Валюта бағамы
  • USD -

    513.1
  • EUR -

    598
  • RUB -

    6.55
ЖАМАЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАЗБАСЫ
02 желтоқсан 2018
ЖАМАЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАЗБАСЫ

Жақында Freedom House-тың 2018 жылдағы «Әлемдегі бостандық» туралы есебін қарап, күйінішті түйін жасадым. Араб әлемінен тек бір ғана елді «еркін» деп атауға болады екен. Ол – Тунис. Одан кейінгі орында «жартылай еркін» мемлекет деген анықтамаға сай келетін Иордания, Марокко және Кувейт тұр. Қалған араб елдері «еркіндіктен жұрдай».    

Демек осы елдерде тұратын арабтарға ақпарат мүлде берілмейді немесе жалған ақпарат беріліп отыр. Олар дұрыс шешімдер қабылдай алмайды, ашық пікірталасқа түсе алмайды, қылаяғы күнделікті тұрмысын түзеуге септігін тигізетін қарапайым іс-әрекеттерді де жасай алмайды. Араб елдеріндегі саясат қоғамның психологиялық-эмоциялық күйіне тікелей ықпал етеді және осыған көз жұмып отырған халықтың біраз бөлігі шын мәнісінде азап шегуде. Қасіретті болса да айтайын: әрине бұл жағдайдың жақсы жаққа қарай өзгере қоюы екіталай.

2011 жылы араб әлемінде үміт ұшқыны пайда болды. Журналистер, ғалымдар мен қарапайым халықтың басым бөлігі өз елдерінің жарқын және еркін келешегіне сенім артты. Олар «биліктің бишігінен біржола құтыламыз, жеке өмірлеріне биліктің араласуын тоқтатамыз, сөз бостандығына қол жеткіземіз» деп үміттенді. Бірақ үміт шоғы тез өшті; бұл елдер кері кетіп, «таз қалпына» қайта келді әрі бұрынғыдан да ауыр қиындықтарға тап болды.

Қымбатты досым, саудиялық белгілі жазушы Салех әл-Шехи мақаласында Сауд Арабияда бұрын-соңды жарық көрмеген ең атышулы материалдарының бірін жазды. Өкініштісі сол, үкіметті сынағаны үшін ол 5 жылға сотталып, қазір түрмеде отыр. Мысыр билігінің күн сайын шыққан «Әл-Масри Әл-Юм» жекеменшік газетін таратпай, алып кетуі журналистерді қазір еш таңқалдырмайды. Биліктің бұл әрекеті жазасыз қалып отыр, халықаралық қауымдастық та бұларды байқамаған сыңай танытады. Бірақ адамдар бәрін көріп, көргенін айыптап отыр.

Араб билігіне БАҚ-тың жанайқайын тұншықтыру құқығы сыйға берілген. Бір кездері журналистер Интернетте нағыз бостандық орнайды, баспа БАҚ-ты құрсаулап алған цензура атымен болмайды деп ойлаған еді. Бірақ бар өмірі ақпарат нөпірін бақылауда ұстау мүмкіндігіне тәуелді билік Интернетке де тырнағын батырды. Олар журналистерді қамады, жарнама жасаушыларға қысым көрсетті: мұның бәрі кейбір мақалаларды ат төбеліндей ғана адамдар көруі үшін жасалған қадам.

Қазір «Араб көктемінің» рухын бойына сіңірген бірнеше құнарлы алаң ғана қалды. «Ескі араб тәртібін» сақтап қалуға жанталасып отырған көршілеріне қарағанда Катар билігі халықаралық БАҚ-тың еркін дамуына жол ашып отыр. Медиа «жартылай еркіндікке ие» Тунис пен Кувейттің өзінде бар назар ұлы араб әлеміндегі қауіп-қатерге емес, ішкі мәселелерге аударылып отыр. Бірақ олар да саудиялық, мысырлық және йемендік журналистерге сөз беруден қорқады. Ал Ливан ше? Араб әлемінің інжу-маржанына айналған бұл елдегі жағдай қандай? Мұнда БАҚ-тағы қоғамдық пікір де біржақты қалыптасқан, барлық ақпараттық басымдық Иранның жақтасы «Хезболла» партиясының мүддесіне құрылған.

Қазір бүкіл араб әлемі «Темір перденің» жаңа нұсқасының құрсауында отыр. Оны сыртқы емес, ішкі саяси күштер жасаған. «Қырғи-қабақ соғыс» кезінде билік институттарын сынаудың құралына айналған «Еуропадағы Азаттық радиосы» бостандыққа деген үміт шоғын үрлеуде елеулі рөл атқарды. Арабтарға осыған ұқсас бірдеңе керек. 1967 жылы The New York Times пен The Washington Post бүкіл әлемнің мұң-мұқтажын білуге болатын тұғырнамаға айналған International Herald Tribune халықаралық газетін құрды.

Құтты шаңырағым – The Washington Post көптеген мақалаларымды араб тіліне аударып, жариялау бастамасын қолға алды. Осы үшін оған алғысымды білдіремін. Арабтар АҚШ пен Батыстағы демократияның түрлі қыр-сырын түсініп, талқылап отыру үшін өз ана тілінде оқи алуы керек. Сондай-ақ бұл демократияға кедергі келтіріп отырған қиындықтардың төркінін түсінуге де жол ашады. Егер Мысыр тұрғыны The Washington Post-тан осы газетті құру процесі сипатталған мақаланы оқыса, ол осыған ұқсас жобаны өз елінде де іске асыруға болатынын түсінер еді.

Араб әлеміне ескі халықаралық медианың заманауи нұсқасы ауадай қажет. Бұдан адамдар жаһандық оқиғаларға қанығып отырады. Ал қазір арабтарға пікірін ашық білдіру мүмкіндігін беру әлдеқайда маңызды болып отыр. Біз кедейліктің, икемі жоқ үкіметтің және шала білімнің азабын тартып келеміз. Араб әлеміндегі қарапайым адамдар ұлттық үкіметтер мен олар таратып отырған үгіт-насихатқа тәуелді емес халықаралық форум құру арқылы туған елдерінің қордаланған мәселелерін шеше алады.

Аударған: Ернат ҚАШҚЫНОВ, аудармашы-журналист

RELATED NEWS
Қазақстанның үш қаласына ерекше мәртебе берілмек
12 сәуір 2025
Қазақстанның үш қаласына ерекше мәртебе берілмек

ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Астана, Алматы, Қарағанды «1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім келісілді, деп хабарлайды Бұл туралы СІМ хабарлады.

Кездесуде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД ұйымын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсынысты ортаға салды. Осы тұрғыда Қазақстан бастамаларын жүзеге асыруда Достастық бойынша серіктестердің қолдауы ерекше аталып өтті.

«Еліміздің ұсынысы бойынша бүгінгі таңда Волонтёрлер форумы, Достастық жәрмеңкесі, ТМД Академиялық астанасы және басқа да көптеген жоба бірлескен күш-жігердің арқасында іске асырылып жатыр немесе жақын болашақта өткізуге жоспарланған», – деп мәлімдеді сыртқы істер министрі.

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ТМД елдерінің бірқатар қаласына, соның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды және басқа да қалаларға «1941-1945 жж. Еңбек даңқы қаласы» құрметті атағын беру туралы шешім келісілді.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2025 жылғы қазан айында ТМД Мемлекет басшылары саммиті қарсаңында Душанбе қаласында өтеді.

Ақордада Қонаев және Алатау қалаларын дамыту мәселелері айтылды
28 сәуір 2025
Ақордада Қонаев және Алатау қалаларын дамыту мәселелері айтылды

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

 Марат Сұлтанғазиев экономиканың негізгі секторларында өсім байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 миллиард теңгені құраған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.

Президентке жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасының іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Оның ішінде «GALANZ bottlers» өндіріс алаңының кеңеюі, «Бартоғай ГЭС-28» және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар. Жалпы, өңірде құны 2,4 триллион теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысына Қонаев және Алатау қалаларын дамыту барысы жөнінде айтылды. Жаңа бас жоспарға сәйкес, облыс орталығында «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілуде. Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.

Облыс әкімінің айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұдан бөлек, өңірдегі үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті. Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысына баса мән беруді тапсырды.

Тоқаев: Президент – халық жалдаған мемлекеттік қызметкер
30 қыркүйек 2024
Тоқаев: Президент – халық жалдаған мемлекеттік қызметкер

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент өз сөзінде бұрын-соңды болмаған геосаяси тұрақсыздық жағдайында дипломатия шешуші рөлге ие болғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда
– Геосаясат пен геоэкономикадағы түбегейлі өзгерістер, жаһандық деңгейдегі климаттық және демографиялық сын-қатерлер, пандемияның жаңа қаупі, қарулану бәсекесінің өрши түсуі, технологиялық прогресс, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу жағдайында стратегиялық тұрақтылық пен орнықты даму мәселелері баршамыз үшін өзекті бола түсті. Бұдан шығатын қорытынды анық: халықаралық қоғамдастық сындарлы диалогқа тың серпін беруі үшін күн тәртібіне оң өзгеріс жасауы қажет. Сондықтан біртұтас еуразиялық қауіпсіздік идеясы көпполярлы, әділетті және орнықты әлемдік тәртіпті қалыптастыруға тұжырымдамалық негіз бола алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы конференция қатысушыларына қоғамдық өмірдің барлық саласында жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы ауқымды өзгерістер жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, саяси реформалардың ең басты жаңалығы – Конституцияда Президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу туралы ереженің бекітілуі.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда
– Мұндай норма посткеңестік елдердің, тіпті одан тысқары мемлекеттердің ешқайсысында жоқ. Менің ойымша, Президентті бір рет жеті жылға сайлау – оның сайлауалды бағдарламасы мен реформаларын жүзеге асыруға жеткілікті уақыт. Оған қоса Президент – халық жалдаған мемлекеттік қызметкер. Елімізде Заң мен Тәртіп үстемдік құруға тиіс екеніне сенімдімін. Тек сонда ғана реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға қажетті жағдай жасай аламыз. Заң мен Тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі. Әділдікке қашан да, қай жерде де мұқтаждық бар. Біздің елде де солай. Қолға алған реформаларды іске асыру қаншалықты қиын болса да, діттеген мақсатымызға жетпей қоймаймыз. Оны ешкім тоқтатпақ тұрмақ, бағытынан жаңылдыра алмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуда білім саласының маңызы зор екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, қазір Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда
– Бүгінде елімізде Ресейдің танымал жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының филиалын ашу жоспарланып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пленарлық отырыста Ресей Президентінің көмекшісі Владимир Мединский конференция қатысушыларына Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкунов оқу орнының 80 жылдығына орай осынау іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда
– Біз конференция тақырыбын кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Мұның аясында экономика және қауіпсіздік саласындағы көпжақты ынтымақтастықтың дәстүрлі мәселелері климаттық күн тәртібіндегі жаңа сын-қатерлермен, сондай-ақ Еуразия кеңістігінде энергетика және көлік инфрақұрылымын дамытудың жай-жапсарымен бірге қаралды, – деді Анатолий Торкунов.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясына қатысты.
Фото: Ақорда

Жиынға Қазақстан мен Ресейдің көрнекті ғалымдары, дипломатиялық қызмет ардагерлері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, саясаттанушылар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.