Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасында неге ойнамайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚТФ сілтеме жасап.
«Уимблдон турнирінен кейін жедел бронхитпен ауырдым. Жаттығуға оралуға әрекеттенсем де, менің ағзам толықтай қалпына келген жоқ. Дәрігерлер кортқа шығуыма қатаң тыйым салды. Париж Олимпиадасында біздің құрама үшін өнер көрсетіп, ел үмітін ақтай алмайтыным өте өкінішті. Токиода медальға қол созым жерде болдым. Парижде Қазақстан үшін алтын алуға мұқият дайындалдым. Өкінішке қарай, ауру бұл жоспардың орындалуына мүмкіндік бермеді. Барлық қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік пен табыс тілеймін!» - деді Е. Рыбакина.
Бұған дейін Елена Рыбакина Олимпиадаға қатыспайтыны туралыы хабарлаған болатынбыз. Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады