Валюта бағамы
  • USD -

    475.7
  • EUR -

    563
  • RUB -

    6.29
Гендерлік саясаттың қарқыны
shyndyq.kz 21 маусым 2024
Гендерлік саясаттың қарқыны

Әйел – қоғамның қозғаушы күші 

Қазақтың  ешқашан әйелдерді қоғамнан аластатып, тұмшалап ұстамауы – олардың қолынан бәрінің келетініне сенгенінен. Бүгінде әйелдер бизнесте, саясатта, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өнуіне өз үлестерін қосуда. Осыған орай Қазақстандағы ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп мәселелерді көтеріп, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға барынша атсалысуда. Оның негізгі міндеттеріне тоқталсақ: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер қабылдау.

Осыдан біраз жыл бұрын гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, Елбасы Жарлығымен гендерлік саясат қабылданды. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан әйелдерінің съезі нәзік жандылардың ел дамуындағы маңызды рөлін тағы да дәлелдеп, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың одан әрі даму бағытын айқындай түсті. 

Гендерлік саясат аясында атқарылып жатқан істер көп

Елімізде қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік деңгейдегі Гендерлік саясат институты жұмыс істейді. Оған әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері бойынша Ұлттық комиссия басшылық етуде. Сонымен қатар, елімізде гендерлік статистика мен сараптама механизмі енгізілген, әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталықтары құрылған. Одан бөлек әйелдердің кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған арнайы шаралар да қолға алынды. Осы орайда бүгінде қазақстандық бизнес саласындағы нәзік жандылардың үлес салмағы 40 пайызға жеткендігін де атап өтейік.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаеваның өткен жылды қорытындылау барысында айтқан сөзінде бір жылдың өзінде біраз іргелі істер жүзеге асырылғанын жеткізді. Негізгілеріне тоқтала кетсек: Ұлттық комиссия сарапшыларының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленіп, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбандарына тегін құқықтық және психологиялық көмек көрсету үшін "One Stop Service" жобасы іске қосылып, жоба аясында әйелдер мен балаларға қатысты 36 қылмыстық іс бойынша қолдау көрсетілген. Әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі істермен айналысатын адвокаттар мен заңгерлерге арналған арнайы әдістеме әзірленіп, мамандарға қолдануға ұсынылған.  Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайларына жедел әрекет ету алгоритмі дайындалып, мемлекеттік органдардың тәжірибесіне енгізілді. 

 Қазіргі таңда елімізде отбасы, гендерлік саясат және демография мәселелері бойынша 12 зерттеу ұйымын біріктіретін ұлттық консорциум құрылған. Әйелдерді қолдауға және оларды қоғамдық және саяси өмірге тартуға бағытталған «Томирис» ұзақ мерзімді білім беру жобасы әзірленіп, оның аясында 560 белсенді дәріс алды. Әрі Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығы құрылып, жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, шалғайдағы елді-мекендерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары, отбасын қолдау орталықтары және зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары ашылып, анықтама үшін "сенім телефоны" іске қосылған.

Сандар не дейді... 

Мемлектіміз әйелдердің саясатқа көптеп араласуын назардан тыс қалдырып отырған жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадрлық резервінің форумында мемлекеттік аппараттың 55 пайызын әйелдер құрайтынына қарамастан, тек 39 пайызы басшылық қызметтерде отырғанын атап өткен. Бүгінде  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде 29 әйел депутат бар. Ол жалпы Мәжіліс депутаттарының 20%-ы болып табылады. Бір вице-премьер, 3 министр әйел өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда.

Алайда гендерлік теңдік тұрғысындағы мемлекетіміздің қолға алып отырған шараларына қарамастан гендерлік саясаттың дамуына бірқатар факторлар кедергі келтіруде. Қоғамда әйел еркектен төмен болуы тиіс деген таптаурын болған ұғым әлі де сақталуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында гендерлік саясатты әрі қарай дамытуда қоғамдағы еркек пен әйелдің теңдігі турасындағы ұғымды көпшіліктің санасына сіңдіру қажет. Сондай-ақ бұл мәселеде дамыған елдердің тәжірибелерінен үйренгеннің де артықтығы жоқ.    

Шетелдердегі жағдай

Қазіргі таңда әлемнің 60-тан астам мемлекетінде  әйелдерге арналған сайлау квотасы туралы заң қабылданған. Мәселен, Финляндияда заң шығарушы органдардағы әйелдер қауымының үлесі 40 пайыздан кем болмауы тиіс. Швецияда да саяси партиялардың   тізіміндегі ерлер мен әйелдер  үлесінің тепе-теңдігі сақталған.  Бұл ел билік тетіктеріндегі нәзік жандылардың саны бойынша әлемде төртінші орында тұр және Парламенттегі депутаттардың 45 пайызын әйелдер құрайды. Франция мен Норвегияда да қазіргі қолданыстағы заң партияға үміткерлер арасындағы ер мен әйелдің тепе-теңдігін қамтамасыз еткен. Германиядағы Христиандық-демократиялық одақ партиясының құрамындағы әйел азаматтарға арналған квота 33 пайызды құрайды. Мұның бәрі өз кезегінде әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған саяси бағдарламаларды жүзеге асыруға  ықпал ететіндігі сөзсіз.

Алайда Шығыс және Орталық Еуропа елдеріндегі жағдай бұған біршама кереғар сияқты. Таяуда Ашық қоғам институты мен  Румыния астанасы Бухаресте орналасқан Әріптестік және Теңдік орталығы Шығыс және Орталық Еуропадағы ерлер мен әйелдердіғң алатын жалақылары  мен саясаттағы теңсіздіктері туралы бірлескен зерттеу жұмыстарын жариялады. Зерттеу қорытындысына сүйенсек,  кей  мемлекеттерде нәзік жандылар  ер-азаматтардың  жалақыларының  үштен екісін ғана  алады екен. Бұл елдердің барлығында  әйелдер  жетекші саяси лауазымдардың аз ғана бөлігіне ғана ие болып отыр.

Былай алып қарағанда,  аталған  елдердің (Словакия, Болгария, Греция, Албания, Чехия, Польша)  бәрі Еуроодақ стандарттарына жақын келетін әйел адамдардың теңдігіне кепілдік беретін заңдар шығарған. Дейтұрғанмен, өкінішке қарай  аймақта жұмыс пен жалақы, сонымен қатар лауазымды қызмет атқару мәселелері бойынша әйелдердің теңсіздігі анық байқалып отыр. «Біз Еуроодаққа мүше  мемлекет  үкіметтерінің уәделері  қалай жүзеге асырылып жатқандығын ұдайы назарда ұстап отырамыз. Бұл елдердің барлығы әйелдердің теңдігіне қатысты заңдар шығарғанымен,  олардың бәрі қағаз жүзінде қалып отыр.  Заң бойынша, жұмыс орындарында қыз-келіншектерге бірдей мүмкіндіктер берілуі тиіс. Алайда, жұмыс орындарында әйелдерге бұрындары  көзқарас  қандай болса,  қазір де сол күйінде қалған».  Бұл орталық  жетекшісі Роксана Тешиюдің пікірі.

Қорыта келгенде біздің елде Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында біраз істер атқарылуда. Барлық мемлекеттік органда гендерлік саясатты іске асыруға жауапты тұлғалар белгіленіп, жүйелі түрде еңбек етуде.

RELATED NEWS
Сәттілік формуласы: ұтыс, үміт және әлеуметтік жауапкершілік
11 ақпан 2026
Сәттілік формуласы: ұтыс, үміт және әлеуметтік жауапкершілік

Қазақ қоғамында «бақ» ұғымы әрқашан еңбектің, сабырдың және сенімнің серігі ретінде қабылданған. «Сабыр түбі – сары алтын» дейді халық. Жақында 37 855 200 теңге көлеміндегі ұтыс иесін тапқанда, бұл мәтел тағы бір мәрте өзектілігін дәлелдегендей болды. 5/36 лотереясының жаңа миллионері – Алматы қаласының тұрғыны Нұрбол. Ол 15 жыл бойы лотерея ұтыстарына тұрақты түрде қатысып келген. Бір қарағанда, бұл жай ғана статистикалық сәттілік сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ 15 жыл деген – табандылықтың өлшемі, үміттің үзілмеген уақыты.

Нұрболдың «бұл күнді ұзақ күттім» деген сөзі – жеке адамның қуанышы ғана емес, қоғамдағы сенім феноменінің көрінісі. Әр билет – мүмкіндік. Бірақ мүмкіндік пен жауапкершілік қатар жүргенде ғана оның әлеуметтік салмағы артады.

Ұлттық деңгейдегі лотерея нарығында бұл бағытты айқындап отырған құрылым – «Сәтті Жұлдыз». Ұлттық лотерея Президенті Лыткина Мария Владимировна ірі ұтыстардың әрдайым жүйелі әлеуметтік жұмысқа ұласатынын атап көрсетеді. Оның сөзінше, әрбір сатылған билет – тек ұту мүмкіндігі емес, қоғам дамуына қосылған нақты үлес. Бұл жерде маңыздысы – бизнес-модельдің өзегіне 10% әлеуметтік аударымдардың енгізілуі. Операциялық ойын кірісінің 10% отандық спортты дамытуға, тағы 10% «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорына және 3% креативті индустрияның дамуына қолдауға  бағытталады.

Бұл – жай статистика емес. Әлеуметтік капиталды қалыптастырудың нақты тетігі. Мәселен, 9–28 ақпан аралығында өтетін «Марафон Charity» қайырымдылық акциясы аясында жиналған қаражаттың бір бөлігі «100 ауыл» жобасын қолдауға жұмсалады. Бүгінгі таңда осы жоба арқылы 30 000-нан астам бала және 140 мектеп спорттық инвентарьмен қамтылған. Бұл – құрғақ есеп емес, ауыл баласының қолына тиген доп, мектеп ауласында орнатылған турник, қозғалысқа түскен өмір.

Лотерея тек ұтыс механикасымен шектелмейді. Мәселен, «LOTO 6/49» тираждық форматы – лотерея мәдениетін құрылымдаудың мысалы. Қатысушы 1-ден 49-ға дейінгі сандар арасынан комбинация жинайды, автотаңдау мүмкіндігі бар. Әр билет бойынша ұтыс сомасы 500 - 50 000 000 ₸ аралығында белгіленген. Ал супер жүлде – 50 000 000 ₸. Келесі тираж 915 нөмірімен 11 ақпан 2026 жылы, 22:00-де тікелей эфирде өтеді. Бұл ашықтық пен жариялылық қағидатының сақталғанын көрсетеді.

Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, Ұлыбританиядағы National Lottery жыл сайын әлеуметтік жобаларға миллиардтаған фунт бағыттайды. Францияда FDJ ұлттық мәдени мұра объектілерін қалпына келтіруге қаржы бөледі. АҚШ-та штаттық лотереялар білім беру қорларын толықтырудың маңызды көзіне айналған. Яғни, лотерея – тек көңіл көтеру емес, қоғамдық қаржыландыру құралы.

Қазақ ойшылы Абай «Пайда ойлама, ар ойла» деген. Қазіргі лотерея нарығында бұл ұстаным бизнестің жаңа этикасына айналуы тиіс. Егер табыс қоғамға қайтса, онда лотерея әлеуметтік келісімнің бір бөлігіне айналады. «Ұтыс – жеке тарих, бірақ оның артында ортақ құндылықтар тұруы керек» деген тұжырым осыдан туындайды.

Әрине, сын да бар. Лотерея – тәуекел. Бірақ тәуекел мәдениеті қалыптасқанда, ол жауапкершілікпен өлшенеді. Қоғамдық бақылау, ашық есеп, нақты пайыздық аударымдар – осы сенімнің тіректері.

37 855 200 теңге ұтып алған Нұрболдың оқиғасы – жеке адамның жеңісі. Ал 50 000 000 ₸ көлеміндегі супер жүлде – келесі мүмкіндіктің символы. Бірақ 30 000 бала мен 140 мектепке жеткен спорттық құрал-жабдық – жүйелі әлеуметтік саясаттың нәтижесі.

Қазақ әдебиетінде Сәкен Сейфуллин «Өмір – күрес» деген еді. Бұл күрес тек жеке табыс үшін емес, ортақ игілік үшін де жүруі керек. Лотерея саласының болашағы да осы теңгерімде жатыр: мүмкіндік пен міндеттің, ұтыс пен үлестің, жеке қуаныш пен қоғамдық жауапкершіліктің тоғысында.

Сәттілік – кездейсоқтық емес. Ол сеніммен, жүйемен және ортақ құндылықтармен бекітілгенде ғана тұрақты модельге айналады. Бәлкім, келесі 50 000 000 ₸ иегері басқа бір қала тұрғыны болар. Бірақ маңыздысы – әр билеттен қоғамға қайтатын үлес. Себебі ұлттың ұтысы – бір адамның байлығы емес, ортақ дамудың қарқыны.

 

Сенбеген жеңіс: Алматыдағы студент қыздың күтпеген бақ жолы
26 наурыз 2026
Сенбеген жеңіс: Алматыдағы студент қыздың күтпеген бақ жолы

Кейде өмірдің өзі адамға сценарий жазып береді. Әсіресе ол сценарий күтпеген жерден басталып, бір сәтте тағдырдың бағытын өзгертіп жіберсе, оған сену де оңай емес. Бүгінгі кейіпкеріміз — Карина. Батыс Қазақстан облысынан Алматыға келіп, оқу мен жұмысын қатар алып жүрген қарапайым студент қыз. Бірақ дәл осы қарапайым өмірдің арасында оның басынан өткен оқиға көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Карина — үлкен қалаға арман қуып келген жастардың бірі. Алматыға қоныс аударғанына көп болмаған. Қазір оқып жүр, сонымен қатар қосымша жұмыс істейді. Яғни, оның күнделікті тіршілігі мыңдаған студенттің өмірінен айтарлықтай ерекшеленбейді: сабақ, жұмыс, күйбең тіршілік. Бірақ бір кешкі қоңырау оның өміріне жаңа парақ ашты.

«Шынымды айтсам, маған кешкі уақытта хабарласты. Жеңіске жеткеніме мүлдем сенбедім. Қазір көп нәрсені алаяқтық деп қабылдаймыз ғой, мен де дәл солай ойладым», — дейді Карина.

Оның күмәні орынды еді. Бүгінгі цифрлық заманда адамдар кез келген күтпеген жаңалыққа сақтықпен қарайды. Әсіресе, «сіз ұттыңыз» деген хабарламалар көбіне күдік тудырады. Карина да алғашында бұл жағдайды шынайы деп қабылдамаған. Бірақ ол эмоцияға берілмей, нақты әрекетке көшеді.

«Кейін барлық сайттарды, Instagram парақшаларын тексердім. Маған келетін мекенжайды нақты айтты. Содан кейін ғана барып, осы жерге келдім», — дейді ол.

Бұл — қазіргі жастардың жаңа мінезі. Олар сенуден бұрын тексереді. Ақпаратты сүзгіден өткізеді. Карина да дәл солай істеді. Жеңістің шын екеніне көз жеткізу үшін бірнеше дереккөзді қарап, барып көз жеткізген.

Алайда ол әлі де сенер-сенбесін білмей отырғанын жасырмайды.

«Енді ғана бұның шындық екеніне көзім жеткендей. Бірақ әлі де толық сене алар емеспін», — дейді ол күлімсіреп.

Каринаның айтуынша, ол лотерея әлеміне жақында ғана қызыға бастаған. Бұрын бұл бағыт оған мүлде қызық болмаған.

«Лотереяға қатыса бастағаныма көп болған жоқ. Loto 6/49 лотереясынан қатыстым, бірнеше рет TeleBingo-ға қатыстым. Бұрын ешқашан ештеңе ұтып көрмегенмін. Тіпті қызықпайтынмын да», — дейді ол.

Бұл қызығушылықтың пайда болуына оның әпкесі себепкер болған.

«Жақында ғана қызығушылығым оянды. Өйткені әпкем лездік лотереялар сатып алады. Сосын бізге онлайн қатысуға да болатынын айтты. Сол кезде қосымшаны жүктеп, тіркеліп, өз бақытымды сынап көрейін деп шештім», — дейді Карина.

Оның бұл қадамы — бүгінгі цифрлық дәуірдің айқын көрінісі. Қазір кез келген мүмкіндік смартфон арқылы қолжетімді. Ал адам тек батылдық танытып, әрекет етсе жеткілікті.

Ең қызығы — Карина бұл жаңалықты әлі ешкімге айтпаған.

«Әзірге ешкімге айтқан емеспін. Бұл ата-анам үшін тосынсый болғанын қалаймын», — дейді ол.

Бұл сөздерден оның қарапайымдылығы мен отбасына деген құрметі анық байқалады. Көп адам мұндай жаңалықты бірден жария етер еді. Ал Карина үшін ең маңыздысы — ата-анасының қуанышы.

Оның алғашқы жоспары да осыған байланысты.

«Әрине, ата-анама көмектесемін. Оқу ақысын төлеймін. Қалғанын әлі нақты білмеймін», — дейді ол.

Бұл жауапта үлкен өмірлік ұстаным жатыр. Яғни, кездейсоқ келген табысты тек жеке қажеттілікке емес, отбасылық құндылықтарға бағыттау. Бұл — қазақы тәрбиенің айқын белгісі.

Карина өзінің жеңісін «сәттілік» деп бағалайды. Бірақ оның сөздерінің астарында бір ғана сәттілік емес, белгілі бір батылдық та жатыр. Өйткені ол жаңа мүмкіндікті байқап, әрекет етті.

«Әрине, егер бір рет жолым болса, тағы да жеңіске жетемін деп ойлаймын. Сәттілік тек қана сәттілік тілеймін», — дейді ол.

Каринаның оқиғасы — бүгінгі жастар үшін маңызды сигнал. Біріншіден, кез келген ақпаратты тексеру керек. Екіншіден, мүмкіндікке сену үшін әрекет қажет. Үшіншіден, табыс келген жағдайда оның құнын түсініп, дұрыс бағытқа жұмсау маңызды.

Бұл оқиғада романтика да, реализм де бар. Бір жағынан — күтпеген жеңіс. Екінші жағынан — күмән, тексеріс, нақты әрекет. Үшінші жағынан — қарапайым армандар: ата-анаға көмектесу, оқуын жалғастыру.

Сондықтан Каринаның хикаясы — жай ғана лотерея туралы әңгіме емес. Бұл — қазіргі қазақстандық жастың портреті. Сенім мен күмәннің, мүмкіндік пен жауапкершіліктің, арман мен шынайылықтың тоғысқан тұсы.

Ал өмірдің басты парадоксы — кейде ең үлкен өзгерістер дәл сенбеген сәтте басталады.

ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС
30 шілде 2025
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС

Кейбір күндер бар. Таңмен таласа тұрып, кешке дейін күйбең тірлікпен өтіп кетеді. Ал кей күндер бар – өмірдің беталысын басқа арнаға бұрады. 20 шілде сондай күн болды. Себебі дәл сол күні TeleBingo ойынының эфирінде бір емес, екі бірдей тағдыр өзгерді. Бірі – астаналық Ғалымжан, екіншісі – Түркістан облысының тұрғыны, Вера есімді үй шаруасындағы әйел.

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – жүрекке үміт, көзге қуаныш, өмірге өзгеріс сыйлаған сәт.

6 842 242 теңге. Бір сәтте келген жеңілдік

Мұнай мен газдың арасында жүріп, күнде еңбек етіп жүрген Ғалымжан – елорда тұрғыны. TeleBingo, LOTO 6/49 және 5/36 секілді лотереялардың бұрыннан қатысушысы. Бұл жолы да сәттілік қасынан табылды. Тура 6 842 242 теңге. Бұл – тек ақша емес, бұл – еркін тыныс, жеңіл дем, болашаққа деген сенім.

"Үлкен қызығушылықпен қатысамын. Бірақ жауапкершілікті де ұмытпаймын. Әрине, мұндай жеңіс қуаныш пен жеңілдік сезімін әкеледі", – дейді Ғалымжан. Үйленген, екі баланың әкесі. Бұл ақша – тек өзіне емес, отбасының болашағына салынған инвестиция. Қарыз жабылады, күнделікті шығын реттеледі.

Жеңіс – еңбекпен үйлескенде ғана шынайы бақытқа айналады.

Төлеби ауданы. Үй шаруасындағы әйел. 15 миллион теңге.

Вераның оқиғасы тіпті киноға сұранып тұрғандай. Жәй ғана әйел. Жәй ғана ана. Үш баланың анасы. Жолдасының сүйеніші. Әжесінің күтушісі. Алғашқы лотерея билетін үш ай бұрын ғана сатып алған. Бұрын-соңды мұндайға қатыспаған. Бірақ іштей бір үмітпен сатып алған. Сол үміт ақталды.

Теледидардан пәтер ұтысы жайлы естігенде, сене алмады. Ұлттық лотереяның call-орталығына өзі хабарласып, тексеріп көрді. Сосын ғана Шымкенттегі "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне барып, ұтысын рәсімдеді. Бірақ пәтер емес, 15 000 000 теңге ақшалай сыйлықты таңдады. Себебі өмірдің жоспары кейде пәтерден де кең.

"Негізі менің жолым болды. Ал әрі қарай не боларын өмір өзі көрсетеді", – дейді Вера күлімдеп. Бұл күлкі – ішкі сенімнің, жүрек қуанышының бейнесі.

Лотерея – үміттің екінші аты

Кейде біз лотереяны тек сәттілік ойыны деп қабылдаймыз. Бірақ әрбір билет – бір тағдыр. Әрбір тираж – жаңа тарау. TeleBingo, LOTO 6/49, 5/36 – бұл сандар ғана емес. Бұл – қарапайым адамдардың ерекше оқиғалары. Бұл – еліміздің түкпір-түкпіріндегі үміт сәулесі.

"Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біз әрқашан лотерея қатысушыларына қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлауға дайынбыз. Әрбір жеңіс – бұл жай ғана сәттілік емес, шабыт беретін және армандарға сенім ұялататын шынайы оқиға", – деді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.

Бұл сөздің астарында – жүздеген, мыңдаған тағдырдың үні жатыр.

29 шілде. Тағы бір мүмкіндік.

Жеңіс есігін қаққан сәт – қайта айналып соғуы мүмкін. Ол үшін бір ғана билет жеткілікті. 29 шілдеде "Сәтті Жұлдыздың" YouTube арнасында тікелей эфирде LOTO 6/49 қатысушылары арасында отбасылық кроссовер ұтысы өтеді. Қатысу үшін 3 000 теңгелік билет сатып алу жеткілікті. Билеттер сауда нүктелерінде және sz.kz сайтында қолжетімді.

Бұл тек темір мен дөңгелек емес. Бұл – отбасыға арналған жаңа саяхат. Жаңа бетбұрыс.

Бір билет – бір өмір

Ғалымжан мен Вераның хикаясы – лотереяның жай ойын емес екенін дәлелдейді. Бұл – сенім мен шабыттың, үміт пен болашақтың тоғысқан тұсы. Кейде тек бір билет – өмірдің бағытын түбегейлі өзгертіп жібереді.

Ulys.kz оқырмандарына айтарымыз: сәттілік күтпеген сәтте келеді. Бірақ оған дайын болу – өз қолыңызда.

Ал сіздің билетіңіз дайын ба?