Валюта бағамы
  • USD -

    514.1
  • EUR -

    594.5
  • RUB -

    6.47
Күзгі жиын-терін: Үкімет басшысы тапсырма берді
Фото: ҚР Үкіметі 23 қазан 2024
Күзгі жиын-терін: Үкімет басшысы тапсырма берді

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктерге жиналған астықты дер кезінде кептіріп, элеваторларға жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды Ulys.

Бектенов биыл көктемгі егіс және күзгі егін орағы жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін   қажетті шаралардың барлығы қабылданғанын атап өтті. Дәлірек айтқанда, саланы жеңілдікпен қаржыландыру көлемі алғаш рет рекордтық 580 млрд теңгеге дейін жеткен.

«Бұл қаражат егіншілерді тікелей несиелендіруге, пайыздық мөлшерлемені арзандатуға және форвардтық сатып алуға бағытталды. Келесі жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл ауыл шаруашылығы техникасын лизингпен сатып алуға 120  млрд теңге тартылды. Алдағы жылы бұл көрсеткішті 200 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, диқандар тұқыммен, арзан отын және тыңайтқыштардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілді», - деді премьер үкімет отырысында.

Бұдан бөлек үкімет басшысы ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жиналған астықты шашпай-төкпей дер кезінде тасымалдауды, оны кептіріп, элеваторларға жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Барлық астық қабылдау кәсіпорны үздіксіз жұмыс режиміне көшуге тиіс. Дәнді-дақылдарды сақтау мәселесін ерекше назарға алу қажет. Сондай-ақ фитосанитариялық қызмет астық сапасына   қатаң бақылау жасауға тиіс. Болашақ егінге арналған тұқым қорын 100% қамтамасыз ету қажет. Көлік министрлігі «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірге үздіксіз тасымалды ұйымдастырып,  вагондармен қамтамасыз етудің нақты кестесін бекітсін», - деді ол.

RELATED NEWS
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ
09 сәуір 2025
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай қызметтер мен тауарлар қосылған құн салығынан босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulys.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

«Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектің әлеуметтік тізімін айқындайды. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады. Ал банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың қымбаттауына жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп қазіргі бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.

Жұманғарин ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бәрі өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Ал өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді
06 ақпан 2025
ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді

Бүгін Сенат қабырғасында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысты Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізетінін айтты, деп хабарлайды Ulys

Жобаны 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуіміз керек. Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - деп мәлім етті ол.

Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 
11 наурыз 2025
Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.

«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті»,

 — деді Саясат Нұрбек.

Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты. 

 

 

 

 

Министр добавил, что благодаря конкурсам грантов для молодых ученых более 2 тыс. исследователей получили возможность реализовать 835 проектов.  

 

📱 @KZgovernment

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.