ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің орынбасары болған Дәулет Ерғожинге тағы екі бап бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Ulys ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің хабарлауынша, Ерғожинге қатысты тергеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта оған ҚР ҚК-ның 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы, яғни «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)» және ҚР ҚК-нің 366-бабының 4.4-бөлігі – «Аса ірі мөлшерде пара алу» бойынша қүдік келтіріледі.