Израиль армиясы барлау деректері негізінде Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболла" нысандары мен инфрақұрылымына қарсы құрлықта шектеулі рейд бастағанын хабарлады. Бұл туралы BBC жазды.
Израиль мәліметінше, нысандар "шекараға жақын ауылдарда орналасқан, олар Израильдің елді мекендеріне тікелей қауіп төндіріп тұр".
Құрлықтағы операция алдында Израиль армиясы Ливан аумағындағы "Хезболла" тобымен байланысты нысандарға әуеден жаппай шабуыл жасады.
Операция жоспары 30 қыркүйек кешке Израиль үкіметі отырысында мақұлданды.
Кейбір дереккөздер Ливан армиясы оңтүстіктегі шекарадан әскерін бірнеше шақырымға шегіндіргенін жазды.