Валюта бағамы
  • USD -

    494.5
  • EUR -

    533.5
  • RUB -

    5.09
Израильдің Ливанға әуе шабуылынан 1000-нан аса адам көз жұмды
Фото: Анадолы 29 қыркүйек 2024
Израильдің Ливанға әуе шабуылынан 1000-нан аса адам көз жұмды

16 қыркүйектен бері Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 1030 адам қаза тауып, 6352 адам жарақат алды, деп жазады Анадолы агенттігі.

Агенттік таратқан мәліметке қарағанда, 16-27 қыркүйек аралығында Израиль шабуылдары 1030 адамның өмірін қиған. Соңғы екі аптада қаза тапқандар арасында 156 әйел мен 87 бала болғанын, сондай-ақ осы уақыт ішінде 6 352 адамның жараланған.

 

RELATED NEWS
Франция билігі Павел Дуровқа 12 эпизод бойынша айып тақпақ
27 тамыз 2024
Франция билігі Павел Дуровқа 12 эпизод бойынша айып тақпақ

Франция прокуратурасы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың өткен сенбіде Парижде ұсталуына байланысты баспасөз мәлімдемесін таратты. Бұл туралы ВВС жазды.

Париж прокуратурасы Павел Дуровқа тағылуы мүмкін 12 эпизодты жариялады. оның ішінде құзырлы органдарға ақпарат беруден бас тарту, алаяқтық пен есірткі сатуға қатысының болуы, балалардың порнографиялық видеоларын сақтауға, киберқылмыстарға, ақша жылыстатуға қатысуы және т. б. бар. 

Прокуратура 8 шілдеде ашылған істі Киберқылмыспен күрес орталығы мен Ұлттық алаяқтықпен күрес басқармасы (ONAF) тергеп жатқанын айтты.

Әлемге коронавирустың жаңа қауіпті түрі тарап жатыр - БАҚ
17 қыркүйек 2024
Әлемге коронавирустың жаңа қауіпті түрі тарап жатыр - БАҚ

Әлемге коронавирустың жаңа түрі – ХЕС тарап жатыр. Бұл бұрынғыға қарағанда қауіптірек, деп хабарлайды BBС..

«Ковидтің бұл түрі алғаш рет маусым айында Германияда пайда болған. Кейін Ұлыбритания, АҚШ, Дания елдерінен табылды», - деп жазды Scripps Research институтының директоры, америкалық ғалым Эрик Топол твиттер парақшасында.

Оның айтуынша, ХЕС жаңа ғана басталып жатыр, бірнеше апта мен бір-екі ай өткен соң, күшіне мініп, сырқаттың жаңа толқыны туады.

Мутацияланған ХЕС өткен ковид вирусына қарағанда тезірек тарайды. Ғалымдар қазіргі қолданыста бар вакциналар бұл вирустан келетін ең ауыр зардаптардың алдын алады деп отыр.

Ұлыбритания ғалымы Франсуа Балудың сөзінше, алдағы қыста ХЕС коронавирустың негізгі түріне айналуы бек мүмкін.

Парижде Павел Дуров ұсталып, қамауға алынды
25 тамыз 2024
Парижде Павел Дуров ұсталып, қамауға алынды

Бұл жөнінде француздың TF1 LCI арнасы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, оны Әзербайжаннан ұшып келген жерінен ұстап әкеткен. Ол Францияға жеке бизнес-джетімен ұшып барған. Телеарна дер

Алдын ала мәлімет бойынша, Франция прокуратурасы қылмыстық іс қозғау мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұлтартпас шарасын қолдану мәселесін де шешпек.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.