Валюта бағамы
  • USD -

    527.5
  • EUR -

    554.5
  • RUB -

    5.13
Ливанда Израиль шабуылдарынан бір тәулікте 37 адам қаза тапты - БАҚ
Фото: ашық көзден 04 қазан 2024
Ливанда Израиль шабуылдарынан бір тәулікте 37 адам қаза тапты - БАҚ

Ливан астанасы Бейрут қаласының оңтүстігіндегі халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды. Бұл туралы AFP агенттігі хабарлады.

Израиль армиясы қарулы топтың нысандарына кем дегенде 11 рет шабуыл жасаған.

Израиль қорғаныс армиясы шабуыл туралы пікір білдірмеді, бірақ шабуыл жасамас бұрын қаланың оңтүстігіндегі бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға шақырған деп жазды BBC агенттігі.

Ливанның денсаулық сақтау министрлігі кейінгі тәулікте Израиль шабуылдарынан 37 адам қаза тауып, 151 адам жараланды деп хабарлады.

RELATED NEWS
Франция билігі Павел Дуровқа 12 эпизод бойынша айып тақпақ
27 тамыз 2024
Франция билігі Павел Дуровқа 12 эпизод бойынша айып тақпақ

Франция прокуратурасы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың өткен сенбіде Парижде ұсталуына байланысты баспасөз мәлімдемесін таратты. Бұл туралы ВВС жазды.

Париж прокуратурасы Павел Дуровқа тағылуы мүмкін 12 эпизодты жариялады. оның ішінде құзырлы органдарға ақпарат беруден бас тарту, алаяқтық пен есірткі сатуға қатысының болуы, балалардың порнографиялық видеоларын сақтауға, киберқылмыстарға, ақша жылыстатуға қатысуы және т. б. бар. 

Прокуратура 8 шілдеде ашылған істі Киберқылмыспен күрес орталығы мен Ұлттық алаяқтықпен күрес басқармасы (ONAF) тергеп жатқанын айтты.

Әлемге коронавирустың жаңа қауіпті түрі тарап жатыр - БАҚ
17 қыркүйек 2024
Әлемге коронавирустың жаңа қауіпті түрі тарап жатыр - БАҚ

Әлемге коронавирустың жаңа түрі – ХЕС тарап жатыр. Бұл бұрынғыға қарағанда қауіптірек, деп хабарлайды BBС..

«Ковидтің бұл түрі алғаш рет маусым айында Германияда пайда болған. Кейін Ұлыбритания, АҚШ, Дания елдерінен табылды», - деп жазды Scripps Research институтының директоры, америкалық ғалым Эрик Топол твиттер парақшасында.

Оның айтуынша, ХЕС жаңа ғана басталып жатыр, бірнеше апта мен бір-екі ай өткен соң, күшіне мініп, сырқаттың жаңа толқыны туады.

Мутацияланған ХЕС өткен ковид вирусына қарағанда тезірек тарайды. Ғалымдар қазіргі қолданыста бар вакциналар бұл вирустан келетін ең ауыр зардаптардың алдын алады деп отыр.

Ұлыбритания ғалымы Франсуа Балудың сөзінше, алдағы қыста ХЕС коронавирустың негізгі түріне айналуы бек мүмкін.

Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға ескерту жасады
05 қыркүйек 2024
Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға ескерту жасады

ҚР Украинадағы елшілігі осы мемлекетте жүрген қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасап, елден кетуді ұсынды, деп хабарлайды Ulys елшілікке сілтеме жасап.

«Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», - деп хабарлады елшілік.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.