Ішкі істер министрлігі елордадағы «Астана Опера» театры жанындағы LED-экранда Ресей туының өзгеріп, Украина туына «айналу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulys.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ LED-экранға шетелден хакерлік шабуыл жасалғанын растады.
Ал Ішкі істер министрлігі «Керуен Медиа» ЖШС-ға қатысты оқиға бойынша тергеу амалдарын бастаған.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқасы, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылады. ІІМ заң және тәртіп қағидатын мүлтіксіз орындау бойынша жұмысты жалғастырады», - делінген ресми хабарламада.