Валюта бағамы
  • USD -

    510.5
  • EUR -

    595
  • RUB -

    6.55
Ливандағы бітімгерлерге шабуыл жасалды: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
Фото: Қорғаныс министрлігі 14 қазан 2024
Ливандағы бітімгерлерге шабуыл жасалды: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Израиль армиясы Ливандағы бітімгершілік базасына басып кіріп, негізгі танк қақпасын қиратып, бірнеше сарбазды жарақаттады. ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulys Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта үш штабтық қазақстандық бітімгерлер штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Қақтығыс аймағы олардың қызмет орындарынан алыста.

«Жағдай шиеленіскен уақытта қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығымен және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданатын болады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.

Айта кетейік, құрамында 139 әскери қызметші бар қазақстандық әскерилер биыл бітімгерлік миссия орындау үшін Голан жоталарына жіберілген.

RELATED NEWS
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады
02 желтоқсан 2024
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады

Келесі жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 41 706 жігітті шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 41 706 ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге шақыру пунктері медициналық жұмысты қамтамасыз етеді. Ал Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылатындарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.

Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырмалар берді
29 қаңтар 2025
Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

 

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
20 қаңтар 2025
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы  Ақорда хабарлайды.

Президентке ведомствоның алдағы кезеңге арналған жоспары, сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндалды.

ҰҚК төрағасы ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдіру жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жайында айтылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.