Ішкі істер министрлігі Қазақстанға жақын бір елге қарай бағыт алған 10 вагоннан құны 120 млн теңге болатын 750 тонна мұнай тәркіледі, деп хабарлайды Ulys.
Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, вагондар іргелес бір елге жөнелтілмек болған. Бірақ, нақты қай мемлекет екені нақтыланбаған.
«Мұнай өнімдерін рұқсат құжатсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді жедел-тергеу өтіп жатыр», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.