Валюта бағамы
  • USD -

    451.7
  • EUR -

    488
  • RUB -

    5.07
Кредит алу қиындайды – Сенат құжатты кері қайтарды
23 мамыр 2024

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды. Бұл туралы Ulys Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мәліметінше, банк беретін қарыздар мен микрокредиттер беру кезінде талаптарды қатаңдату арқылы азаматтардың шамадан тыс кредит алуын төмендету ескерілген. Ол үшін Заңда кредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі болған кезде азаматтарға кредит беруге тыйым салу қарастырылған, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге тыйым салу шарасы енгізіледі. Өтелмеген тұтынушылық кредиттер бойынша мерзімі өткен соң 90 күннен кейін сыйақыны есептеуге тыйым салынады, ал мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде қарыз алушыға кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарастырылған.

Сонымен қатар, «Тұтынушылық кредит» ұғымын заңнамалық енгізу ұсынылып, оның мөлшері уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісімен айқындалады. 45 күнге дейінгі және 50 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомадағы онлайн микрокредиттерді берудің ерекше шарттарының күшін жою, бұл ретте оларға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін белгілеуді қолдану ұсынылды.

«Кредиторларды байыпты кредит саясатын жүргізуге және азаматтардың проблемалық берешегін реттеу бойынша шаралар қабылдауға ынталандыратын талаптар көзделген. Мәселен, 2026 жылғы 1 мамырға дейін банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың берешегін реттеу бойынша сапалы жұмысты дербес жүргізуі үшін қарыздарды коллекторларға беруге мораторий енгізіледі. Сондай-ақ қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін жағдайлар жасалуда. Осы мақсатта банктер мен микроқаржы ұйымдарына клиентті биометриялық сәйкестендірусіз электрондық қарыз беруге тыйым салынады», - делінген Сенат ақпаратында.

Жалпы, бұл құжат азаматтардың артық кредит алу деңгейін төмендетуге, алаяқтық тәсілмен қарыздар мен микрокредиттер ресімдеу тәуекелдерін және клиенттердің банктік шоттарынан ақшаның заңсыз алынуын қысқартуға ықпал етеді, сондай-ақ резидент емес банктерді отандық экономиканы кредиттеуге тартуға бағытталған. Мұнымен қоса, істердің жекелеген санаттары бойынша жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін оңайлатады.

Сонымен қатар Заңды екінші оқылымда талқылау барысында Бас комитеттің, басқа комитеттер мен Сенат Аппараты бөлімдерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс қабылдаған Заңға мынадай бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- «электрондық банктік қарыз» ұғымы қолданыстағы заңнаманың тиісті нормаларында көзделгендіктен, жаңа ұғымды енгізу алып тасталады;

- запасқа жаңадан босатылған әскери қызметшіге жұмысқа орналасу және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін уақыт беру үшін Заңмен ұсынылатын мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңіне қарызды өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыруды 60 күнге ұзарту. Бұдан басқа, осы түзетуге байланысты ипотекалық шарттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша қосымша келісімдер жасасу бойынша жекелеген талаптарды қолданбау ұсынылды;

- заңды тұлғаларды биометриялық сәйкестендіруді жүргізу мүмкін еместігіне байланысты жеке тұлғаларға ғана биометриялық сәйкестендірусіз электрондық банктік қарыз беруге тыйым салуды қолдану;

- банк және микроқаржы омбудсманын сайлау кезінде қосымша талаптар белгілеу;

- мемлекет қатысатын кредиттік бюролардың қызметін регламенттейтін нормаларды нақтылау, сондай-ақ коллекторлар кредиттік бюроға ұсынатын қосымша мәліметтерді көздеу;

- ломбардтармен шарт жасасу кезінде олардың қызметінің ерекшелігіне байланысты кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуға байланысты нормаларды сәйкес келтіру;

- Қазақстан экономикасына инвестициялауға қосымша мүмкіндік беру мақсатында синдикатталған қаржыландыруға қатысуға рұқсат етілген тұлғалар тізбесінің синдикатталған кредит беруге қатысушылар құрамын резидент емес банктер филиалдарымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктерімен толықтыру. Сонымен қатар, синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша талаптар нақтыланады;

- Заңның кейбір ережелерін қолданыстағы заңнаманың ережелерімен сәйкес келтіру;

- осы Заңды қолданысқа енгізуді көздейтін Заңның 2-бабын пысықтау.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, заң аясында жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге тыйым салу нормасы сақталды. Енді несие сомасы 1 мың АЕК-тен артық болса, оны алу үшін ерлі-зайыптылардың өзара келісімі керек болады.

RELATED NEWS

Инфляция баяулады:  Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті
31 мамыр 2024
Инфляция баяулады:  Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,50% дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulys банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Банк хабарлағандай, елдегі инфляция баяулап, сыртқы инфляция нейтарлды қалыпта болған.

«Осы жылдың сәуір айында инфляция болжамдарға сәйкес төмендеді. Инфляцияның орнықты бөлігі баяулағаны байқалды. Бағаның жалпы динамикасына қарамастан, халықтың инфляциялық күтулері су тасқынына және тұрғын үй коммуналдық қызметтер реформасының жалғасуына байланысты өсті. Сыртқы инфляциялық жағдай, орталық банктердің тежеу саясаты әсеріне және әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға динамикасына сәйкес нейтралды қалыпта бағалануда. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, ТКҚ реформасы, орнықты ішкі сұраныс себептерінен сақталып отыр», - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан бюжетін толтырып тұрған 10 компания
04 мамыр 2024
Қазақстан бюжетін толтырып тұрған 10 компания

Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) Қазақстандағы ең ірі 10 салық төлеушіні атады, деп хабарлайды Ulys Tengrinews.kz сілтеме жасап.

2023 жылы бюджетке негізгі соманы дәстүрлі түрде мұнай және газ өндіруші кәсіпорындар қамтамасыз етті. Бірінші қатарда "Теңізшевройл" компаниясы орналасқан. Қазіргі заманғы экономиканың қозғаушы күші болып табылатын мұнай, газ және ілеспе өнімдерді өндіретін Қазақстандағы жетекші компания қазынаға 3,7 триллион теңге салық аударымдарын аударған.

Салық түсімдерінің 1,2 триллион теңгеден астамы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Ең ірі 10 салық төлеушілер мыналар:

  • "Теңізшевройл" ЖШС – 3 триллион 746 миллиард 454 миллион теңге;
  • "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.", қазақстандық филиалы – 977 миллиард 884 миллион теңге;
  • АО "Маңғыстаумұнайгаз" - 319 миллиард 568 миллион теңге;
  • KAZ Minerals Aktogay ЖШС - 260 миллиард 765 миллион тенге;
  • "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ – 210 миллиард 286 миллион теңге;
  • "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы - 204 миллиард 402 миллион теңге;
  • "Өзенмұнайгаз" АҚ – 198 миллиард 066 миллион теңге;
  • "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС – 177 миллиард 719 миллион теңге;
  • "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС – 168 миллиард 441 миллион теңге;
  • "Азия газ құбыры" ЖШС – 167 миллиард 795 миллион теңге.
Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.