Валюта бағамы
  • USD -

    520.5
  • EUR -

    611.5
  • RUB -

    6.65
Мәжіліс депутаты экс-әкім Даниал Ахметовтің күдікті жұмысын жария етті
редактор 07 маусым 2024
Мәжіліс депутаты экс-әкім Даниал Ахметовтің күдікті жұмысын жария етті

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында оқырмандарынан келген хаттарды жариялап жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Абзал Құспан ел азаматтарынан заң бұзу фактілері туралы, әсіресе, бұрынғы шенеуніктерге қатысты көп арыз-өтініш түсетінін айтты. Заңгер экс-әкім Даниал Ахметовке қатысты түскен ақпаратты жариялады.

«Депутат ретінде Батыс Қазақстан облысынан сайлансамда, заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің мүшесі ретінде маған Республиканың барлық өңірінен дерлік заң, тәртіп сақталуы мәселесінде арыз-шағымдар жиі түседі. Соларды тексеру нәтижесінде, құқық қорғау органдары арқылы бір емес, бірнеше қылмыстық істі тіркетуге (қозғатуға) мұрындық болдым.  Соның ішінде Даниал Ахметовке қатысты арыздар легі тоқтар емес», - деп жазды депутат.

Дәл осы Ахметовке қатысты келетін арыздардың ішінен Абзал Құспан бір мысалды жария етіп, күдікті жайттардың басын ашты.

«Даниал Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыру үшін ЕБРР (Европа қайта құру және даму банкі) арқылы 3, 6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Шағым иелері бұл жобаға Даниал Ахметов тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде оның әкім боп тұрғанда банктің Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады», - деп жазған депутат мәселе тіпті лоббиде емес, ақшаның желге ұшқанында дейді.

«Мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмағанында. Соның салдарынан, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда, ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды», - дейді ол.

Бұл ретте Абзал Құспан қолындағы құжаттарға қарап, «осы күмәнді келісімге қатысқан екі компанияны – ШҚО әкімдігі ашқан «Региональный центр ГЧП ВКО» АҚ мен Тайваньда тіркелген «Everlight Electronics Co. LTD» компания атап өткен.

«Яғни, жіпті шетінен тарқататыны сияқты, тексеруді әкімдік жанынан құрылған мекемеден бастаса біраз дүниенің басы ашылары анық. Осыған байланысты, шығыстағы ағайындардан түскен арыз бен өз тарапымнан қосымша сұратқан құжаттарды тиісті құқық қорғау органдарына өз талдауыммен қоса жолдаймын», - деп жазды Абзал Құспан.

Даниал Ахметов 2014 жылдан бастап 2023 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған.

RELATED NEWS
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында
11 ақпан 2025
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, деп хабарлайды Ulys Антикорға сілтеме жасап.

Әлем бойынша орташа балл – 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды.

Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу.

«Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел болып саналады. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан. Жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып саналады. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген», - делінген Антикор хабарламасында.

Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған
20 наурыз 2025
Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған

Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulys.

«Біз оның Қазақстанда емес екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Оны іздеу және елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатыр. Іздеу шаралары барлық елді қамтиды, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған», - деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында 69 жастағы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны хабарланды. Оны іздеуге прокуратура бастамашы болған, ал іздеу шараларын Антикор жүргізеді.

Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды
04 наурыз 2025
Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Қаржы мониторингі агенттігі Барменқұловқа, сондай-ақ федерацияның бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барменқұлов 2021-2024 жылдар аралығында ҚФФ басшысы қызметін атқарған.19 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында ол қызметінен кетті.

БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды,- делінген Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.