінгі цифрлық ғасырда жалған жаңалықтар мен бұрмаланған ақпараттың таралуы тұрақтылық пен бейбітшілікке үлкен қауіп төндіріп тұр. Ол шындықты бұрмалап, дұшпандық пен өшпенділік тудырады. Сіздер өз салаңыздың көшбасшысы ретінде шынайы ақпаратты ғана ілгерілетіп, сыни ойлау үлгісін көрсету арқылы қоғам санасына манипуляция жасау әрекеттеріне қарсы тұра аласыздар», - деді ол.

Сенат спикері жас діни көшбасшылардың халыққа шындықты өтіріктен ажыратуға көмектесіп, жалған ақпарат пен зиянды насихатқа төзбеушілікті арттыруы өте маңызды екенін атап өтті.

«Білім – кедейлік пен теңсіздікті жеңудің негізгі факторы. Бұл – баршаның гүлденуі мен дамуының қайнар көзі. Мен сіздерді балалар мен жастардың сапалы білімге қол жеткізуін жақсартуға бағытталған білім беру бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырамын. Инклюзивті білім беруді қолдау және барлық әлеуметтік топтардағы адамдарға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету өте маңызды», - деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, аталмыш форум биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 

RELATED NEWS
 Рамазан айы 1 наурызда басталады
30 қаңтар 2025
Рамазан айы 1 наурызда басталады

Биыл Рамазан айы 1 наурыз күні басталып, 29 наурыз күні аяқталады. 30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталады, деп хабарлайды Ulys muftyat.kz сілтеме жасап.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурыз басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.

30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді. Егер 6-маусым жұмыс күніне тұспа-тұс келсе, онда қазақстандықтар бір күн демалады.

Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда  күші жоқ - министрлік
31 қазан 2024
Діни рәсім бойынша жасалған некенің Қазақстанда күші жоқ - министрлік

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли діни неке мен заңды некенің айырмашылығын айтты, деп хабарлайды Ulys.

Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. «Сожительство», яғни ері мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуі тиіс», - дейді ол.

Димаш  Діндер съезінің  елшісі болды
08 қазан 2024
Димаш Діндер съезінің елшісі болды

Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulys.

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.