Валюта бағамы
  • USD -

    519.9
  • EUR -

    610.5
  • RUB -

    6.51
ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯДА ТЕРРАКТІДЕН 49 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
15 наурыз 2019
ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯДА ТЕРРАКТІДЕН 49 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Бүгін Жаңа Зеландиядағы екі мешітке жасалған шабуылдан 49 адам қаза тауып, 20 адам жараланды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Джасинда Арден хабаралды. Премьер Арден мұны "теракт" деп атады. azattyq.org сайтының хабарлауынша, шабуыл қала ортасындағы Әл-Нұр мешіті мен Линвуд қаласының іргесіндегі мешітке жасалған. Әл-Нұрда – 30, Линвудтегі мешітте 10 адам қаза тапқан.

Күдіктінің бірі мешіттегі адамдар намаз оқып жатқанда кіріп келген. "Қолында үлкен тапанша болды. Кірді де адамдарға шетінен ата берді" дейді шабуыл кезінде қашып үлгерген Ахмад әл-Махмуд есімді азамат.

Жаңа Зеландия пермьер-министрінің айтуынша, күдікті ретінде қамауға алынған төрт адам эстремистік көзқараста болған, бірақ полиция есебіне алынбаған.

Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон ұсталғандардың бірі австралиялық азамат екенін растады. Шабуылды мойнына алған азамат манифестінде өзін "28 жастағы ақ австралиялық" деп атап, "Жаңа Зеландияға шабуылды ұйымдастыру үшін ғана келгенін" айтқан.

Премьер-министрі Джасинда Ардерн "Мұндай жағдай бұрын-соңды болған емес. Бүгін – ел тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі" деп мәлімдеді.

суредер: usatoday.com

 

RELATED NEWS
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ
25 қаңтар 2019
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ

«Ukrinform» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киев соты Януковичке "мемлекетке опасыздық жасау, басқыншылық соғысқа көмектесті" деген баптар бойынша айып тағып, 13 жылға соттады. Негізгі дәлелдерінің бірі Януковичтің Ресей президенті Владимир Путинге Украинаға әскер кіргізуді сұрап жазған хаты болды. Сырттай үкім кесілген президент 2014 жылдан бері Ресейде бас сауғалап жүр. Ресейдің Бас прокуратурасы оны қайтару туралы Украинаның сұрауынан бас тартқан болатын.

 

сурет: ukrinform.ru

https://www.ukrinform.ru/rubric-polytics/2626411-anukovic-put-k-izmene-i-kak-s-etim-pokoncit.html

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алды
03 сәуір 2024
Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алды

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алып, 10-нан аса тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды  Еuronews.

Тайваньның шығыс жағалауында болған 7,2 магнитудалы жер сілкінісінен кем дегенде тоғыз адам қаза тапқаны хабарланды. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында, жүздеген адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Зілзала Тайваньның шығыс жағалауында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат сегіз шамасында тіркелді. Ол бүкіл аралда сезілді. Тайваньның шығысындағы Хуалянь қаласында бірнеше ғимарат қирап, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

20 миллионнан астам адам тұратын аралда теміржол қатынасы тоқтатылды.

Иран Израильге 150-ге жуық зымыран ұшырды
14 сәуір 2024
Иран Израильге 150-ге жуық зымыран ұшырды

Израильдің бірер апта бұрын жасаған шабуылына жауап ретінде Иран 150-ге жуық зымыран ұшырды. Израиль армиясы зымыранның бәрін қағып алғанын айтты айтты, деп хабарлайды BBC.

Америка Құрама Штаттары Израильге Ираннан ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды толықтай атып түсіруге көмектескен. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден айтты.

«Осы орналастырудың және біздің әскерлеріміздің ерекше шеберлігінің арқасында біз Израильге қарата ұшырылған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды толықтай атып түсіруге көмектестік. Мен бұл шабуылдарды қатаң түрде айыптаймын», - деді Америка президенті.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.