Валюта бағамы
  • USD -

    517.5
  • EUR -

    587.5
  • RUB -

    6.19
 Жезқазғанда көлік өздігімен жүріп,  5 адамды қағып кетті
скриншот 28 мамыр 2024
 Жезқазғанда көлік өздігімен жүріп,  5 адамды қағып кетті

 5 жасар баланың әрекетінен көлік өздігімен қозғалып,  адамды қағып кетті, деп хабарлайды Ulys Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Жезқазған қаласында болған. Көлікте отырған бала қол тежегішті түсірген.

Салдарынан көлік артқа жүріп, бірнеше адамды қағып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Аталмыш оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

«Полиция жол-көлік оқиғасын тіркеді, зардап шеккендер жоқ. Көлікте отырған 5 жасар баланың тежегіш тұтқасын алып тастағаны анықталды. Салдарынан автомобиль өздігінен жүріп, жаяу жүргіншілерге барып соқтығысты. Түрлі дене жарақаттарын алған 4 жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

RELATED NEWS
Астанада пойыз жолында жарылыс болды
14 ақпан 2025
Астанада пойыз жолында жарылыс болды

14 ақпанға қараған түні Астанадағы теміржол вокзалына пойыз арқылы жеткізілген контейнер жарылды, деп хабарлайды Ulys.

Жарылыс түнгі сағат 00:25-те Астана стансасындағы іріктеу алаңының 12-жолағында болды. Елордаға пойыз арқылы жеткізілген жүк контейнері жарылған. Бір адам қолынан жеңіл жарақат алды, алайда ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Полицейлер жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төнбегенін хабарлады.

«Көліктегі полиция департаменті бұл оқиға бойынша «Темір жол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына дереу департамент басшылығы жеткен. Арнайы жедел топ құрылды, олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісіп кетті», - деп хабарлады Көліктегі ПД.

ҚТЖ жарылған контейнердің жеке компанияға тиесілі екенін хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша ішінде электр жабдықтары – трансформаторлар мен генераторлар болған.

Түркістанда 50-ден астам адам суши мен пиццадан уланды
13 наурыз 2025
Түркістанда 50-ден астам адам суши мен пиццадан уланды

Түркістанда 57 адам тамақтан уланып, көмекке жүгінген, деп хабарлайды Ulys.

Түркістан қаласында дәмханадан пицца, суши, чикен тағамын сатып алып, уланғандар саны 57 адамға жетті. Олардың 28-і - кәмелет жасқа толмаған балалар. Барлығы 22 адам ауруханаға жатқызылған, қалғаны амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Бұған дейін жан сақтау бөліміне жатқызылған үш адам жалпы бөлімге ауыстырылған. 

Полиция қаулысымен аталған дәмхана жабылып, қылмыстық іс қозғалды. 

Ресми ақпаратқа қарағанда, уланғандардың бәрі Түркістан қаласындағы дәмханадан пицца, суши, чикен тағамын үйіне тапсырыспен алып, тамақтанған. Көп өтпей олардың іші өтіп, құсып, басы айналып, көзі кіртиіп, аяқ-қолы мұздап, ерні көгерген. Барлығы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Ақтауда сарбаз көз жұмды
09 қыркүйек 2024
Ақтауда сарбаз көз жұмды

Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз көз жұмды. Бас әскери прокуратура Ақтаудағы сарбаз өліміне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulys.

2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, ол көз жұмды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі), делінген әскери прокуратура мәлімдемесінде. 

Мәлімдемеге қарағанда, тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстап, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алған. 

Іс бойынша процестік прокурор тағайындалған.



Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.