Валюта бағамы
  • USD -

    521.7
  • EUR -

    613.5
  • RUB -

    6.59
Көшпенділер ойыны: Садақшылар қызу дайындық жүргізуде
Фото: федерация 22 шілде 2024
Көшпенділер ойыны: Садақшылар қызу дайындық жүргізуде

Алматыда дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың көшпелі оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Ұлттық құрама қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады, деп хабарлайды Ulys.

Оқу-жаттығу жиынына 12 спортшы қатысады: іріктеуден өткен 10 спортшы және тағы 2 спортшы резервте болады. Оның ішінде 6 ер адам, 4 қыз көшпенділер ойындарының ережелеріне сәйкес жарыстарға қатыспақ.

«Жаттығулар өте қарқынды жүріп жатыр, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына аз қалды. Сондықтан біз қазір жаттығуды күшейтіп, жаңа әдістерді үйреніп жатырмыз. Спортшыларымыз халықаралық деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Бүгінде спорттың осы түрі бойынша Көшпенділер ойындарына қатысуға 35 ел тіркелген, бұл деген 300-ге жуық спортшы. Барлығы біздің спортшылармен бір аренаға шығып, бірінші орынға таласады. Осындай дайындық арқылы біз жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз және спортшыларымыз тұғырда көк туымызды міндетті түрде көтереді», - деді дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Диас Ахметов.

Дайындық барысы туралы дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама мүшесі Ербол Тапенов айтып берді.

«Мен 5 жылдан астам уақыттан бері дәстүрлі садақ атумен айналысып келемін. Бұл ерекше спорт, өйткені ол зейінді, шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтан өтіп жатырмыз, іріктеуден өттік, ойынға қатысушылар құрамына кірдік. Өзімізді жоғары деңгейде көрсетеміз деп ойлаймын», - деді спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық садақ ату федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Сонымен қатар қауымдастық құрамына бәйге, көкпар, аударыспақ, асық ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, JORYQ федерациялары да кіреді. Ал қауымдастықты белгілі кәсіпкер, меценат, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

RELATED NEWS
Қысқы Универсиада: Қазақстандық фристайл-могулдан чемпион атанды
14 қаңтар 2025
Қысқы Универсиада: Қазақстандық фристайл-могулдан чемпион атанды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды, деп хабарлайды Ulys Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Финалға бірінші орынмен шыққан А.Городко ең жоғары ұпаймен (79,79) алтын медальға ие болды.

Жапониялық Харука Накао 76,29 балмен екіншіорынға ие болды.

Германиялық Ханна Вессе (75,04 балл) үздік үштікті түйіндеді.

Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында ту ұстап шыққан Аяулым Әміренова бұл бәсекеде 70,52 балмен бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, қысқы Универсиадада бүгін қазақстандық жастар үш спорт түрінен сынға түсуде.

Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды
08 мамыр 2025
Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды

Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті.
Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. 

- Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, - деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. 

Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор екенін айтты. 

- Ер Жәнібек батырдың құрметіне өтіп отырған турнирге жастардың көптеп қатысып отырғаны бізді қуантады. Облысымызда бұл спорт түріне ерекше ден қойылып отыр. Жас қатысушыларымыз көп болған сайын болашақ Олимпиада чемпиондарының қатары толысатынына сенім білдіреміз, - деді Ербол Нұрғалиев. 

Турнир 9 мамыр күніне дейін жалғасып, шапшаңдар мен алғырлар Жеңіс күнінде анықталады.

CS2 KZ 2025: Қазақ киберспортшыларына Астана төріндегі PGL сахнасы ашық
25 сәуір 2025
CS2 KZ 2025: Қазақ киберспортшыларына Астана төріндегі PGL сахнасы ашық

Автор: ulys.kz тілшісі

«PGL» — бұл жай ғана үш әріп емес. Бұл — әлемдік деңгейдегі шайқас алаңы. Бұл — мыңдаған жанкүйердің көз алдында, миллиондаған көрерменнің алдында өз еліңнің атынан шығатын, тек мықтылардың мекені. Биыл бұл сахнаға алғаш рет қазақ киберспортшылары жолдама алуы мүмкін. Себебі, CS2 KZ 2025 Community Cup турнирі осындай мүмкіндік беріп отыр.

Ертең, 26 сәуірде, отандық ойыншылар үшін аса маңызды күн. Бұл — республикалық ауқымдағы іріктеу кезеңдерінің соңғы күні. Бір ай бойы әр сенбі сайын 166 команда, яғни 800-ге жуық ойыншы Counter-Strike 2 алаңында тер төкті. Ендігі кезекте 3–4 мамырда плей-офф, ал 15 мамырда Астанадағы The Hood клубында LAN-финал өтпек.

Бұл — бір қарағанда жай ғана жарыс емес. Бұл — үлкен арманға жол ашатын көпір. Өйткені, бас жүлде – PGL Astana 2025 сахнасына шығу. Жеңімпаз команда сол жерде әлемнің ең мықтыларымен иық тірестіріп, 5 VIP-орын иеленеді. Бұл — бұрын-соңды Қазақстанда болмаған жағдай.

Qazaq Cybersport Federation президенті Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, бұл турнирдің басты мақсаты – жастарға тек ойын емес, мүмкіншілік беретін платформа жасау.
«PGL — бұл Қазақстанның киберспорт картасындағы орнының нығайғанын көрсететін оқиға. Біздің ойыншыларға әлемдік деңгейге шығуға жол ашып, отандық жанкүйерлерге NAVI, G2 Esports, Astralis сынды командаларды өз көздерімен көруге мүмкіндік береді. Қазақстан CS2-де әрқашан мықты болған. Енді сол мықтылықты әлем сахнасында дәлелдейтін уақыт келді», – дейді ол.

Ең қызығы, турнирге қатысушыларға жай ғана сахна емес, нақты қолдау да көрсетілуде. Финалистердің жолақысы мен тұруы толықтай Winline компаниясының қолдауымен қамтамасыз етіледі. Ал екінші орынды иеленген команда 5 стандартты билетке ие болады. ТОП-4 құрамына кіргендердің барлығы геймерлік құрылғылармен марапатталады.

Ал PGL Astana 2025 турнирі ше? Бұл жай ғана жарыс емес. Бұл — S-Tier санатына жататын, Valve-дің ресми тізіміне кіретін беделді турнир. 16–18 мамырда Barys Arena сахнасында өтетін финалдық бәсекеде әлемнің 16 үздік командасы бақ сынасады. NAVI, Team Spirit, Virtus.pro... Тізім ұзақ, атағы биік.
Ең бастысы — бұл турнирдің жүлде қоры – 1 250 000 АҚШ доллары. CS2 тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Бәлкім бұл жарыс біреудің өмірін өзгертеді. Бәлкім, бұл Қазақстандағы жаңа дәуірдің басталуы. Бұрын ел намысын бокстан, күрестен, шахматтан қорғап жүргендер еді. Енді — CS2. Енді — киберспорт. Енді — Астана.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.