Валюта бағамы
  • USD -

    488.1
  • EUR -

    530.5
  • RUB -

    5.09
Эльбрус тауын бағындырған қазақстандық жетістігін Салтанат Нүкенованың рухына арнады
14 мамыр 2024
Эльбрус тауын бағындырған қазақстандық жетістігін Салтанат Нүкенованың рухына арнады

Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрус тауын бағындырған қазақстандық тұңғыш әйел Сапфира Қанаева жетістіігін марқұм Салтанат Нүкенованың рухына арнады, деп хабарлайды Ulys Kazinform-ға сілтеме жасап.

Сапфира Қанаева жақында елге оралып, алғашқы әсерімен бөлісті. Тәжірибелі альпинистерден құралған команда өз жолын 3 мамыр күні таңертең бастап, оның шыңына бірнеше сағаттық қажырлы еңбектен кейін жетті. Қатысушылардың айтуынша, ауа райы күрделі болды және барлық топ сәтті көтерілгеннен кейін лагерьге аман оралды.

«Салтанат мен үшін тек шабыт болған жоқ. Тау шыңына көтерілу идеясы маған Кабардин-Балқардағы Теріскөлде жүргенімде келді. Онда мен Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа шығып, жеңісті Салтанатқа арнауды жоспарладым. Бойжеткеннің қайғылы өлімінің оқиғасы көптеген адамның жүрегін елжіретті. Соның ішінде мен де бармын. Мен бірдеңе істеп, тауларды жылжытып, әділдікті қалпына келтіргім келді», - деді ол.

5642 метр биіктікте орналасқан Эльбрус – көптеген альпинист үшін маңызды символ.

RELATED NEWS
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады
09 шілде 2024
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
04 қыркүйек 2024
Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі. 

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Головкин бұрыннан келе жатқан әріптесін сенімді жоғалтты деп жұмыстан шеттетті
21 тамыз 2024
Головкин бұрыннан келе жатқан әріптесін сенімді жоғалтты деп жұмыстан шеттетті

Қазақстан ҰОК бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Ulys.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды.

«Сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», - делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, Жанар Өтешова Головкин кәсіпқой бокс рингіне шығып жүргенде командасының баспасөз хатшысы болған. 2022 жылдың ортасына дейін ҰОК баспасөз және PR департаментін басқарған еді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.