Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті табылды. Бұл туралы BILD басылымы жазды.
Германияда қазақстандық бұрынғы судья өлтірілді, оның Ресейден келген енесі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BILD Telegram арнасы.
«Бұған дейін 40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, жуырда Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі Эрлахе карьерінен табылды. BILD хабарлауынша, мәйіт полиэтилен пакетте болған, ал әйел өлім алдында зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір 35 тергеуші кісі өлтіру оқиғасын ашумен айналысып жатыр. », - делінген хабарламада.
Сайлыбаевамен бір уақытта оның енесі Наталья Донцованың жоғалып кеткен. Ол 4 маусым күні немересін балабақшадан алып, үйіне әкелгені белгілі болды. Содан бері әжесі көрінбеген. BILD мәліметінше, баланың өзі аман, туыстарының қамқорлығына берілген.