Валюта бағамы
  • USD -

    525.5
  • EUR -

    541
  • RUB -

    5.25
Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін әлем чемпионатында Аргентинамен кездеседі
Фото: ҚФФ 30 қыркүйек 2024
Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін әлем чемпионатында Аргентинамен кездеседі

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында 2016 жылғы жаһандық доданың жеңімпазы – Аргентина футзалшыларымен ойнайды. Матч елорда уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойын Ташкенттегі «Хумо Арена» спорт кешенінде өтеді.

Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Испания, Жаңа Зеландия және Ливия құрамаларымен D тобында ойнады. Үш турда 7 ұпай жинап, топтан екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/8 финалда 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Португалия құрамасынан басым түсіп (2:1), ширек финалға жолдама алды.

Аргентина футзалшылары С тобында Украина, Ауғанстан және Ангола құрамаларымен сынға түсіп, 9 ұпаймен өз тобында көш бастады. Ал плей-офф кезеңінде Хорватияны 2:0 есебімен жеңіп, ширек финалда Қазақстанға қарсылас атанды.

Қазақстан мен Аргентина футзалшылары бүгінге дейін екі мәрте кездесіп, екі құрама бір-бір мәртеден жеңіске жеткен. 2016 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында аргентиналықтар 1:0 есебімен жеңіске жетсе, жуырда ғана Алматыда ұйымдастырылған жолдастық кездесуде біздің жігіттер 3:2 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері (1999, 2000). 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында 4-орын алды. Сондай-ақ қатарынан төртінші мәрте әлем чемпионатына қатысып келеді (2000, 2016, 2021 және 2024).

 

 

RELATED NEWS
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады
09 шілде 2024
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
04 қыркүйек 2024
Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі. 

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды
31 тамыз 2024
Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды

Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлде алды, деп хабарлайды Ulys Паралимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.