Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгін жаңазеландиялық Андрей Михайловичтен басым түсті, деп хабарлайды Ulys.
12 раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыз айқын басымдылық танытты. Бірінші раундта Андрей Михайловичті нокдаунға түсірді. Ал, тоғызыншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Жәнібек қарсыласын Сиднейде сан соқтырып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:
«Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апта салып араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», - Әлімханұлы.