1 қазан кешкісін Иран Израильді ракетамен атқылады. Бұл туралы BBC жазды.
Шабуыл кезінде бүкіл Израиль аумағында дабыл қағылып, тұрғындарға қауіпсіз жерге тығылуға бұйрық берілді. Израиль әскері Иран 180 ракета жіберді дейді. Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының арнайы жасағы бұл шабуылды ХАМАС лидері Исмаил Ханияның, "Хезболла" лидері Хасан Насралланың және Иран жасағының командирі Аббас Нилфрушаның өліміне жауап деп мәлімдеді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел аумағын баллистикалық ракеталармен атқылаған Иран "үлкен қателік жасады, бұған жауап береді" деп мәлімдеді.