Валюта бағамы
  • USD -

    529.7
  • EUR -

    551
  • RUB -

    5.15
Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалды
Olympic.kz 30 мамыр 2024
Геннадий Головкин жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада Комитеті Olympism 365 Комисиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах мырза Қазақстан ҰОК-ке ресми хат арқылы хабарлады. 

«Сізді Комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін Сізге алдын ала алғыс білдіремін», - делінген хатта. 

ХОК комиссияларын оның президенті Томас Бах құрады және ХОК-тың қызметін үйлестіріп, стратегияларын жасақтап, сондай-ақ, шешім қабылдау үшін ұйымның Атқару комитеті мен жұмыс сессияларына ұсыныстар енгізетін ХОК-тың жұмыс органдары болып табылады.

Olympism 365 комиссиясы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды фактор ретінде спорттың рөлін күшейту үшін жұмыс істейді.

Olympism 365 стратегиясы Олимпиадалық қозғатыстың ішіндегі және одан тыс көптеген серіктестермен әріптестік орнату жолымен жүзеге асады. Жобаның басым бағыттары халықтың денсаулығы мен дене шынықтыру белсенділігін жақсарту, әділеттілік, қауіпсіздік және инклюзивтілік қағидаттарын нығайту, бейбітшілікті сақтау және білім беру арқылы спорттың әлеуметтік мәні мен олимпиада принциптерін көрсетеді. 

Комиссия құрамына ХОК мүшелері, Олимпиадалық қозғалыстағы  танымал функционерлері,  сондай-ақ, Иорданияның тақ мұрагері, ханзада Фейзал Әл Хуссейн, Халықаралық жеңіл атлетика  федерациясының президенті Себастьян Коэ, Катар ҰОК президенті, шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл Тани, сондай-ақ, белсенді спорт қайраткерлері мен танымал олимпиадашылар бар. 

 

RELATED NEWS
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды
09 қазан 2024
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

 Ұлытау облысын Берік Әбдіғалиұлы басқарған еді. Ол бүгін Президент жарлығымен қызметінен босатылды. 

Дастан Рыспеков 1984 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматының Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды. Содан кейін МСМ Туризм индустриясы комитетін басқарды.

Ал 2023 жылғы тамыздан күні бүгінге дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болды.

Мемлекет басшысы сыртқы саясаттағы бірқатар кадрды ауыстырды
16 мамыр 2024
Мемлекет басшысы сыртқы саясаттағы бірқатар кадрды ауыстырды

ҚР Президенті бірқар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды. Ал оның орнына Қайрат Омаров тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Президенттің тағы бір Жарлығымен Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Бұдан бөлек Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Марат Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалды
04 қазан 2024
Марат Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалды

Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Марат Қожаев енді сенатта депутат болады.Тиісті Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ulys.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», - деп хабарлады бүгін, 4 қазан күні Ақорда.

Айта кетейік, президент бүгін Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттілігін тоқтатқан болатын. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.