Валюта бағамы
  • USD -

    516.1
  • EUR -

    546
  • RUB -

    5.23
Геннадий Головкин тағы бір жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ҰОК 26 қыркүйек 2024
Геннадий Головкин тағы бір жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды, деп хабарлайды Ulys.

Жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі. Сонымен қатар, оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі - боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату болмақ.

«Жеке өзім үшін, Қазақстан үшін және барша спорт әлемі үшін боксты олимпиадалық спорт түрі ретінде сақтап қалу маңызды және бұл менің жұмысымдағы ең басты басымдық болмақ.Сондай-ақ, бокс олимпиадалық  құндылықтарға сай, әділ әрі ашық болуы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнатуды көздеп отырмын.Менің кәсіби спортшы ретінде жиған тәжірибем World Boxing жұмысын бір жүйеге келтіреріне сенемін және күшімізді біріктіре отырып, бокстың дамуына жаңа серпін бере аламыз. Бірақ алда біз атқаратын жұмыс көп», - деп атап өтті Геннадий Головкин.

World Boxing президенті Борис ван дер Ворсттың айтуынша, Геннадий Головкинмен әріптестік орнату ұйымның алға қойған мақсаттарын тиімді орындауға жол ашады.

«Олимпиадалық бокста да, кәсіби бокста да сәтті өнер көрсеткен адам ретінде ол боксты олимпиадалық қозғалыста қалдырудың бұл спорт түрінің әрі қарай дамуы үшін аса маңызды екенін жақсы түсінеді. Бұл әуесқой бокс үшін де, кәсіби бокс үшін де қажет. Боксты  олимпиадалық спорт түрлері қатарында қалдырып, аталған спорт түрін дамытудағы ортақ миссияларымызды орындау үшін онымен бірлесе жұмыс істейтін мүмкіндікті асыға күтемін», - деп пікір білдірді Борис ван дер Ворст. 

Айта кетелік, World Boxing Геннадий Головкиннің кандидатурасын алғашқылардың бірі болып бекітті. 

RELATED NEWS
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады
09 шілде 2024
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды
31 тамыз 2024
Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды

Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлде алды, деп хабарлайды Ulys Паралимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі. 

Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
04 қыркүйек 2024
Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі. 

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.