Валюта бағамы
  • USD -

    513.1
  • EUR -

    577
  • RUB -

    6.35
Кейбір өңірлерде су басу қаупі әлі сейілген жоқ – Үкімет басшысы
23 сәуір 2024
Кейбір өңірлерде су басу қаупі әлі сейілген жоқ – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың, батыс өңірлердің, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының әкімдерінің су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баяндамалары тыңдалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы атап өткендей, елімізде су тасқыны жағдайы біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты. Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады.

Жұмыс уақытында ТЖ аймақтарынан барлығы 119 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бүгінде Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылдануда.

Үкімет басшысы Министрлер кабинетінің назарын су тасқыны кезінде зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу жұмыстарына аударды. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алды.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке қосымша тағы 150 АЕК-ке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаныңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан аброймен өтеміз деп білемін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі.

Сонымен қатар Премьер-Министр кейбір өңірлерде су басу қаупі әлі де сейілмегенін атап өтті. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде. 

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне әкімдіктермен бірге су тасқынына байланысты жағдайға бақылауды күшейтуді жалғастыру және және қажет болған жағдайда шұғыл әрекет етіп, халықты көшіруді қамтамасыз ету тапсырылды. Экология министрлігі су объектілері мен өзендерде гидробекеттер санын ұлғайтуы қажет.

«Өңір әкімдіктері су басқан үйлерді, ғимараттар мен нысандарды тез арада техникалық тексеруді аяқтасын. Су кеткен жерлерде көпке созбай, тасқыннан кейінгі тазарту, дезинфекциялау және қалпына келтіру жұмыстарын бастау қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тұрғын үйлерді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жергілікті жерлердегі барлық жұмыстарды үйлестіру үшін жедел топ құру тапсырылды.

«Құрылыс және жөндеу жұмыстарының нақты жоспары қажет. Бұл жағдай бізге инфрақұрылымды жаңартуға, елді-мекендерді көріктендіруге жаңаша көзқарасты қалыптастырады. Оның үстіне Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша “Таза Қазақстан” ауқымды акциясы басталды. Баршаңызға Президенттің сөзін естеріңізге салғым келеді, бұл бір реттік акция немесе науқан емес, тұрақты жұмысқа айналуы керек. Бұл елді-мекендерді көріктендіруге қатысты жаңаша көзқарас қалыптастырады», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

RELATED NEWS
Қазақстанның 20-дан астам елді мекенінде су тасқаны болуы мүмкін
05 ақпан 2025
Қазақстанның 20-дан астам елді мекенінде су тасқаны болуы мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарындаТөтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны қаупі бар аймақта 23 елді мекен бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Бұл статистиканы мамандар береді. Кейбір депутаттар осы өңірдің барлығын су басады деп шошып жатыр екен. Олай болмайды. Белгілі бір жұмыс жүргіземіз. Кейбір өңірден ол қауіптер жойылды. Ал өңірлер бойынша су тасқыны қаупі төніп тұрған ТОП-5 аймақты айтатын болсақ, БҚО, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары болып отыр», - деді Шыңғыс Әрінов

Су тасқынына дайындық:  ел аумағының 71%-ында қар жатыр
11 наурыз 2025
Су тасқынына дайындық: ел аумағының 71%-ында қар жатыр

Үкімет  отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын хабарлады. 

 Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті. Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.
«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар қалың, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түседі деп күтіліп отыр. Мысалы, Астанада бірінші онкүндіктің өзінде айлық жауын-шашын мөлшері түсті», 
— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

Су тасқынымен күрес: 5 мыңнан аса отбасы қоныс тойын тойлады
08 тамыз 2024
Су тасқынымен күрес: 5 мыңнан аса отбасы қоныс тойын тойлады

Су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасыға арнайы салынған және сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй салу және сатып алу, сондай-ақ оларға жан-жақты көмек көрсету бойынша өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Қираған баспанасының орнына 4769 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Сонымен қатар зардап шеккен өңірлерде 2568 жаңа үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, оның ішінде 470 нысан бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, тұрғындарға кілттер табысталды.

Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы аяқталған 285 үй, Қостанай облысында 57, Батыс Қазақстан облысында 80, Ақтөбе облысында 43 және Павлодар облысында 5 үй пайдалануға берілді.

Барлық облыста су басқан тұрғын үйлерді тексеру және бағалау жұмыстары 100% аяқталды. Жалпы сомасы 49,3 млрд теңгеге 8 853 отбасы тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге тиісті төлем алды.

34 216 отбасыға 12,6 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді. Сондай-ақ жоғалған бірінші қажеттіліктегі заттарын сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша төлемдер берілуде. Бүгінгі таңда 9,9 млрд теңгеге 21 869 отбасы осындай көмек алды.

Зардап шеккен бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Өңірлік комиссиялар жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге ШОБ субъектілерінің 455 өтінімін қарап, мақұлдады.

Суға кеткен мал үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 2,8 млрд теңгеден асты.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.