Грузия президенті Саломе Зурабишвили елде өткен парламенттік сайлауда бұрмалаушылық барын айтты. Сайлау нәтижесі бойынша «Грузия арманы - демократиялық Грузия» билеуші партиясы жеңіске жеткен болатын, деп хабарлайды Ulys.
«Біз өте ерекше нәрсеге куә болдық. Бұл - алаяқтық, сіздердің дауыстарыңызды ұрлау, сайлауды бұрмалау үшін барлық қаражатты пайдалану», - деді Зурабишвили.
Бұған дейін Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Грузияда өткен парламенттік сайлаудың заңсыздығын көрсететін фактілерді ешкім ұсына алмайтынын айтқан болатын.