Валюта бағамы
  • USD -

    533.3
  • EUR -

    549.5
  • RUB -

    5.19
Маңғыстауда 6 жасөспірім қолдан жасалған қайықпен ашық теңізге шыққан
скрин видео 10 шілде 2024
Маңғыстауда 6 жасөспірім қолдан жасалған қайықпен ашық теңізге шыққан

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 шақырым қашықтыққа жүзіп, қайта алмаған 6 жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Ulys ТЖМ сілтеме жасап.

Олар қолдан жасалған жүзу құралын қолданған.

«ТЖМ қызметкерлері Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауынан 1,5 км қашықтықта қолдан жасалған жүзу құралымен жағадан алыс жүзіп қайтып келе алмаған 17-19 жас аралығындағы 6 жасөспірімді құтқарып, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады ТЖМ.

RELATED NEWS
Қостанай облысында бір үйдің 5 баласы өртеніп кетті
11 қазан 2024
Қостанай облысында бір үйдің 5 баласы өртеніп кетті
 

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында қайғылы оқиға болған. Үй шатыры опырылып құлаған кезде онда ересектердің қарауынсыз қалған 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазалау кезінде бес баланың денесі табылды. 2011 жылы туған балалардың үлкені зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Ulys ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін сағат 04:29-да Жітіқара қаласындағы жеке шаруа қожалығының аумағында өрт шығып, салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті. Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жетті, үй толығымен өртке оранды. Жалын сағат 06:08-де ауыздықталып, толығымен сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін танысына кеткен. Күйеуі түрмеде отыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. 

Қарқаралыдағы дала өртінен өрт сөндіруші қаза тапты
07 қазан 2024
Қарқаралыдағы дала өртінен өрт сөндіруші қаза тапты

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы аумағында болған дала өртінен 33 жастағы өрт сөндіруші мерт болды. Ақпаратты ресми орган растады, деп хабарлайды Ulys.

«6 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.  Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген», - деді Төтенше жағдайлар министірлігі.

Айта кетейік, өрт Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында болған. Бұл өрт Павлодар облысының аумағына өткен.

Ақтау маңында құлаған ұшақты  ресейлік зымыран зақымдаған -  Euronews
26 желтоқсан 2024
Ақтау маңында құлаған ұшақты ресейлік зымыран зақымдаған - Euronews

Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағын ресейлік «земля-воздух» зымыраны атып түсірген. Бұл туралы Euronews Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Euronews таратқан хабарламаға қарағанда, ұшақ Грозныйға қонбақ болған кезде зымыран ұшырылған, сол кезде олар дронның шабуылын тойтарып жатқан. 

Болжам бойынша, зымыран ұшақтың жанында жарылып, оның сынықтары ұшақты зақымдаған.

Euronews ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, ұшқыштардың апатты жағдайда қону туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді. Алайда ұшақтың зақымданғанына қарамастан Ресейдің ешбір әуежайы қонуға рұқсат бермеген. 

Еске салсақ, кеше Ақтау маңында ұшақ құлап, 40-қа жуық адам көз жұмды. Оның ішінде қазақстандық 6 адам болды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.