Валюта бағамы
  • USD -

    514.9
  • EUR -

    599.5
  • RUB -

    6.43
Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы қашан басталады
Фото: Жетісу обл әкімдігі 06 ақпан 2025
Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы қашан басталады

Биыл Жетісу облысында 152 шақырым жол мен 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Соның ішінде 5 көпірді қайта жаңғырту, 1 көпірді орташа жөндеу, Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 15 км жолдың реконструкциясы, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» жолының 35-110 км учаскесінің жаңғырту жұмыстары, елді мекендерге кіретін жолдар, ішкі жолдар т.б. жобалар бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысы құрылғаннан бері 2023-2024 жылдары облыстық маңызы бар 391,4 км жол және 134 елді мекеннің ішкі көшелері жөнделген. Мәселен, 2024 жылы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қайта жаңартылып, «Талдықорған-Үшарал» (313 км), «Лепсі-Балқаш көлі» (27 км), «Сарыөзек-Көктал» (45-68 км, Алтынемел асуы), «Жаркент-Қорғас» (328-360 км), «Үштөбе-Көпбірлік» (78 км) бағытындағы ірі жобалар пайдалануға берілді. Сөйтіп жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы обылыстық маңызы бар автожолдардың үлесі 94%-ға жеткізілді.

Ал биыл өңірде 152 шақырым жолға, 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жасалады деп межеленген. Күрделі жөндеу шеңберінде «Сарыөзек – Көктал» автожолындағы Көнбе өзенінен өтетін жаңа көпір салу, «Сарыөзек станциясын айналып өту» автожолының жол құрылымын күшейту және ұзындығы 21 км (Мұқыры асуы учаскесі) «Қонаев – Талдықорған» автожолының жол жабынын қайта жаңарту жоспарда бар. Сонымен қатар осы жылы «Алматы облысының шекарасы - Сарыөзек кенті» (13 км), «Сарыөзек – Көктал» (112 км) және «Айдарлы-Көктал» (15 км) бағытындағы жолдар желісіне орташа жөндеу жұмыстары өткен жылдан өтпелі жоба ретінде жалғасады.

 «Жолдардың нормативтік жай-күйін сақтау мақсатында автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Облыс бойынша осындай 8 станция қойылды. Олардың 6-ы республикалық трассаларда, 2-еуі облыстық маңыздағы жолдарда орналастырылған. Мұндай станциялар жүк көліктерінің салмағын автоматты түрде өлшеп, белгіленген шектен асып кетпеуін қадағалайды», - делінген басқарманың хабарламасында.

Атап өтсек, өткен жылы өңірде автомобиль жолдарында 24,0 млн. жолаушы тасымалданып, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 8% жуық өскен. Жолдардың сапасы жақсаруына қарай биыл да бұл көрсеткіш арта түседі деп жоспарланып отыр.

«ҚазАвтожол» ҰК» АҚ ақпаратына сүйенсек, жолдардың күтімі бойынша өңірдегі республикалық маңызы бар қолданыстағы 873 шақырым жолға қысқы күтім жасалды. Бұл жұмыстарға 72 бірлік меншікті және 10 бірлік жалгерлік техника тартылды. Биылғы қысқы кезеңде көктайғаққа қарсы материалдың қажетті қоры дайындалды. Оған қоса айта кетсек, 2023 жылдан техника паркін толықтыру жұмыстары басталды, яғни бүгінгі күні мұндағы техника саны 59-ден 72-ге ұлғайды.

Жалпы облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 988 км құрайды. Соның ішінде республикалық маңызы бар – 1 034 км, жергілікті маңызы бар - 2 954 км.

RELATED NEWS
Жетісуда  майлы зығыр өсіріле бастады
28 сәуір 2025
Жетісуда майлы зығыр өсіріле бастады

Жетісу облысы Сарқан қаласының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде майлы зығыр өсіріле бастады. Егіс науқанының барысымен жұмыс сапары аясында ауданға барған облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Ғалым» шаруа қожалығында биыл100 га майлы зығыр егілді. Дәнді жүгері, соя, арпа, бидай өсіруге бейімделген бұл шаруашылық осы дақылды биыл алғаш рет сеуіп отыр.

- Зығырдың агротехникасын, тұқым нарығын зерттей отырып, біз «орташа Лирина» сортын отырғыздық. Бұл өте өнімді, құрамында майы көп сорт. Әр гектарынан 20-25 ц аламыз, ал майдың мөлшері кемінде 50% болады деп күтіп отырмыз. Аймақ аумағында майлы дақылдарды қайта өңдейтін бірнеше кәсіпорын бар екенін ескерсек, шикізатты өткізуде қиындық туындамайды деп ойлаймыз. Алдын ала келісімдер жасасып та қойдық. Сонымен қатар зығыр дәнді дақылдардың ауыспалы егісіне де пайдалы, - деп атап өтті ШҚ басшысы Ғалым Рахметқалиев.

Ауданның Алмалы ауылындағы «Жұмағали» шаруа қожалығының егістіктерінде де көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шаруашылықта егістік те, мал өсіру де қолға алынған. Мұнда 537 бас ірі қара, 600 бас ұсақ мал және 630 жылқы өсіріліп отыр.

- Биыл біз жаздық арпа, күнбағыс және бірінші рет қант қызылшасын септік. Әзірге қызылшаны 38 гектардан бастап отырмыз. Келесі жылы ұлғайту жоспарымызда бар, өйткені бұл табысты дақыл, әрі осы дақылды өсірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. «Конвиза Смарт» жоғары өнімді тұқымын сеуіп жатырмыз. Шаруашылығымызда қажетті ауыл шаруашылығы техникасы бар, дегенмен өткен жылы ауданда сервистік-дайындау орталығына арнап сатып алынған заманауи техника бізге үлкен көмек болды, осы техникалардың қызметтерін пайдаланып отырмыз. Мысалы, пневматикалық сепкіштің артықшылығы сол, автопилоты болғандықтан оның жылдамдығы жақсы, онымен күндіз де, түнде де жұмыс істей аласыз. Осы техниканың көмегімен бір күнде 30 га жер егуге болады, - дейді ШҚ басшысы Егемен Жұмағали.

Осы орайда Бейбіт Исабаев Жетісу облысында өндірілетін ауыл шаруашылығы шикізатының 65%-ы өңірде қайта өңделетінін, соның ішінде қант өндірісіне ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.  

- Мысалы, өткен жылы облыстың 5 ауданында 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылды, соның арқасында 30 шаруа қожалығы қант қызылшасын өндіруге қажетті жалпы сомасы 2,5 млрд.теңгеге 62 бірлік техника сатып алуға мүмкіндік алды. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін, өнімділікті арттыру үшін озық технологияларды меңгеру керек. Бұған заманауи ауыл шаруашылығы техникасы да үлкен ықпал етеді, - деді облыс әкімі.

Өткен жылы Сарқан ауданында 3 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылды, оларға 4 сепкіш, 3 қызылша комбайны және 3 пәлек жинайтын машинасы сатып алынды. Қазір ауданда 6 СДО жұмыс істейді, онда 30-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар. Ауданда қант қызылшасын өсірудің агротехнологиясы дамығанын ескерсек, өткен жылы тәтті түбір алаңы 2 есеге ұлғайтылды, ал биыл тағы 900 гектарға артады. Осылайша, Сарқан ауданында бұл дақылдың алқабы 3,8 мың гектар болмақ.

Жалпы осы жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 45 млрд.теңге бөлінді, оның 27 млрд. теңгесі немесе 59% – субсидия.

Қазақстанның ең ұзын лағманы: Алматыда жаңа рекорд орнатылды
01 мамыр 2025
Қазақстанның ең ұзын лағманы: Алматыда жаңа рекорд орнатылды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматының Жетісу ауданында бірегей іс-шара өтті.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Айнабұлақ» шағын ауданындағы № 4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел тарихындағы ең ұзын — 1704 метр болатын лағман дайындалды және бұл факт Қазақстанның Рекордтар кітабында ресми тіркелді. Жалпы 19 келі ұннан қамыр иленіп, 50-ден астам аспаз тағамды екі сағаттың ішінде дайындаған.

— Аспаздардың алдында қамырды жыртып алмай дайындау міндеті тұрды. Қиындықтарға қарамастан біздің аспаздар оны өте жақсы дайындады, — деді Жетісу ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Омарова.

 

Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақырды
23 маусым 2025
Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақырды

2015 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады.

Аталған Конвенцияға қатысу қазақстандық құқық қорғау органдарына қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға, заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға, қылмысқа қарсы күрес және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 46 еуропалық мемлекетпен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы заңдылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді.

Сонымен қатар, аталған көпжақты халықаралық құжатқа қосылу Қазақстанды қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында әрбір еуропалық мемлекетпен жеке екіжақты шарттар жасасу қажеттілігінен босатады.

Айта кету керек, Қазақстан осы Конвенцияға қосылу үшін 20 жылдан астам уақыт бойы қадамдар жасап келеді, алайда бұрынғы өтінімдер Еуропа Кеңесіне мүше кейбір мемлекеттердің қарсылықтарына байланысты үнемі қабылданбаған.

Мұндай шақыртуды алу Қазақстанның қылмыстық құқықтық жүйесіне, оның ішінде заң үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына еуропалық қауымдастық тарапынан сенімнің белгісі және қазақстандық прокурорлар мен дипломаттардың көпжылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.