Валюта бағамы
  • USD -

    476.3
  • EUR -

    522
  • RUB -

    5.39
Киевте қастандық жасалған қазақстандыққа қатысты тергеу басталды- Бас прокуратура
https://azattyq-ruhy.kz/ 21 маусым 2024
Киевте қастандық жасалған қазақстандыққа қатысты тергеу басталды- Бас прокуратура

Қазақстанның Бас прокуратурасы Киевте қастандыққа тап болған қазақстандық журналист Айдос Садықов ісінің мән-жайын жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 18 маусым күні Киевте Айдос Садықовтың өміріне қастандық жасау фактісі бойынша ҚР Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу бастаған. 

«Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды. Ол қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел іздестіру шараларын жүргізеді» дейді ведомстводан. 

Айта кетейік, кеше Қазақстанның Бас прокуроры Украина Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, бүкіл көмек көрсету жөнінде ұсыныс жасаған болатын.

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды. 

Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр.

Украина прокуратурасы екі күдіктінің сол күні-ақ шекараны кесіп өтіп, елден кетіп қалғанын хабарлады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте жасалған қастандық жайында пікір білдірген еді.

 

RELATED NEWS
Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
13 мамыр 2024
Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті, деп хабарлайды Ulys.

«Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ашық дауыс беру арқылы шешті. Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді судья.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Түркістанда педофил 25 жылға сотталды
06 маусым 2024
Түркістанда педофил 25 жылға сотталды

Түркістанда үш қызды зорлаған педофилге сот үкімі шықты. Жасөспірімдерге азғындық көрсеткен сотталушы 25 жылын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды Ulys  OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар сот оған қатысты химиялық кастрациялау шарасын тағайындады.

Жаға ұстатарлық жайт осыдан екі жыл бұрын Отырар ауданы Арыс ауылында болған. Сотталушы ағасының жасөспірім қызымен бірге ойнауға келген құрбыларына қатысты бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған. Оқиғаның қалай болғанын жеткіншектердің өздері айтып берген.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған», – дейді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Астанада жас қыздарды сексуалды қызметке мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды
29 мамыр 2024
Астанада жас қыздарды сексуалды қызметке мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер минитсрлігі 22-24 мамыр аралығында «STOP-трафик» жедел алдын алу шарасын өткізді. Оның барысында адам саудасының 49 фактісі, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты тоғыз факт анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Адамдар «трафигімен» байланысты заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырған күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету деректері бойынша үш тергеу басталды. 

Мысалы, Астана қаласында тоғыз «элиталық» монша кешенінің аумағында жас қыздарды сексуалдық қанау және мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жүйені жолға қойған 17 адамнан тұратын топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.

30-дан астам тінту кезінде ақша және алты автокөлік тәркіленді.

Негізгі фигуранттар қамауға алынды.

Шымкент қаласында осыған ұқсас ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Мұнда жалпы сомасы 1 млн теңге және 16 мың АҚШ долларынан астам қаражат, 10 автокөлік тәркіленді.

Топ жетекшілері мен мүшелері қамауға алынды.

— Петропавл қаласында 2023 жылдан бастап зорлық-зомбылық пен бопсалау арқылы жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ әрекет еткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бірқатар өңірде әлеуметтік осал топтардан шыққан адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеу фактілері анықталды. 

— Қарағанды қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоқан-лоққы және күш көрсетіп, оларды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, «бизнес» ұйымдастырған адамдар тобы ұсталды. Қылмыскерлер өз құрбандарының есебінен жылына 10 млн теңгеге дейін табыс тауып отырған. Осыған ұқсас қылмыстық топтардың әрекеттері Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының аумағында әшкереленді. Онда мүгедектер мен жас балаларды базарлар мен вокзалдар аумағында пайдаланған. Барлық қылмыскерлер құрықталды. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, — деді Қуандық Алпыс.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.