Маңғыстау облысында ер адам жұрт алдында әйелін пышақтап өлтірмек болды, деп хабарлайды Ulys Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде оқиғаның видеосы жарияланды, кадрда қолында пышағы бар адам және оны қоршап тұрғандарды байқауға болады. Ал жерде қансыраған әйел жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Маңғышлақ ауданында супермаркет маңында болған.
Маңғыстау облысының полиция департаменті болған жағдайға түсініктеме берді.
«Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады өңірлік ПД.