Иран Украинаның boeing ұшағын аңдаусызда атып
алғанын мойындап отыр.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Иранның Сырты істер
министрі Мохаммад Джавад Зариф трагедияның себебі —
адамның қателігі деді. АҚШ-пен арадағы дағдарыс кезінде
жіберіп алған үлкен ағаттық екенін мәлімідеді. Иран
президенті Хасан Роухани болса, жол берілген қайғылы
оқиғаға қатты өкініш білдіріп, кінәлілерді жауапқа
тартатындарын айтты.


«Ukrinform» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киев соты Януковичке "мемлекетке опасыздық жасау, басқыншылық соғысқа көмектесті" деген баптар бойынша айып тағып, 13 жылға соттады. Негізгі дәлелдерінің бірі Януковичтің Ресей президенті Владимир Путинге Украинаға әскер кіргізуді сұрап жазған хаты болды. Сырттай үкім кесілген президент 2014 жылдан бері Ресейде бас сауғалап жүр. Ресейдің Бас прокуратурасы оны қайтару туралы Украинаның сұрауынан бас тартқан болатын.
сурет: ukrinform.ru
https://www.ukrinform.ru/rubric-polytics/2626411-anukovic-put-k-izmene-i-kak-s-etim-pokoncit.html

Сауд Арабиясындағы Меккеге қажылық сапары кезінде аптап ыстықтан жүзден аса адам көз жұмды, деп хабарлады DW .
Көз жұмғандардың нақты саны белгісіз, бірақ AFP агенттігінің хабарлауынша, тек қажылық кезінде кем дегенде 550 адам мерт болған.
Оның ішінде 323-і Мысырдан келген.
Tunis Afrique Presse ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құрбандар арасында Тунистің 35 азаматы бар.
Иорданияның Сыртқы істер министрлігі қажылыққа Иорданиядан барғандарды жерлеуге 41 рұқсат берілгенін хабарлады.
Иранның ИРНА ақпарат агенттігі 11 ирандықтың қаза тапқанын, тағы 24-і ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Сондай-ақ үш Сенегал азаматы мен 144 Индонезия азаматының қайтыс болғаны айтылды.
Бұл адамдардың көпшілігі қатты аптап ыстықтан қайтыс болды, деп хабарлады туыстары әлеуметтік желіде.

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алып, 10-нан аса тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды Еuronews.
Тайваньның шығыс жағалауында болған 7,2 магнитудалы жер сілкінісінен кем дегенде тоғыз адам қаза тапқаны хабарланды. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында, жүздеген адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
Зілзала Тайваньның шығыс жағалауында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат сегіз шамасында тіркелді. Ол бүкіл аралда сезілді. Тайваньның шығысындағы Хуалянь қаласында бірнеше ғимарат қирап, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.
20 миллионнан астам адам тұратын аралда теміржол қатынасы тоқтатылды.
